“Мен армандаған мамандық”
Әр адамның өміріне едәуір әсер етуші қадамның бірі - мамандық таңдау. Мамандықты қателеспей, дұрыс таңдай білу - мен үшін үлкен жетістік. Мұндай жауапты, саналы түрде қабылданатын шешімде өз жолымды дұрыс таңдағаныма сенімдімін бе?
Мен өз таңдауымды бала кезімнен ақ жасап қойғанмын. Кіші сынаптан бастап армандаған мамандығым - журналистика саласы. Есейе келе, сол бір бала күнгі арманым бүгінде басты мақсатыма айналып отыр. Бұл салаға деген қызығушылығымның оянуына себепші болған бірден бір жан - анам. Кішкентай кезімнен өнерге деген махаббатымды ашып, жан-жақты болуға баулыды. Кітапты ежіктеп оқымай, ойыңды нық әрі сенімді жеткіз деп кітаптарды көп оқытып, сөйлеу мәнерім мен ойымның жинақылығына аса назар аударатын. Өзімде бала күнімнен ешқандай қиындықсыз кез-келген адаммен тіл табысып, ортаға кіріп кететін, ашық-жарқын қыз болдым. Таныса сала түрлі сұрақтар қойып, жауап ретінде “сен журналист болатын шығарсың, сұқбат алғанды ұнатасың ғой” дегенді естейтінмін. Анам, бойымдағы қабілетті байқап, “шешендік өнер”, “көркем сөз”, “журналистика” сынды үйірмелерге қатыстырды. Сол үйірмелер арқасында жастайымнан сахнада өнер көрсетіп, жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, ақын-жазушылардың өлеңдерін жиі жаттайтынмын. Өсе келе өз ойымды ашық жеткізу, өзгелермен ой алмасып, пікір таласқан ұнайтынын түсініп, өмірлік жолымды журналистика саласымен ұштастырамын деп шештім. Мен үшін - журналистика жәй ғана сауаттылықтың шыңы емес. Ең алдымен, адам жанына үңіле алу, ең терең нүктесіне жете білу, әрбір сәтті жан тәнімен сезініп, көркем түрде қоғамға жеткізе алу. Мен үшін журналист - сана түкпіріндегі сырларды ақтара алатын тұлға бейнесінде қалыптасқан. Сол бейнені мен, Ләйлә Сұлтанқызының, Дана Нұржігіттің бойынан таба алдым. Бұл жандар мен үшін медиа саласының үлгі тұтар өз істерінің майталмандары. Олардың өзін өзі ұстауы, даналығы мен ойлау деңгейлері, сабырлы да салмақты қалыптарының үндестігі мені ерекше тартады. Осындай жандарға қарап бой түзеп, өзіңнің карьералық позицияңды құрасың деп ойлаймын. Мен де қоғамды танып, оның өзекті мәселелерін әділ түрде жеткізуді қалаймын. Бұл саланың мені қызықтыратын тағы бір тұсы, үнемі жаңа білім мен тәжірибеге, үздіксіз ізденіске жетелеуі. Журналист - жұмыс барысында өзінің батырлық, өжеттілік, тапқырлық пен шапшаңдық сынды қабілеттерін дамытады, нағыз жеке тұлға ретінде танылады. Бір орында тоқтап қалмай өміріңді түрлі бояумен әрлеуге мүмкіндік беретіні, жаңа бастамаларға жол ашып, ерен еңбек пен үлкен жауапкершілікті қажет ететіні журанлистика саласының басты ерекшелігі. Болашақта мен осы мамандықтың көмегімен қоғамға адал қызмет етіп, өзінің шынайы даусын естірте алатын, халық пен билік арасындағы алтынкөпірді берік байланыстыруға ұмтылатын журналист болуға бар күшімді саламын. Ойымды қорытындылай келе, мамандық таңлауда ата-ана, дос-жаранды емес мына өзіңнің жүрегіңді тыңдап, сонымен сырласқан абзалырақ деймін. Расында, мамандықтың табыс көзі мен өзектілігіне қызыққан жаннан қарағанда, өзіне сай етіп, жүрек қалауымен таңдаған жан, табысқа жетіп қана қоймай, өзін дәлелдеп, бақытты бола алады. Таңдаған жұмысыңды істейтін де - сен, сол жолмен жүретін де - сен! Сол үшін де, өзгені емес - өзіңді тыңдай біл! Сенің болашағың - сенің қолыңда!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Мен армандаған мамандық”
“Мен армандаған мамандық”
“Мен армандаған мамандық”
Әр адамның өміріне едәуір әсер етуші қадамның бірі - мамандық таңдау. Мамандықты қателеспей, дұрыс таңдай білу - мен үшін үлкен жетістік. Мұндай жауапты, саналы түрде қабылданатын шешімде өз жолымды дұрыс таңдағаныма сенімдімін бе?
Мен өз таңдауымды бала кезімнен ақ жасап қойғанмын. Кіші сынаптан бастап армандаған мамандығым - журналистика саласы. Есейе келе, сол бір бала күнгі арманым бүгінде басты мақсатыма айналып отыр. Бұл салаға деген қызығушылығымның оянуына себепші болған бірден бір жан - анам. Кішкентай кезімнен өнерге деген махаббатымды ашып, жан-жақты болуға баулыды. Кітапты ежіктеп оқымай, ойыңды нық әрі сенімді жеткіз деп кітаптарды көп оқытып, сөйлеу мәнерім мен ойымның жинақылығына аса назар аударатын. Өзімде бала күнімнен ешқандай қиындықсыз кез-келген адаммен тіл табысып, ортаға кіріп кететін, ашық-жарқын қыз болдым. Таныса сала түрлі сұрақтар қойып, жауап ретінде “сен журналист болатын шығарсың, сұқбат алғанды ұнатасың ғой” дегенді естейтінмін. Анам, бойымдағы қабілетті байқап, “шешендік өнер”, “көркем сөз”, “журналистика” сынды үйірмелерге қатыстырды. Сол үйірмелер арқасында жастайымнан сахнада өнер көрсетіп, жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, ақын-жазушылардың өлеңдерін жиі жаттайтынмын. Өсе келе өз ойымды ашық жеткізу, өзгелермен ой алмасып, пікір таласқан ұнайтынын түсініп, өмірлік жолымды журналистика саласымен ұштастырамын деп шештім. Мен үшін - журналистика жәй ғана сауаттылықтың шыңы емес. Ең алдымен, адам жанына үңіле алу, ең терең нүктесіне жете білу, әрбір сәтті жан тәнімен сезініп, көркем түрде қоғамға жеткізе алу. Мен үшін журналист - сана түкпіріндегі сырларды ақтара алатын тұлға бейнесінде қалыптасқан. Сол бейнені мен, Ләйлә Сұлтанқызының, Дана Нұржігіттің бойынан таба алдым. Бұл жандар мен үшін медиа саласының үлгі тұтар өз істерінің майталмандары. Олардың өзін өзі ұстауы, даналығы мен ойлау деңгейлері, сабырлы да салмақты қалыптарының үндестігі мені ерекше тартады. Осындай жандарға қарап бой түзеп, өзіңнің карьералық позицияңды құрасың деп ойлаймын. Мен де қоғамды танып, оның өзекті мәселелерін әділ түрде жеткізуді қалаймын. Бұл саланың мені қызықтыратын тағы бір тұсы, үнемі жаңа білім мен тәжірибеге, үздіксіз ізденіске жетелеуі. Журналист - жұмыс барысында өзінің батырлық, өжеттілік, тапқырлық пен шапшаңдық сынды қабілеттерін дамытады, нағыз жеке тұлға ретінде танылады. Бір орында тоқтап қалмай өміріңді түрлі бояумен әрлеуге мүмкіндік беретіні, жаңа бастамаларға жол ашып, ерен еңбек пен үлкен жауапкершілікті қажет ететіні журанлистика саласының басты ерекшелігі. Болашақта мен осы мамандықтың көмегімен қоғамға адал қызмет етіп, өзінің шынайы даусын естірте алатын, халық пен билік арасындағы алтынкөпірді берік байланыстыруға ұмтылатын журналист болуға бар күшімді саламын. Ойымды қорытындылай келе, мамандық таңлауда ата-ана, дос-жаранды емес мына өзіңнің жүрегіңді тыңдап, сонымен сырласқан абзалырақ деймін. Расында, мамандықтың табыс көзі мен өзектілігіне қызыққан жаннан қарағанда, өзіне сай етіп, жүрек қалауымен таңдаған жан, табысқа жетіп қана қоймай, өзін дәлелдеп, бақытты бола алады. Таңдаған жұмысыңды істейтін де - сен, сол жолмен жүретін де - сен! Сол үшін де, өзгені емес - өзіңді тыңдай біл! Сенің болашағың - сенің қолыңда!
шағым қалдыра аласыз













