Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы.
«Опорный орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сания Изимова
Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін!
эссе
Ұлы тұлға ұстазға ,
Арналар талай жыр-жазба.
Үйреткен барлық ілімге,
Қазсаңда бітпес мол қазба.
Шіркін-ай, шіркін не жетсін
Ұстаздан шәкірт озғанға!
Иә , әрбір ұстаз өз шәкіртінің жетістікке жеткенін қалайды.Шәкіртінің жетістігі ұстазының мақтанышы, төккен тердің нәтижесі , үміттің ақталуы ,еңбегінің еленуі емес пе? Мектепті кеме, білімді теңіз дейтін болсақ , сол теңізде жүзіп жүрген аққуларды мұғалім дер едім. Өйткені аққудың махаббатына, сұлулығына, адалдығына , тазалығына , кербездігіне , паңдығына тамсанатын болса, дәл солай біздер, яғни мұғалімдер өзіміздің білімділігімізбен, жүріс-тұрысымыз, киім киісімізбен , сөз саптауымызбен үлгі көрсетеміз. «Ұсатздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» демейме. Ұстаз үйретумен қоса үйренумен, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Ұстаздық жол оңай жұмыс емес, оны тек осы саланың қызығы мен шыжығын бірге көріп , ыстығына күйіп, суығына тоңып , төзіп жүрген адамдар ғана біледі. Біріншіден, ұстаз кім? деген сұраққа жауап берейікші!
Ұстаз-ол ана,
Ұстаз-ол психолог.
Ұстаз-ол бағдаршам,
Ұстаз-ол тұлға.
Қиын да, қызығы мол ұстаздық жолда қызмет етіп жүргендіктен, ұстаз кім ? –деген сұраққа осылай деп анықтама жаздым.
Біріншіден: ұстаз –ана, ал қай ата-ана өз баласының жаман болғанын қалайды...?Ол саған жанашыр , қамқор , ұйымшыл, болашағыңа алаңдаулы. «Апам-ай деп жылатса да, ботам-ай деп жылатпасын, баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» - дейтін халықпыз ғой. Ата-ана мұғалімге балапанын аманаттап қалдырған болса , аманатқа қиянат жасамай , сені білімді, тәрбиелі азамат шығаруға атсалысады, сондықтан да , мұғалім мен шәкірттің арасында бір жіпсіз байланыстың болуы хақ.
Екіншіден: ұстаз-ол психолог.Өмірде қанша адам болса, сонша ой бар,пікір бар, мінез бар.Алдында отырған оқушыны танып біліп,жан-жақты зерттеп, зерделеп, ішкі жан-дүниесін түсініп, жетістігі мен жетіспейтін тұстарын ескеріп, әр балаға қандай қарым-қатынас жасау керектігін біледі.
Үшіншіден: ұстаз –ол бағдаршам.Мұғалім жолда бағыт-бағдар беріп, тәртіпке шақырып тұратын бағдаршам іспетті. Тым асқақтап бара жатса қызыл түстей тоқтата салады.Жыласаң жұбатып, сүрінсең сүйеп жіберіп «қайта тұрып хақың бар жүгіруге» деп талпындырып , бағдаршамның жасыл түсіндей тек алға жетелейді. Ал өмірде кездесетін сан түрлі сынақтардан сүрінбей өту үшін , болаттай берік төзімділікке тәрбиелеп , бағадаршамның сары түсіндей дайындайды. Тек қана осы асыл қасиеттерді бойына жинағаннан кейін ғана, нағыз маман иесі тұлға атанады. Өйткені алдында отырған шәкірт кішкентай шырақтай , оның лаулап жануы немесе жанбай жатып өшуі бізге , яғни мұғалімдерге байланысты. Оқымайтын бала болмайды , оқыта алмайтын мұ,алім болады дегім келеді. Баладан шырақ ұшқынын көрген сәттен бастап, сол мақсатқа жетуге талпындырып , жақсы нәтижеге қол жеткенше тоқтамауымыз керек. Ұстаздан шәкірт озар демекші, шәкіртінің жетістігі ұстаздың жетістігі деп білемін. Өзімнің қызметтік жолым да ардагер ұстаздарды үлгі тұтып , оқушыларыммен кездестіруден жалықпаймын. Сондағы ойым шәкіртім ұлы тұлғалы ұстаз бейнесін мәңгі сақтаса және зейнетке шықса да, шәкірттерін аңсайтын , жетістікке жеткен шәкіртін көргенде қуаныштан көзіне жас алатын ардақты жанның көңілінің бір марқайып қалуы.Сонау қызмет еткен жылдарын есіне алып , шәкіртінің шырағының жанғанын көру , ұстаз үшін бір мәртебе деп білемін! Ұстаз деген ардақты атқа кез-келген жан лайық бола бермейді , сол үшін тырмысып, талпынып қызмет етудемін. Сөз бастаған шешен де , қол бастаған көсем де , хан да, қара да дәл осы қарапайым мұғалімнің алдынан шыққан. Өз бойымнан осындай асыл қасиеттердің жиынтығын байқағаннан кейін мен осы саладамын. Мен осы салаға керек екенімді сезінемін. Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін

шағым қалдыра аласыз