400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мен анаммен, мақтанамын"

Материал туралы қысқаша түсінік
ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ
Материалдың қысқаша нұсқасы




«Мен анаммен мақтанамын!»

(мерекелік сайыс)

Мақсаты: ата-аналар мен балаларды сайысқа қатынастыра отырып, олардың

отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік

үлгілерін насихаттау, балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз

еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге

үлгі бола білуге үйрету;

балаларды бүлдіршін күнінен бастап өнерге баулу, қазақтың

қолөнерінің қадір- қасиетін бойларына сіңірту;

ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты

қарым-қатынасын қалыптастыру арқылы мектеп — отбасы — бала

қарым-қатынасының тиімді модельдерін іздестіру.

Түрі: топтық сайыс

Көрнекілігі: бөлмені мерекеге сай безендіру, тақырыптық слайд-шоу, бейнесюжеттер, «Аңса, балам», «Бала арманы» әндерінің жазбасы, көрме.

Жүрісі:
-
Армысыздар, ардақты да аяулы аналар, сымбатты қыздар!

Міне, жыл аралатып  көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер  күні де келіп жетті. Баршаңызды осынау шуақты мерекемен құттықтаға рұхсат етіңіздер!

Аталмыш  мерекеге орай өзіміздің бақшамызда «Мен анаммен мақтанамын!»тақырыбында мерекелік сайыс өтпекші. Сайысқа осы топтың ата –аналары мен бүлдіршін қыздары жарысқа түспекші.

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,

Алдарыңда жауқазындай  құлпырған.

Алаңсыз да балғын шақты балалар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,- деп ортаға сайысқа қатынасушы аналар мен кішкентай қыздарымызды  шақырамыз.




1.«Жауқазын» тобы: Айнұр қызы Жанботамен

2. «Еркемай» тобы: Гүлфат қызы Сабинамен

3. «Қызғалдақ» тобы: Индира қызы Жаниямен

4. «Балдырған»тобы: Алтын әже немересі Жанботамен

5. «Гүлдерай» тобы:  Ботагөз қызы Айеркемен


Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырып.
-Енді,жарысымызды бастамас бұрын сайысымыздың әділ де тура бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық.

1.Әділханның әжесі Нұржамал апа

2. Ерасылдың анасы Елшат

3.Мектеп басшысы Тамара Бейінбетқызы


Жүргізуші:

Аналар бар өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал, ендеше, таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып. Бүгінгі сайыс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады:

1. «Кел, танысайық!» (таныстыру сәті)

2. «Өнерлі өрге жүзер» (өнер сайысы)

3. «Білгенге –маржан» (сұрақ– жауап жарысы)

4. «Сән әлемінде» (сән үлгісін көрсету)

5. «Дәм-думан» (ас мәзірін дайындау)

6. «Шебер қолдар» (қолөнер бұйымдарын жасау, көрме дайындау)

Жеребе тастау


Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой, әне, үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы тобыңды – дей келе сайысымыз І шарты бойынша топтардың өздерін таныстыруына кезек береміз.


-Енді, қазылар алқасынан сайысымыздың І турының әділ бағасын берулерін сұраймыз.

Ана – деген адамзаттың данасы,

Ана – дегенсәбилердің панасы.

Ана – деген жарық жұлдыз, шырағың-

Ана – деген қайнар ыстық бұлағың.

Ана – деген өмірдегі қамқорың,

Ана – деген  сүйенерің, жан құрбым, — деп, аналарымызға арналған әуезді әнімен, балаларымыздың орындауында «Ана жыры» әнін қабыл алыңыздар.


Ойын: «Ненің дәмі?»


ІІ тур - «Өнерлі өрге жүзер» (өнер көрсету)

-Келесі кезекте әр топтың өнерін тамашалайық.

Әділ қазылардан топтардың көрсеткен өнерінің бағасын сұраймыз.
















Көңілімізді бір көтеріп әуезді ән тыңдап едік, енді бақшамыздың өнерлі қыздарының көрінісін тамашалаңыздар.

Көрініс: «Бауырсақ»





ІІІ тур – «Білгенге маржан» (салт – дәстүрге байланысты сұрақ-жауап сайысы).

-Мына қоржында халқымыздың салт – дәстүріне байланысты сұрақтар бар, сол сұрақтардың жауабын дұрыс және тез табуларыңыз керек, ойлануға екі минут уақыт беріледі.

-Сұрақ – жауаптың да бағаларын сұраймыз.

4тур – «Сән әлемінде»(сайысқа қатынасушы топтар көпшілік алдында өздері дайындаған сән үлгісін көрсетеді).

-Сайыстың «Сән әлемінде» бағамының әділ бағасын сұраймыз.




Бабамыздың жырысың сен домбыра,

Анамыздың сырысың сен домбыра!

Қазағымның жүрегінен жаралған-

Даламыздың үнісің сен домбыра!

«Домбыра» биі


5тур - «Дәм-думан» (ас мәзірін дайындау)

 Сайысқа қатынасушылар қазылар алқасының алдында қолдарынан келген ас мәзірін жасайды (барлығы бір уақытта бастайды).

-Сіздерге 7 минут уақыт беріледі.Ал, іске сәт!

Осы кезде көздеріңіз қатысушыларда, құлақтарыңыз әнде болсын.

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Тәтті ән мен жақсы күй.

Көңілге түрлі ой салар-

Әнді сүйсең менше сүй» — деп Абай атамыз айтқандай, бақшамыздың биші қыздарының «Айгөлек» биін қабыл алыңыздар.

(Ас мәзірінің бағасын әділ- қазылардан сұрау).

6 тур - «Шебер қолдар» (үй тапсырмасы- қолөнер бұйымдарын жасау, көрме дайындау)

- Сайысқа қатынасушылардың үйден дайындап әкелген қолөнер бұйымдары бөлмеміздің бұрышынан орын алып, көрмеге қойылады. Қолөнер туындылары балабақшамызға ескерткіш ретінде, яғни қолдан жасалған дүние болуы шарт. Ертеңгі күннен бастап аталған көрмені тамашалауға қонақтар шақырылмақшы. Ендеше, топ мүшелерінен өз бұйымдарын әділ қазылар алқасына көрсеткен соң, көрме үстеліне орналастырулары сұралады.

-Қолөнер сайысының  бағасын әділ – қазылар алқасынан сұраймыз.





















Даусың қандай  сырлы еді,

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай  нұрлы еді,

Таң шолпанмен астасқан.

Өнеріңді, кәне бүгін көрсетші,

Мына жұртқа, қошеметпен қол соққан, деп –

Айзере қыздарыңыздың әнін  тамашалаңыздар.


- Қазылар алқасы қорытынды бағаны есептегенше, кезекті тағы да бүлдіршіндерге берелік. Ән: «Анашым».


-Сөз кезегін әділ – қазылар алқасына  береміз.

(Қатысушыларды әр түрлі номинациялар бойынша марапаттау).








Ата-ананың тілегі,

Адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің.

-Құрметті ата-аналар! Бүгін осы жарысқа алтын уақыттарыңызды қиып, балаларыңызбен бірге біздің бақшамызға келіп, жарысқа қатысқандарыңызға мың алғыс. Намысқа тырысып, жеңуге деген ұмтылыстарыңыздан еш уақытта қайтпаңыздар. Мереке құтты болсын!




Қорытынды:

Адам барма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықтың ар намысын сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам,- дей отырып, бүгінгі шарамызды аяқтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға бірлік пен татулық тілейміз.

Балабақша ұжымының атынан ата-аналарға алғыс сезімімізді білдіреміз.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1397
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі