15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен- өзелімнің патриотымын
Сабақтың тақырыбы: Мен- өзелімнің патриотымын
Сабақтың мақсаты: 1. Тақырыппен таныстыру
2. Балаларға Отанын,жерін,достарын сүюдің, құрметтеудің,қадірлеудің мағынысын түсіндіру.
3. Өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер,буклеттер, Ту, ЕХРО -ның макеті
Сынып сағатының барысы:
-
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Егер әлемнің картасын алып қарасақ, Еуразия
материгінің дәл жүрегінде мен үшін өте ыстық, өте әдемі жер
орналасқан- ол
Қазақстан.
Біз үшін Қазақстанның қыр жерлері де, суық
аяздары да, терең сулары да қымбат, осы жерде менің ата-
бабаларымызтуып - өскен, олардың тарихы біздің тарихымыз, олардың
туған тілі - біздің
тіліміз.
Біздің еліміз ерекше ел, өйткені тек
біздің елде бір жүзден астам халықтар тату тәтті өмір сүреді, тек
біздің елде, мамырдың бірі күні үлкен халықаралық мереке болады,
барлық елдер өз ұлттық киімдерін киіп, өз ұлттық тағамдарын
дайындап әр түрлі тілдерде өлеңдер айтып, би билейді, тек біздің
елде сондай жоғары деңгейде наурыз деген керемет мереке
тойланады.
Біздің еліміз ерекше, өйткені біздің елімізде
ұлы адамдар өмір сүрген, ол Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Сәкен
Сейфулин, Қаныш Сәтбаев, Мағжан Жұмабаев және тағы да көптеген
бүкіл әлемге әйгілі
адамдар.
Біздің еліміз үшін Әлия, Мәншүк деген батыр
қыздар өз жандарын аяған жоқ, біз өз жерлестерімізбен
мақтанамыз.
Қазақстанда тұратын адамдар да басқаша:
мейірімді, қонақжайлы,
тәрбиелі.
Тек біздің елімде Алматы қаласында сондай
дәмді, жұпариісті алмалар өседі, тек біздің қазақ әжелеріміздің
бауырсақтары сондай тәтті болады, тек біздің суреттерімізде жасыл
шөптің үстінде әдемі жылқылар жайылып жүреді, киіз үйдің қасында
үстелдің басында көп адамдар шәй ішіп отырады, барлық осы жағдайлар
біз үшін қымбат, біз үшін
ыстық.
Алғаш рет бала бақшада болған кезде, біз
қолымызды жүрегімізе қойып Қазақстанның әнұранын айтамыз, сол
кезде жүрегімізде, сезімімізде бір сөз айтылмайтын сезім пайда
болады, мақтаныш па? қобалжу ма?... осы сезім біздің
жүрегімізде мәңгілікке қалады, әр дүйсенбі күні мектепте әнұранды
айтқанда, біздің ішкі дүниемізден көптеген сезімдер
өтеді:отансүйгіштік, ел үшін мақтаныш, осының барлығы болмау мүмкін
деген қорқыныш
билейді.
Теледидардан Азия олимпиадаларын қараған
кезде, біздің туымыздың бірнеше рет көтерілуін көргенде, біздің
бақыттан жылағымыз
келеді.
Біз өз отанымызбен мақтанамыз, жазғы демалыс
күндері біз Астана қаласында болдық, зәулім сарайларды, керемет
ғимараттарды көріп таң қалдық. Байтерекке көтеріліп Нұрсұлтан
атамыз қолын салған ізге қолымызды қойып, жан-жағымызға қарағанда,
Астананың соншалық әсемділігіне, кереметтілігіне қуандық, өз
еліміз, өз халқыз үшін, «қандай біз бақытты елміз, бізде осындай
танғажайып Астанамыз бар»- деп
қуандық.
Астанада біз бірнеше күн болдық, елімізде
өтіп жатқан халықаралық
ЕХРОкөрмесіне барып, ондағы түрлі елдердің
көрмелерін тамашаладық. Болашақтың энергиясы тақырыбы бойынша өтіп
жатқан көрмеде еліміздің мәртебесінің биік екеніне көз
жеткіздік..
Бізде бірнеше арман
бар:
Біріншіден, Қазақстан халқының денсаулығы жақсы болсын, адамдардың денсаулығы мықты болса, олар ел үшін, өз отбасылар үшін көп пайда әкеледі, көп еңбек жасайды.
Екіншіден, біздің Қазақстанымыз Жапония, АҚШ, Франция елдерімен қатар тұрса ғой деп армандаймын, және мен білемін болашақта ол болатын жағдай.
Үшіншіден, тыныштық пен бейбітшілік болсын.
Төртіншідін, еліміз бай-қуатты болсын.
Біз өз еліміздің нағыз патриотымыз, «патриот»
деген сөз біз үшін өз елін жақсы көру, қадірлеу, өз елі үшін
көп еңбек жасау, елі үшін
ойлау.
Қазақстан халқы бірігіп, тату тәтті өмір
сүруге тырысу керекпіз, қалаларымызды, көшелерді таза ұстау
керекпіз, шет елдерден бізге қонақтар келген кезде ұят болмау
керек, еліміз үшін көп жақсылық жасау біздің міндетіміз, біз
әрқашанда патриот болып, өз еліміздің көркеюіне үлес қосамыз деп
ойлаймыз.
2. Оқушыларға «Мен – өз елімнің патриотымын!» тақырыбында эссе жаздырту.
3. Туған жер, ел тақырыбында өлеңдер, мақал-мәтелдер айтқызу.
Қорытынды
.
Ең бірінші бақытым- халқым
менің,
Соған берем ойымның алтын
кенін...
Ал, екінші бақытым- тілім
менің,
Тас жүректі тіліммен
тілімдедім.
Бақытым бар үшінші- Отан
деген,
Құдай деген кім десе- Отан дер
ем! – деп, ақиық
ақын М.. Мақатаев жырлағандай, балалар, өз
Отанымыздың әрқашан патриоты бола
білейік!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген