400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Мен аспан әлеміне барсам

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша қазақ тілі пәнінен 5 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

ҰМЖ бөлімі

9- бөлім. Аспан әлемі құпиялары

Сабақ тақырыбы:

Мен аспан әлеміне барсам, ...

Пән: қазақ тілі

Күні: 24.04

Мектеп: «№ 4 орта мектеп» КММ

Мұғалім: Бейсенбинова С.Т.

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О6. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Мәтінді мұқият тыңдайды, мазмұнын түсінеді, мәтін мазмұны негізінде қарапайым сұрақтарға жауап бере алады, мәтіннің негізгі ойын анықтай алады

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтінді мұқият тыңдайды, мәтін мазмұны негізінде 1-2 деңгейлі қиын сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша сұрақтар құрай алады. Мәтінге пікір айта алады.

Кейбір оқушылар:

Мәтін мазмұны бойынша ақпараттарды саралай алады, жоғары деңгейлі қиын сұрақтар құрайды, оларға жауап бере алады, мәтін бойынша сыни пікір, ой білдіре алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:  аспан әлемі жайлы мәтінді түсінеді, талдай алады.Өз пікірлеріне мәтіннің негізгі ақпараттарын қосады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Ғаламшарлар, мүмкіндіктер, атмосфера

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  аспан денелері, аспан әлемі, ауа райы, қолайлылық

Құндылықтар

Кез-келген жағдайдан оң нәтиже шығаруға ұмтылу құндылығы

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, әдебиет

Алдыңғы оқу

«Аспан әлемі» туралы білімдерін «Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен білімді еске түсіреміз

Сабақ барысы

Уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Басы

7 минут


1. Кіру билеттері арқылы топқа бөлініп отыру

Кіру билетінің түсіне сәйкес топқа отыру

2. Кіру билетіндегі тілектерді оқыту

Оқушылар билеттерді орналастыру арқылы сөйлем құрайды, соны оқып береді, мұғалімге де тілек айтады

1. Біз жер ғаламшарындағы ең ақылды балалармыз

2. Біз жер ғаламшарындағы ең талантты балалармыз

3. Біз жер ғаламшарындағы ешкім теңдеспейтін балалармыз

4. Біз жерді ғана емес аспан әлемінде бағындыра аламыз

5. Біз жер мен көктің арасын жалғаймыз

3. Тілектерге қарап сабақ тақырыбын болжау

4. Оқу мақсаты мен бағалау критерийін таныстыру

Оқу мақсаты: тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

Бағалау критерийі:

«5 Т»

Топтық жұмыс

Тыңдау


Тәртіп


Тыңғылықты орындалған тапсырма

Толық жауап


Түрлі түсті қағаздар







Ортасы

28 минут






































Үй тапсырмасын тексеру

«Серпілген сауал» әдісі

1.«Аспан денелері» дегенді қалай түсінесің?

2.Аспандағы қай жұлдыздың атын білесің? Олар неге солай аталады?

3. «Менің жұлдызым жоғары» деген сөз қай кезде айтылады? Оның себебі неде?

4. «Жұлдыз жорамалға» сенесің бе? Неге?

5. Аспанға қарап ауа райын , тіршілік жайын қамдаған бабаларымыздың даналығы туралы не білесің?

Жаңа сабақ

1-тапсырма

1. Бейнежазбаны мұқият тамашалаңдар

https://youtu.be/9EpQI66TvbU?t=68

2. Топ ішінде өзге топтарға 5 сұрақ дайындаңдар (Уақыт – 5 минут)

1- сұрақ өте жеңіл сұрақ

2 - сұрақ жеңіл сұрақ

3- сұрақ

2-деңгейлі қиын сұрақ

4- сұрақ

1-деңгейлі қиын сұрақ

5- сұрақ жоғары деңгейлі қиын сұрақ

«Кім? Не?»


Қашан? Қайда?

Қалай? Қайтіп?

Не себепті? Неліктен?

Түсіндіріп беріңіз..., Неге олай ойлайсыз?

Дескриптор

1. Топ ішіндегі міндеттерді бөліп алады. Кім қай сұрақты құрайды, кім сұрақ қояды, кім жауап береді?

2. Оқушылар үлгі бойынша әр деңгейдегі сұрақтар дайындайды

3. Өзге топтардың сұрақтарына жауап береді

Бағалау

Сөйлемдер арқылы бағалау

Біз сендерге сенеміз! Тек қана алға, жарайсыңдар! Тамаша, сендер мықтысыңдар!

Сергіту сәті

«Аспанға қараймын» әніне билеу

2- тапсырма

«Аялдама» әдісі бойынша тапсырма

1. Мәтін мазмұны бойынша «Мен аспан әлеміне барсам, ...» сөйлемін жалғастырып, өз пікірлеріңді білдіріңдер

Дескриптор

Мәтін мазмұны бойынша «Мен аспан әлеміне барсам, ...» сөйлемін жалғастырып, өз пікірлеріңді білдіріңдер, ой (сөйлем) қайталанбау керек

Бағалау

Әр топ өз аялдамасына оралады, егер жазылған пікірлер ұнаса, оған топтың мөрін басып, тақтаға іледі, жұмыс бойынша пікір айтады

3-тапсырма

Жеке тапсырма (үлгерімі төмен оқушы үшін)

Берілген тізбекті жалғастыр

Жұлдыз-зымыран-нептун-...

Дескриптор:

1 минут ішінде тізбекті жалғастырыңдар, тек аспан әлеміне қатысты сөздер болсын. Кім көп жазады, сол оқушы жеңімпаз.

Бағалау

Дәптерлерді жинап алып, тексеру арқылы бағалаймын

Бағалау критерийі

9-10 сөз жазса –жоғары

7-8 сөз жазса – жақсы

5-6 сөз жазса – орта

3-4 сөз жазса – қанағаттанарлық

1-2 сөз жазса – төмен









«Серпілген сауал»



АКТ

https://youtu.be/9EpQI66TvbU?t=68


Блум сұрақтары






















Би билеу


«Аялдама» әдісі








Соңы

Рефлексия

Кері байланыс

5минут

Оқушылар рефлексиясы:

«Құс жолы»

«Құс жолына» түрлі түсті жұлдызшаларды жабыстыру арқылы жүргізіледі. Жұлдыздардың қай түсі басым болуына қарай, мұғалім келесі сабағына жоспарлау жүргізе алады.

Сары түсті жұлдыздар – «маған барлығы түсінікті»

Көк түсті жұлдыздар – «әлі де жеткіліксіз»

Қызыл түсті жұлдыздар – «мен қанағаттанбаймын»






Кесте

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай бағалайсыз?

Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түсіндіресіз?

1. Оқушы жасаған әрбір жұмысты ескерусіз қалдырмаймын

2. Әр тапсырмадан кейін кері байланыс орнатамын.

3.Тапсырма мен дескрипторды оқушының оқу қабілетіне сай құру арқылы, оқушының деңгейін бағалаймын.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?


Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Иә

Түрлі деңгейдегі сұрақтар дайындайды, түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап береді

Оқушылар шабыттана жұмыс жасады

Иә


Иә

Жоспарға өзгерімс енгізілген жоқ

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Түрлі деңгейдегі сұрақтар құрату және оларға жауап беру

2: «Серпілген сауал» әдісі

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Бейнежазба оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятты

2: «Аялдама» әдісі оқушылардың белсенділігін арттырды

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Сұрақты дайындауды өзім оқушы деңгейіне қарай бөліп беремін


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
1380
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі