400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Мен әлемді сүйемін (8 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: оқушылардың әлем, табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - әлем мен адамның біртұтастығы туралы түсініктерін кеңейту; - қоршаған әлемге қамқорлық жасау дағдыларын дамыту; оқушыларды адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Е.С. Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей
Мерзiмі: 17.02.2020ж.

Тақырыбы : Мен әлемді сүйемін
Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер:қамқорлық, мейірімділік, адалдық

Мұғалiм : Жанибек Раушан

Сыныбы: 8«Ә» Оқушылар саны: 30


Мақсаты: оқушылардың әлем, табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • әлем мен адамның біртұтастығы туралы түсініктерін кеңейту;

  • қоршаған әлемге қамқорлық жасау дағдыларын дамыту;

  • оқушыларды адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

  1. https://www.youtube.com/watch?v=7NGMzQg-d4Y

  2. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D0%B8%D1%84_%D0%A1%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B8


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл – күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат.

(Оқушылардан қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулық, №23-сабақ. 105- бет, Ө.Тұрманжановтың «Тиінді құтқару» мәтінін оқып келу. «Балалар философиясы» әдісі арқылы мәтін мазмұнын ашу.
Сұрақтар:

  1. Дариға мен Анарбай тиінді неліктен құтқарып алды?

  2. Адамның қоршаған табиғатты сүюінің мәні неде деп ойлайсыздар?

  3. Кейіпкерлердің іс-әрекетінен қандай үлгі алдыңдар?

  4. Қоршаған әлемге қамқорлық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?


3. Дәйексөз.

Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа.

Сайф Сарай

                                                       

  • Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


Саиф Сараи (1321, Сарайшық қаласы -1396 ж. ш., Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі.

4. Әңгімелеу.

Табиғат ресурстары мен қоршаған ортаға қамқорлық (бейнеролик)

Сұрақтар:

  1. Орны толмас экологиялық зардаптың пайда болуының себебі неде?

  2. Жер планетасын сақтау үшін қандай ережелер бар? Сіз сол ережелерді ұстанып жүрсіз бе?

  3. Әлемді қорғау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? Бұл қандай құндылықтың көрінісі болып табылады?

  4. Қиянат жасамау құндылығы дегеніміз не?

  5. Әлемді қорғау үшін қандай үлес қосып жүрсіздер?


5. Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

  1. топ: «Ұлы жауынгер» ойыны бойынша батыр кейіпіне еніп, табиғатты қорғау ережесін құру. (мысалы: «Табиғат сақшысы», «Жер ханзадасы»)

  2. топ: «Табиғатты қорғау – өзіңді қорғау» тақырыбына кластер жасау

  3. топ: «Табиғатым-байлығым» тақырыбында сахналау

  4. топ: «Табиғат егер үн қатса...» табиғат кейпіне еніп, өскелең ұрпаққа хат жазу


6. Топпен ән айту.

«Саржайлау»
Сөзі: М.Мақатаев, әні: Н.Тілендиев

Жазира, жасыл кілем өрнектеген 

Туған жерге, дариға, жер жетпеген! 

Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем 

Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем 

 Қайырмасы:

Саумал бұлақ - балдай дәрім 

Салқын самал - баурайларың 

Саялаған, беу, туған жер 

Сағындырған, Саржайлауым 

 Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен! 

Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем 

Басқаның жерұйығын неғылайын 

Жерұйығы өзімнің қасымда екен! 

 Қайырмасы:

Саумал бұлақ - балдай дәрім 

Салқын самал - баурайларың 

Саялаған, беу, туған жер 

Сағындырған, Саржайлауым 

 Жадырап, жұтайыншы тау самалын 

Осы еді ғой сағынып аңсағаным 

Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым 

Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын 

 Қайырмасы:

Саумал бұлақ - балдай дәрім 

Салқын самал - баурайларың 

Саялаған, беу, туған жер 

Сағындырған, Саржайлауым 

 Жанымды жырға бөлеп таң атырған 

Әкем едің ақ таңда жаратылған 

Төліңнен айналайын жаңа туған! 

Айналайын еліңнен дара тұрған! 

 Қайырмасы:

Саумал бұлақ - балдай дәрім 

Салқын самал - баурайларың 

Саялаған, беу, туған жер 

Сағындырған, Саржайлауым 


7. Үй тапсырмасы.

1. Дәптер. №23-сабақ, 66-бет, 1-тапсырма «Табиғат тазалығы – адамзат амандығы» тақырыбында эссе жазу.

2. Оқулық. Келесі сабақ. №24, 109-бет М.Дүйсеновтың
« Түнгі қонақтар» әңгімесін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі