400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін.

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің алдыма қойған мақсатымда әр балада осы құндылықтар бар екенін дәлелдеп көздерін жеткізіп сансымен растату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мырзамбетова Ғалия Серікқызы

Түймекент ауылы

Түймекент орта мектебі

Эссе





Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін.

Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, оның нұрлануына

мүмкіндік беріңдер.

Сократ.

Ия ,сол филосов Сократ айтпақшы баланың нұрлануына, яғни жарқырауына , от болып жануына мүмкіндік жасау біздердің қолымызда. Дәл бүгінгі таңда өзін – өзі тану пәнін мектептің бағдарламасына енгізгені өте орынды . Мектептің табалдырығын аттанған бала «Мен мектептен оқуды үйренемін» деген шынайы мақсатпен келеді. Өзінің тек қана

ата – анасының баласы, ата –әжесінің немересі екенін білетін бала ол енді оқушы екенін партаға отырғында сезінеді. Сол кезде оқушының жанынан Мен табыламын.

Мен, өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі, әріп жазудың қинышылығын, сөйлем құраудың қиындығынан қиналған оқушыға сабағыма келгенде Менің жүзімнен, қимыл – қозғалысымнан, сөйлеу мәнерімнен жылылық сезініп шаршағанын ұмытуы керек. Ол Менің көмегіммен өзінің тұлға екенін, ол кішіге аға екенін, үлкенге іні екенін, ата – анаға өмірдің жалғасы екенін білуі керек. Мен сол баланың жүрегіндегі шырағын жағу үшін мектептемін. Мен әр баланың жүрегіне жол табуым керек, сол үшін Мен сол баланың жақын жасы үлкен досына айналамын. Мен жас ерекшелігімді жою үшін сол алдымдағы баланы қатарына айналамын. Бала сабағыма келгенде, Мен тағы не туралы білемін деген, тұтанған шырағын аялап келеді. Әр баланың ішінде өзі білмейтін «қасиет» деген ашылмаған сезімі бар. Әр сабақта Мен сол баланың бір қасиетін таныта , яғни аша білуім керек. Мен өмірдегі әр балаға тән әрекет, іс – қимыл, кездесетін оқиғалар

( мен де бала болғанмын ) арқылы жақсы бір қасиеттің түрін түстеймін , яғни түсіндіремін. Менің бүгінгі сабағымнан өзі білмей жасаған жақсы







әрекетін үлкен қасиет екенін білген баланың шырағы май құйғандай күшейе береді.

Мысалға: табиғатты аялауы – атасымен, сыныптасымен тал еккені, үлкенге көмек көрсеткені - дүкенге барып нан әкелгені, ауланы сыпырғаны, су тасығаны, кіші іні- қарындасын жетектеп жүргені, ойнатқаны, сыныптасының ауырып қалғанынан жаны ашығаны, олимпиаданың жеңімпазы болғанда қуанғаны, әнұран ойнап көк байрақ желбірегенде көңілдің толқығаны тағы да сондай жағдайлар адам баласының адамгершілік құндылығы. Сабақтың соңында, мен осының бәрін білемін ғой , менде бұл қасиет бар ғой деп түсінеді, іштей бала қуанады. Бала өзі атын атай алмасада ішкі бір дүниесінің жоғары бір күш бар екенін сезінеді, бірақ ол туа біткен қасиет болған соң ол абсолюттік жалпы адамзаттық құндылық.

Менің алдыма қойған мақсатымда әр балада осы құндылықтар бар екенін дәлелдеп көздерін жеткізіп сансымен растату. Әлі шаң баса қоймаған баланың ішкі дүниесін аша білген мұғалім – ол нағыз өз ісінің шебері.

Мен баланың шырағын жағу үшін мектепке келдім, сол шырақ түтіндемей, бықсымай таза тұтанып өшпестей үлкен сенім алауына айналу керек. Менің сабағымда оқушы өзі – өзімен танысады. Оқушы өзіне сырт көзімен қарайтындай «көз» табу керек, ролге кіріп әр түрлі (жағымды, жағымсыз) ситуацияларда болып сезіну керек. Өмір баспалдағында кездесетін сәттердің жақсысымен жаманын айыра білу үшін жеңіл нұсқаларын көрсету арқылы

(сіз ол баспалдақты өтіп қойдыңыз) баланың ішкі бағытын «сыр сандығы» деп атайық, толықтырасыз. Ертең өмірде кездескенде ол ішкі дүниесінен шығар жолын іздеп тауып алады. Мен алдымдағы баланың мейірімді, сыпайы, өжет, отансүйгіш, патриот тағыда осындай жарқырататын құндылықтарын бойыннан байқатпай сыпайы түрде сусытып сыртына шығаруым керек, себебі туа біткен жаратқанның берген жүрегіне тазалық бар. Тазалық –ол бар жақсылықтың , имандылықтың , адамгершіліктің бастауы.







Мен жүрегімде еліме деген патриотық оттың лаулап тұрған шағында алдымдағы балаға сол оттан ұшқын сыйлаймын.

Әр қазақ баласы еліне, отанына, отбасына қорған болу керек. «Отан үшін от кеш күймейсің» деп ұрандатқан қазақ шынай айтқан. Отан, от, отбасы – бәрінің түбірі бір, яғни тамыры бір. Мен патриотпын, сонымен қатар әр баланың жүрегіндегі шоқ алау болғанын тілеймін. Ол өзімшіл болмай жылуын сыртына шығара білу керек . Ол мейірімен бөлісу үшін үлкен

«сабыр» мектебіне жетуі абзал. Сабыр туралы қанатты сөздер әр баланың періштелік қанатына айналуы керек.

Өзін – өзі тану пәнінің мақсаты адами құндылықтың ең жоғары сатысы сабырлылық деп есептелуі керек. « Сабырлы жетер мұратқа»,

« Сабыр түбі сары алтын» деген халық даналарының айтқанын ұран етіп пайдаланамын. Өзім сабырлымын және де алдымдағы балаларымдыда соған жетелеймін.

Мен әр баланың шырағын лаулатамын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі