400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен -патриотпын тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты қазақстандық патриотизм мен ұлттық ұстанымдарды насихаттауға арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

«Мен –патриотпын»

Сабақтың арқауы: « Мен- Патриот- Азамат


Мектеп: № 108 орта мектеп

Күні: 1.09.2017

Мұғалімнің есімі: Әбілдаева Э.Т.

Мақсаты:

Қоғамда өздерін көрсете алатын және өз еліне пайдалы болатын , Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы - патриот тәрбиелеу

Міндеттері:

  1. – Оқушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар , жаңа қазақстандық патриотизм, «Мәңгілік Ел», ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;

  2. - Білім алушылардың зерттеу , шығармашылық, коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту;

  3. - Қазақстандық патриотизмді және азаматтық ұстанымды ынталандырыру.


Бағалау критерийлері:

  • Ұлттық құндылықтарды декларациялайды

  • Үйренген жаңа сөздерді өз ойын жеткізуде қолданады

  • Тақырыпқа байланысты мәліметтерді жинақтайды

  • Құндылықтарға нақты көзқарасты іс жүзінде іске асыруды меңгереді.

Сабақтың ресурстары.

Рәсімдеу: Мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакаттар,

Музыкалық көркемдеу:

Мемлекеттік әнұранның аудиожазбасы, «Менің Қазақстаным» бейнеролигі

Техникалық құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, ноутбук, ғаламтор желісі

Сабақ түрі:

Танымдық сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Менің мақсатым» тренингі, «идеялар қоржыны», «тірек сөздер»тұжырымдамалық карта», «кластер», «үш минуттық эссе», қб әдістері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


2 мин









2 мин







2 мин

  • ҚР әнұраны орындалады.


  • «Менің мақсатым» тренингі. Әр оқушы биылғы оқу жылында өзінің алдына қандай мақсат қоятындарын стикерге жазады. Өз еркімен өз мақсатын жариялағысы келген оқушылар оқып беріп, сол мақсаттарын арман ағашына орналастырады.

  • Топқа бөлу.

М: Әр адамның өз алдына қоятын мақсаты болады. Ол үлкен болуы немесе тез арада орындалуы да мүмкін. Біздің әрқайсысымыз үлкен гүлденген мемлекетіміздің кішкентай бөлшегіміз. Біз - біртұтас елміз! Олай болса, біздің еліміздің де алдына қойған үлкен мақсаттары бар. Ол – бірлік, даму және ел қамы үшін көркею.


  1. тапсырма.

«Тірек сөздер» әдісі арқылы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына шолу жасау, оқушыларға ақ парақшалар таратып беріп, сөйлемдер құрастыруды тапсыру.



стикерлер











«Менің Қазақстаным» бейнебаяны






«Болашаққа бағдар – білім мен сана серпілісі» атты слайд


Ортасы

10 мин
































3 мин

















3 мин











5 мин










5 мин















3 мин






  1. тапсырма.

«Идеялар қоржыны» әдісі.

«Патриот» деген кім?

  1. Ж Жеке жұмыс. Әр оқушы тақырып бойынша өзінің білгенін дәптеріне қысқаша жазады. Бұл кезең 2-3 минутқа созылады.

  2. Т Топпен жұмыс. Қатысушылар қай жерде ойларының сәйкес келгенін және сәйкес келмегенін түсіндіре отырып ақпарат алмасады. Жүргізілу уақыты -3 минут.

  3. С Сыныппен жұмыс. Әрбір топ тақырып бойынша өз білімдерін көрсетіп, пікірлерін білдіреді, берілген сұрақтар бойынша идеяларын айтады. Оның үстіне жауаптар қайталанбауы тиіс. Барлық айтылғандарды мұғалім тақтаға қысқаша жазып тұрады. «Қоржынға» тақырыпқа қатысты: идеялар, есімдер, күндер, фактілер, жорамалдар, терминдер және тағы басқалары салынады. Мысалы: мемлекеттік рәміздер, ұлттық құндылықтар, өркениет, азамат, азаматтық патриотизм, азаматтық қоғам, ұлттық таным, меритократия.

Дескриптор

  • Қойылған сұраққа дұрыс жауап береді

  • Бірін-бірі зейін қойып тыңдайды

  • Алдыңғы жауапты толықтырады

ҚБ «Сөздік бағалау» әдісі (ауызша кері байланыс)


  1. тапсырма. «Тұжырымдамалық карта» әдісі. Оқушылар берілген кестені толтыру арқылы өздеріне тән қасиеттерді толтырады.


Патриотқа тән қасиет

Патриот емес адамның қасиеті

Маған тән қасиет (алдыңғы бағандардан)

Болжамды жауаптар:

  • жауапкершілік;

  • әділеттілік;

  • төзімділік;

  • адалдық;

  • батылдық;

  • шыдамдылық;

  • ризашылдық;

  • зейінділік.

Болжамды жауаптар:

  • өзі өмір сүріп жатқан қоғамды құрметтемеу;

  • жауапсыздық

  • отбасы алдындағы борыштың болмауы

  • Отанға деген сүйіспешілігінің болмауы.



  1. тапсырма.

Ж «үш минуттық эссе» . «Сіз қандай қасиетті азаматқа тән ең басты деп ойлайсыз және неге?» деген сұраққа жауап жазу ұсынылады.

Дескриптор:

  • Ойларын тұжырымдай алады.

  • Дәлелді сөздерді пайдаланады.


ҚБ «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі


5-тапсырма.

«Автор орындығы» әдісі. Әр топ белгілі бір азамат жайында қысқаша репортаж жасайды.

«Жерлестерімнің ауылымыз үшін жасаған еңбектері»

ҚБ «Жағдаяттық мәлімдеме» әдісі

Маған ұнады ......,

себебі .....


6-тапсырма.

Т Топтық жұмыс. Постер жасап, қорғау

Берілген тақырып бойынша әрбір топ үндеу дайындап, жариялайды.

  1. Тұрғындарға ауылымыздың жасыл желегін аялап ұстауға және сенбілік өткізуге;

  2. Соғыс ардагерлері мен қарттарды қамқорлыққа алуға;

  3. Ғибадатхананы қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға.

Дескриптор:

  • Постер

ҚБ «Комплимент» әдісі


Сабақты бекіту. «Кластер» әдісі бойынша

  1. топ. «Патриот» сөзіне

  2. топ. «Туған ел» сөзіне

  3. топ. «Азаматтық қоғам» сөзіне


Жұмыс дәптері, А4 форматты қағаз,


























А4 қағазы


























Аяқталуы

5 минут

Қорытынды: Н.Назарбаев сөзімен қорытындыланады.

  • Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

  • Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

  • Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!

  • Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!

Рефлексия: «Тегтер бұлты». Әрбір оқушы төмендегі көп нүктенің орнын өз ойымен толтырады.

Мен...................................................... таныстым.

Маған.................................................. оңай болған жоқ.

Мен ...................................................... қол жеткіздім.

................................................................ менің есімде қалды.




А4 форматты қағаз, маркер,



Мен ... таныстыстым

Маған... оңай болған жоқ

Мен ... қол жеткіздім.

... менің есімде қалды

«Тэгтер бұлты»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1327
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі