400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен анаммен мақтанамын" тәрбиелік шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Ананы құрметтеу,отбасындағы ананың ролі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мен анаммен мақтанамын...

Мақсаты:  Қазақтың нәзік қыздарына тән мінез-құлықты дәріптеу. Сахнада өзін ұстауын, өзінің анасынан үйренгенін ,білгенін жеткізіп айта білуін байқау.,аналарымыздың шексіз еңбегін бағалай отырып ананы құрметтеуге,сүйе білуге тәрбиелеу. Кішкентай бүлдіршін қыздарымыздың аналарымен бірге бүгінгі сайыстағы өнерлерін тамашалау.

Қатысушылар: 2-4сынып қыздары мен аналары
Кіріспе сөз:

Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! ! Көктемді қанатына қондырып, жан жылуын көкірегіне ұялатқан,әйел-аналардың дәстүрлі 8-наурыз мерекесі де келіп жетті.

Құрметті аналар және қыздарымызды келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңа амандық, жүздеріңізге шаттық пен қуаныш, әсемдік пен сұлулық тілейміз.Осы орайда мектебіміздегі ұйымдастырылып отырған шараларымыздың бірі бүгінгі бастауыш сыныптың кішкентай аруларының өз аналарымен қатысуы арқылы өткелі отырған «Мен анаммен мақтанамын»  сайысы.


-Ана- бала, бала - ана бір ұғым, 
Бір – бірінсіз жоқ олардын бақыты. 
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынның, 
Екеуінің өтсін бірге уақыты. 
Ана – бала көздің ақ пен қарасы, 
Бір – бірінсіз таусылмайтын шарасы. 
Әр ананы арманыма жеткізер, 
Әр баланың ақылы, ары, санасы,- деп, ортаға сайысқа қатысушы аналарымыз бен қыздарымызды шақырамыз. 

Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар, 
Бәрі де арманына қолын созар. 
Анасы мен келіп Әселдің  
Бойында тұнып тұрған өнер болар-деп

-2«а» сыныбынан сайысқа қатысушы Сағынбекқызы Әселді анасы Айгүлмен ортаға шақырамыз. 


Қол соғып қарсы алыңдар шығады енді, 
Оларға де берейік бүгін төрді. 
Бар өнерін көрсетем деп келіп тұрған, 
Анасы мен Айаруға кезек келді. 
-2«ә» сыныбынан сайысқа қатысушы Сәндібекқызы Айаруды анасы Гүлайыммен ортаға шақырамыз. 


Сыныптың намысын қолдаған жан, 
Қошаметпен қарсы алайық барша адам 
Анасымен Гүлсезімге қол соғайық

Сайысқа қатысуға келіп тұрған
-3«а»сыныбынан сайысқа қатысушымыз Ғабит Гүлсезімді анасы Гүлмирамен ортамызға шақырамыз.

Сыныбының ар-намысын қорғауға 
Келіп отыр қазір сенің ортаңа 
Ал қанекей қарсы алыңыз қол соғып , 
Анасы мен ортамызда Маралға

-4 «а» сыныбынан сайысқа қатысушы Мұрат Марал Қазбекқызын анасы Шынармен ортаға шақырамыз. 


Қол соғып қарсы алыңыз шығады енді 
Сіздерге де берейін бүгін төрді, 
Олай болса мінекей, 
Анасы мен Анельге кезек келді 

-4«ә»сыныбынан сайысқа қатысушымыз Жеткізген Анельді анасы Бибігүлмен ортамызға шақырамыз.


Сайыскерлеріміздің бүгінгі сайыстағы белсенділігін бағалау үшін әділқазы алқасымен таныстырып өтсек:
1 . Көшкінбай Назгүл
2 .Әбілғазиева Нәркес

Сайыстың бағдарламасы 7 кезеңнен тұрады: 
1. Таныстыру (анасы және қыз балалар өздерін таныстырады) 
2. Өнер сайысы (өз өнерлерін көрсету ән,би)

3. Шаш үлгісі (аналар қыздарына шаш үлгісін жасап ат қояды, шаш үлгісінің

ерекшелігі мен әдемілігі бағаланады) 
4. Сұрақ-жауап

5. Анамнан үйренерім көп.(Салат дайындау, қол өнер бұйымдары: тоқу,тігу)


I бөлім: 
Сәлемдесу- игі дәстүр киелі, 
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені. 
Жақсы сөзге жан семірер қашанда, 
Жолданады сайыскерлер сәлемі. –деп кезеңіне береміз.

ІІ. Өнерпаздар жарысып сан салады, 
Жиын десе, той десе жан салады. 
Кешіміздің бүгінгі құрметіне, 
Анасы мен қызы би билеп, ән салады. 
Анасымен қыз балалардың өнерін тамашалауға «Өнер» сайысына кезек береміз.


ІІІ бөлім.

Қыз бойындағы алғашқы көзге түсер әсемдігі шашы. Ал шашты күтіп-баптауды анасынан үйренеді..

Олай болса, « Шаш үлгісі» сайысына кезек берейік. 
Бұл жерде шашты әдемілеп түрлі шаш үлгісіне саламыз,оған ат қоямыз.


4. Қазақтың сан алуан дәстүрі бар, 
Оның сырың ашқанға жұрт қызығар. 
Жауаптарын табар ма екен аналар 
Сол себептен қоятын сұрақтар бар, -деп сұрақ жауап сайысына кезек берейік. 





5.Өнерлінің өнерін, 
Тағыда байқап көрелік, 
Жүйрік аттай желілік. 
Келесі өнер сайысына кезегімізді берейік –деп келесі бөлімімізде біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз аналарынан не үйренді екен. Соған кезек берелік.


Қорытынды.







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
968
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі