400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен -тәуелсіз елдің ұланымын

Материал туралы қысқаша түсінік
тәуелсіздік сценарий тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен -тәуелсіз елдің ұланымын»

Мақсаты: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2.
Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3.
Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Әсем әуенмен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші : Шашу! Шашу! Ағайын! Бұл еркіндіктің, тәуелсіз елдің шашуы. Мерекелеріңіз құтты болсын! 

Бабадан қалып жеткен көрегендік, 
Еркіндік жастығында өлең өрдік. 
Арқалап аманатын келіп жеткен, 
25 жыл! Құтты болсынегемендік!



-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,ұстаздар.Бүгін біз, Қазақстанымыздың тәуелсіздігіне 25-жыл толуына байланысты«Көгершін» тобының, «Мен -тәуелсіз елдің ұланымын» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!

Ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимн орындалсын.

-Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің Отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан –далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.Тәй-тәй басқан нәрестеде, еңкейген қария да оның бір мүшесі.

-Олай болса біздің балаларымыз «Отан» туралы өлең шумуқтарын оқып берсін.

Арайлым:

Бар байлықтың басында,

Туған Отан тұр биік.

Пейілі үшін қазақтың,

Маңдайынан нұр сүйіп.

Әбілқайыр :

Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем.

Ағымды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдыретті үнін сүйем.



Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемде жарып шыққан,

Бозторғайы бұл оның шырылдаған.



Отан ,Отан-бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанда сүймеуіңде күйік екен,

Отанды сүйуіңде күйік екен.

С.Кәусар:

Тыныш менің Отаным,

Ырыс менің Отаным,

Ардақтайтын Отанын,

Мен Отаншыл баламын.

Бауыржан :

Жалғыз Отан өзіңсің,

Жүрегімнің түбінде,

Оттай ыстық сезімсің,

Күнім- Отан күлімде.

Алимхан :

Отан-елдің анасы,

Отан –жердің анасы,

Бақытты ғой,дәл мендей,

Тәуелсіз ел баласы.

Тәрбиеші:Балаларымыздың орындауында хор «Отан-ана» қабыл алыңыздар!

Тәрбиеші:

-Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін, қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал ,1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16-желтоқсанда қазақ жастары алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Бұл күн –Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды.

25 жыл ішіндегі еліміздің жеткен жетістіктері тізбектелген бейне-роликке назар аударыңыздар! (2-4 минуттық слайд немесе бейне-ролик)

Тәрбиеші:

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық.

Аружан :

Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық

Өзімізді құрсауданда босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

Мансұр:

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін шығып олар алаңға,

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

А. Зере :

Болмасамда сол кезде мен сеземін,

Жүректе намыс оты сөнбегенін.

Ызғарына аяздың төзгендерін.

Ерсұлтан :

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Мейірбек :

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын,

Желтоқсанда шықты алңға жастарың.

Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік,

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн.

Әмір :

Тәуелсіздік ел мұраты ,

Жас ұрпақтың болашағы.

Ұялатып берік сенім,

Бағымызға жол ашады.

М.Кәусәр :

Тәуелсіздік мақтанышым,

Бізге бақыт сыйлаған.

Бейбіт күнде мен тынышпын,

Әрбір таңым нұр маған.

Алан :

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан,

Атамменен барған күн.

Дәулет :

Мерекеге шығады,

Бүкіл халық, біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік -ұлық той.

С.Зере:

Аралаймын алаңды,

Тәуелсіздік күні мен.

Батыр Қайрат ағамның

Суретіне үңілем.

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Шырқатып ән салған күн.

Ясмин :

Тәуелсіздік елдеміз,

Қуанамыз күнде біз.

Ата –бабам қалдырған

Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз.

Абай :

Тәуелсіздік елдеміз,

Мәңгі жасар еліміз.

Тіуелсіздік жасаған,

Аға ,әпкелеріміз.

Бексұлтан :

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуесіздік таңдары

Бақ береді баршаға.

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

Тәрбиеші: Балаларымыздың орындауында хор «16 желтоқсан». Қабыл алыңыздар!

Ал құрметті ұстаздар, қонақтар өлеңге сусындап алған болсаңыздар, ортаға мың бұралған бишілерді«Домбыра»биімен ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер! (биші қыздар ортаға шығады)

Ойын « Бәйтерек»

Балаларды топқа бөліп жарыстыру.

Тәрбиеші: -Ал балалар, келесі кезекті тақпақтар кезегіне берейік!

Аяла:

Әнұраным, жанұраным,

Айтар әнім сөйлер сөзім.

Мәңгі бақи шырқалады

Республиккам әнұраным.

Димаш :

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен- тек,

Елдің ашық аспаны.

Әлімжан :

Ен даласы егін жапқан,

Бар баласы бақыт тапқан.

Менің жерім, туған елім-

Күн сәулелі Қазақстан.

Талғат:

Көкке тиген асқар тауы,

Жасыл киген бақша бауы.

Менің жерім туған елім-

Күн сәулелі Қазақстан.

Тәрбиеші: -«Ән көңілдің ажары» демекші, қол соғып қошеметпен, Алихан балаларыңызды «Қазақ жастары» әнімен шақырамыз!

Тәрбиеші: -Балалардың орындауында хор «Елтаңбасы елімнің»

Тәрбиеші:Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Елдің ертеңі жарық болсын! Қазақстанымыз гүлдене берсін!-демекпін.Келесі кездескенше сау болыңыздар!












































Келісемін: Бекітемін:

Әдіскер : Абжанова Ж.Р №166 б/ббөбекжай-балабақшасының

Меңгерушісі: Ималова Р.М.













«Мен- тәуелсіз елдің ұланымын»

Мектепке даярлық «Көгершін» тобы





















Тәрбиеші: Асанова Г.Қ.

Ән жетекші: Дәулетбаева.Қ.Н.

Би жетекші: Әсіл Г.Н.

2016 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
1960
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі