Мен
әдіскермін
Менің
өмірдегі бақытым-жүрек қалауымен
балалармен жұмыс жасау, олардың қуанышымен
күлкісінен нәр алу. Осы
бір «Балалар әлемінің теңізіне»
бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды
өзгерткім келмейді. Өйткені, бала –пәк,
бала-тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы
сияқты.Көзін ашып, тұнығына қану үшін
тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және
тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет-баланы
құрметтеу сезімі болу керек екенін
түсіндім.
Мен
өз қызмет жолымды Алматы облысы Сарқан
ауданы, Қойлық ауылы, «Айдана»
балабақшасында тәрбиеші қызметінен
бастадым. Сол уақыттан бастап баламен
жұмыс жасаудың үлкен бақыт екенін
түсіндім.
Ал
қазір таңда сол
мекемеде
мен «Мектепке дейінгі білім беру
әдіскерімін». Әдіскер болу-жәйғана
мамандық емес. Ол-адам бағдарының
жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі.
Бұл сөздің астарында әдіскер мамандығының
үлкен жауапкершілік иесі екендігін
айқындап тұр. Бала тәрбиесі, оның ішінде
балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу
үлкен мәртебе. «Балалық шақ жылдары-бұл
бірінші кезекте жүректі тәрбиелеу»-деп
жазған В.Сухомлинский. Сондықтан
біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне
жауапты жандармыз.
Қай
халықта уақытта болмасын
ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың
болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие
мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді
әдіс-тәсілдерді қолданып, қірістіру
әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін,
ізденімпаздығымен шығармашылығын
талап етеді.
Елбасының
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»
Қазақстан халқына Жолдауында «Мектепке
дейінгі білім берумен және тәрбиемен
қамтылған балалардың үлесі 2013 жылға 73
% да, 2020 жылға қарай 100 % құрайтын
болады деген тұжырымы қуантты. Баланың
жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби
кезінде басталады. Ол үшін балаға барлық
жағдай жасалуы керек. Балалар- еліміздің
ертеңі мен бүгіні.
Мемлекетіміздің
басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан
балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап,
денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп
саналы тәрбие беру- біздің басты
мақсатымыз. «Қазақстан Республикасының
мектепке дейінгі білім беру стандарттарының
» негізгі ерекшеліктері мен талаптарын
басшылыққа ла отырып, балабақшамыз
тәрбие мен оқытудағы негізгі мақсатттары
мен міндеттерін жүзеге асыруда жұмылып
еңбек етіп келеді.
Мектепке
дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты
бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі
жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды
ендіре отырып балаларды дамытудың
тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай
жұмыс жүйесі менің блабақшамда
қалыптасқан. Балабақша педагогтары
Республикалық «Өрлеу», «Нұр болашақ»
ғылыми зерттеу орталықтарының
ұйымдастырған жаңа технологяларды
меңгерту курстарына қатысып,
білімдерінжетілдіріп, балабақшаның
оқу тәрбие процестеріне ендіріпте
үлгерді.
Мен
өз ісімді шеберлікпен атқарып,
балабақшамдағы тәрбиешілердің заман
талабына сай білімдерін жетілдіріп ,
шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан
келгенінше көмектесуге тырысамын.
Ата-аналарда өз баласының тәрбиесімен
білікті мамандардың айналысқандарын
қалайды.Тұңғыш ағартушы педегог
Ы.Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені- бала
жанының нәзік пернелерін дұрыс сезіне
алмайтындарда »-деп бала тәрбиесіндегі
басты тұлға ұстаздардың өз ісіне үлкен
жауапкершілікпен шақырған.