«Мен адалдықты жақсы көремін!»№ 17-САБАҚ ҚМЖ тәрбие

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мен адалдықты жақсы көремін!»№ 17-САБАҚ ҚМЖ тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мен адалдықты жақсы көремін!»№ 17-САБАҚ ҚМЖ тәрбие
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні

13.01.2025 ж.

Сынып жетекші:

Кырыкбаева.Ш.Б.

Сынып:

3


Сабақтың тақырыбы:

«Мен адалдықты жақсы көремін!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

17-САБАҚ

3 -сыныптар:«Тамақпен эксперимент жасаудың қауіптілігі»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға адалдық құндылығының маңызын түсіндіру. Балалардың сыни ойлауын, қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту. Адалдыққа, шыншылдыққа және жауапкершілікке баулу.

Қауіпсіздік мақсаты :

Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында салауатты өмір салты негіздерінің құрамдас бөлігі, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулығына дұрыс қарауға дағдыландыру.

Дәйексөз

«Талап бар жерде, тәртіп бар»

Құндылық

Заң және тәртіп

Сабақтыңбарысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалыққұрал-жабдықтары

Ұйымдастырукезеңі (3мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Шаттық шеңбері:Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір-біріне жақсы тілек айтып, сабаққа жағымды көңіл күймен кіріседі.

Мысал:

"Мен адал дос болғаныңды қалаймын".

"Адал болсақ, бәрі жақсы болады".

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуа


Компьютер








Сабақбасы (10мин)












ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

7 САБАҚ. «ТАМАҚПЕН ЭКСПЕРИМЕНТ ЖАСАУДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ»

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).

2. Мақсат қою. Тақырыпты анықтау

Мақалдардың адасқан бөліктерін тауып, толық құрастыр. Олардың мағынасын түсіндір.


Денсаулықтың қадірін Саулық – байлық негізі.

Тазалық – саулық негізі Ауырғанда білерсің.

Көзің ауырса қолыңды тый Ауырмайтын жол ізде.

Ауырып ем іздегенше Ішің ауырса, аузыңды тый.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызда не туралы айтылады?

- Денсаулық және оны сақтау туралы.

3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау

«Пайдалы және онша пайдалы емес тағамдар» ойыны

- Мен тағам түрін атаймын, егер ол пайдалы болса, шапалақтаймыз, ал пайдалы болмаса, жұдырығымызды түйеміз.

Қолданылатын сөздер: алма, торт, қияр, балық, тәтті, сәбіз, ірімшік, зефир, чупа-чупс, мармелад, сыр, бұрыш, сүт, бал. Әңгіме не туралы болады?

4.Сабақтың негізгі бөлімі Тақтадан не көріп тұрсыздар?


- Иә, бұл тамақтандыру фирмаларының логотиптері. Сіздер олар туралы білесіздер ме, олардың өнімдерін жеп көрдіңіздер ме? Ұнай ма? Оларды қандай тағам түріне жатқызуға болады? (пайдалы, не зиянды тағам).


- Кімнің телефонында бұл қосымша жүктелмеген?

- Бұл қосымша туралы білетіндеріңізді айтып беріңіздер (балалардың жауабы).

- TikTok – бұл қолданушыларға кез келген тақырыпқа арналған 15 секундтық бейнероликтерді дайындауға және жариялауға мүмкіндік береді.

«TikTok» әлеуметтік желісінде балалар челлендждерді іздейді, ал олар қауіпті болуы мүмкін.

- Челлендждер әртүрлі болады: қауіпті, зиянсыз, ал кейде пайдалы.

- Қаралған бейнеролик қай топқа жатады?

- Енді олар қандай қауіп төндіретінін талқылайық.

5. Бекіту.

-Естеріңізде болсын, адам денсаулығы бәрінен маңызды. Өзіңді және денсаулығыңды сақта!

6. Қорытынды. Рефлексия.

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

- Мен бүгін досыма қандай кеңес беремін?
































Пайдалы сілтемелер:

https://youtu.be/jYGQOcCA2JM?si=sVmJrYSo6iKba6mg


https://youtu.be/FgLou94O9RQ?si=gAgjLQwPYw65mIfI









Ортасы (20 мин)


Балалар, сіздер дос болу, адалдықтың деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Ендеше осы сыныпта дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз 2 - топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.

1 - Топ.«Татулық»

2 - топ. «Сыйластық»

Сұрақтар:

Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

Сендердің де адал достарың бар ма?

Сенің адалдыққа деген сенімін қандай?


Тапсырма:

Жағдаяттық тапсырмалар:

Әр топқа адалдыққа қатысты жағдаят беріледі, олар оны талқылайды және қалай дұрыс әрекет ету керектігін айтып береді.


Жағдаяттар:


Сыныптағы досың саған өтірік айтып тұр. Сен не істейсің?

Жерден ақша тауып алдың. Қалай әрекет етесің?

Бауырларың үйдегі тәттіні рұқсатсыз жеп қойды. Сенің ойың?

Ойын: "Шыншыл ма, өтірік пе?"

Мұғалім түрлі оқиғаларды оқиды (шын немесе ойдан құрастырылған). Оқушылар қолдарын көтеріп, шындықты анықтайды.


Мысал оқиғалар:

Сұрақтар:

1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.

Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?

Асықпай түсіндіріп беремін.

4. Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?

Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

5. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

6. Әдептілік деген не?

Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.


- 7. Ата - ананның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытта келіп қалды делік, сен оны үзбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі. Сен қандай шешімге келер едің?


- 8. Құрметті досым! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.


Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді. Мен не істеуім керек?

9. «Жалғастыр»

«Не істеуге болмайды?».

- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)

- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)

- Құстарды...........................(атуға болмайды.)

- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)

- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)

- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)


10. «Не істеу керек?»

- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)

- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)

- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)

- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)

- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)



Оқушылар тыңдайды












Соңы






Қорытынды:

Рефлексия:

"Сиқырлы микрофон" әдісі арқылы оқушыларға мына сұрақтар қойылады:

Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?

Адалдықты қалай көрсетесіңдер?

Адал болу қиын ба?

Бағалау:

Мұғалім ауызша мадақтау сөздер айтады:

"Жарайсыңдар!",

"Өте жақсы түсіндірдіңдер!",

"Шыншыл болуға керемет мысал келтірдіңдер!".






Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі


презентация



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.03.2025
178
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі