жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен адалдықты жақсы көремін ҚМЖ тәрбие сағаты 13.01.2025
|
Сынып жетекші: |
|
|
|
Күні: |
13.01.2025 |
|
|
Сынып: 3 |
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Мен адалдықты жақсы көремін» «Күдікті заттар анықталғанда жасалатын бес қадам» |
|
|
Мақсаты |
Адалдықтың маңыздылығын түсіну және өмірдегі орнын анықтау. Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамыту Адалдыққа тәрбиелеу және өмірлік құндылықтарды бағалау. Оқушыларға күдікті заттар анықталғанда жасалатын негізгі қауіпсіздік шараларын түсіндіру. . Төтенше жағдайларда жылдам әрі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау мәдениетін тәрбиелеу. |
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы |
Сәлемдесу: Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын! Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет! |
Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді.
|
|
Көңілді әуен
|
|
Сабақтың ортасы |
1. Ой қозғау: «Адалдық» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер? 2. Мәтінмен жұмыс: Адалдық туралы қысқа мәтінді оқу. Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру: Мәтіннің басты идеясы қандай? Кейіпкердің адалдығы қалай көрінді? Кейіпкердің адалдығы қалай көрінді? III. Топтық жұмыс Оқушыларды топтарға бөлу. Тапсырма: 1. Адалдық туралы мақал-мәтелдер тауып, олардың мағынасын түсіндіру. 2. Адалдыққа байланысты өмірден мысал келтіру. IV. Жеке жұмыс Оқушыларға «Адалдық менің өмірімде» тақырыбына 3-4 сөйлем жазу тапсырмасы беріледі. |
|
Мадақтама сөздер айту |
Ақ қағаз, фломастерлер |
|
|
Қорытындылау Сабақ соңында оқушылар өз ойларын бөліседі. «Адалдықтың пайдасы» деген сұраққа жауап беру. Кері байланыс: Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер |
Оқушылар ақ қағазға өз ойларын қысқаша жазады |
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау |
Ақ қағаз |
|
Қауіпсіздік сабағы 10 мин |
Сабақтың тақырыбы, мақсатымен оқушыларды таныстыру. Қызығушылықты ояту: Сұрақ: «Күдікті зат дегеніміз не? Мұндай жағдайда не істеу керек деп ойлайсыздар?» 1. Жаңа тақырыпты түсіндіру Күдікті зат дегеніміз не? Бейтаныс жерде табылған белгісіз заттар (сөмке, қорап, пакет және т.б.). Қауіпті заттарға тән белгілер (сымдар, өткір иіс, дыбыс шығуы). Күдікті зат анықталғанда жасалатын бес қадам: 1. Қадам 1: Затқа жақындамау: Күдікті затқа қол тигізбеу, оны қозғалтып немесе ашпау. 2. Қадам 2: Айналадағыларды ескерту: Қауіп туралы жақын маңдағы адамдарды хабардар ету. 3. Қадам 3: Қауіпсіз қашықтыққа кету: Күдікті заттан кемінде 100 метр қашықтықта болу. 4. Қадам 4: Арнайы қызметке хабарлау: 102 (полиция) немесе 112 (төтенше жағдайлар қызметіне) хабар беру. 5. Қадам 5: Оқиға орнына қайта оралмау: Арнайы қызмет келгенше күту және затқа жақындамау. Топтық жұмыс: Тапсырма: Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр топқа нақты жағдай беріледі (мысалы, мектеп ауласында күдікті сөмке табылды). Әр топ жағдайға байланысты бес қадамды қолдану бойынша әрекет жоспарын жасайды. Көрнекі материалдар көрсету : Күдікті заттардың мысалдары көрсетілген суреттер мен бейнематериалдарды қолдану Қорытынды 1. Қайталау және талқылау: Мұғалім бес қадамды қайта пысықтайды: Күдікті затты елемеу қандай қауіп тудыруы мүмкін? Төтенше жағдайларда неге сабыр сақтау маңызды? Рефлексия: Сұрақ: «Сабақтан қандай маңызды ақпарат алдыңыздар?» Үй тапсырмасы: Отбасымен бірге күдікті зат анықталғанда жасалатын әрекеттер жоспарын талқылау. |
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты түсінеді. Оқушылар сұраққа жауап береді. Әр топ өз шешімдерін сыныпқа таныстырады. Әр сурет бойынша талқылау ұйымдастыру. Оқушылар өз пікірлерін бөліседі. |
|
Презентация Күдікті заттардың суреттері. Қауіпсіздік қызметтерінің байланыс нөмірлері жазылған ақпараттық қағаздар. |
|
Сабақтың соңы |
Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін . |
Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі. |
Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мадақтау. |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген