400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен -Қазақстан баласымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Қазақстан Республикасы туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тексерілді»

«№19«Назерке» бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК-ның әдіскері

Кулжанова З.С_________










Ертеңгілік


Тақырыбы:«Берекелі Алтын күз!»





№8 «Балауса» ортаңғы тобы

Тәрбиеші: Киреева Д.










2025-2026ж.

Маңғыстау облысы.Жаңаөзен қаласы,Теңге ауылы №19 «Назерке» бөбекжайы

№8 «Балауса»ортаңғы тобының тәрбиешісі:Киреева Дурсун Мурзабаевна

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз, Жасымыз бен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күзге бізге нұр беріп дей келе ортаға №8 Балауса ортаңғы тобының бүлдіршіндерін қошеметпен қарсы алайық

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ата-аналар, қадірлі ұстаздар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ендеше балаларымыздың әніне берейік.

Ән:Кап-кап, тук-тук.

Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,

Енді бері қараңдар

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші,

Балалар сендердің өнерлеріңді тамашалауға күз ханшайымы келіпті,ендеше қарсы алайық.

Қош келдіңіз күз ханшайымы төрлетіңіз.

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым, Өмірге көп қосқаным, Күз сыйлығын алыңдар Сыйлығына қаныңдар. Молшылыққа кенеліп, Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.

Тақпақтар:

Омар: Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.


Карина: Күздің қазан айында

Алма алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі.


Аянат: Алақай алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті,дән пісті

Айтамыз алғысты.



Аяна: Сап сары маңай

Сап сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып


Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Күз ханшайымы, біздің балалар өте керемет би билейді,ойын да ойнайды, білесізбе?

Күз ханшайымы: Мен сіздермен керемет ойын ойнағым келіп тұр,ойнағыларың келема ?

Ойын: «Қандай жеміс»

Жүргізуші: -Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті,жылдам. Кезегімізді қыздарымыздың биіне берейік.

Би: Қыздар биі.

Жүргізуші: Әсем әуен салдырған

Сәбилер де алғыр жан

Бал дәуреннің қызығын

Есте қалар балдырған.

Ендеше кезекті тақпақтарға береміз.

Айжарқын: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Айлин: Алақай алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті,дән пісті

Айтамыз алғысты.

Бейбарыс:Күзім ау күзім ау

Мінезің бұзық ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызықау.


Жарасхан: Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Ән салайық,ойнайық.

Жүргізуші: Келесі кезегімізді әнімізге берейік.

Ән: «Топ-топ балақан»

Жүргізуші: Бүлдіршінмен бәріміз,

Отбасындай бір ұямыз

Береміз ендеше

Би өнеріне кезегін.

Ендеше ұлдарымыздың биі.

Би: «Ұлдар биі»

Жүргізуші: Балалар бүгінгі ертеңгілігімізді одан әрі қызықты өткізу үшін ойын ойнайық.

Ойын: «Кім жылдам»

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!

Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық. Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып

Сау болыңдар қонақтар,

келгенше жыл айналып.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
10
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі