400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал барлық ұстаздарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұнайлы ауданы

Жаркымбаева Турдыгул

« Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін» 

«Адамның адамшылығы жақсы ата-ана, ақыл, білім және сол білімді бала бойына сіңдіретін ұстаздан»,-болады деп Абай атамыз айтқандай: санасына сызат түспеген періште көңіл сәбиді өмір баспалдағына жетелеп,көздері жаутеңдеп алғаш мектеп табалдырығын қорқасықтап аттаған балапандардың рухани дүниесін байытып, біліммен нәрлендіретін абзал жан-ұстаз екенін яғни маған әрбір үйдің еркесінің болашағы аманаттап тапсырылғанын түсініп, артылар сенім ешқандай заңғар биікпен салыстыруға келмейтінін түсіндім. « Бала тумысынан жаман болмайды, жаман тәрбиеші ғана болуы мүмкін. Бала рухын дұрыс қалыптастыру үшін, өз мінезінің жақсы, шебер тәрбиелік қасиеті болу керек. Мұғалімнің міндеті баланы ізгілікке жетелеу. Біз ойымыздан: тек дарынды балаларды ғана оқыта аламыз деген ойды алып тастауымыз қажет, себебі бұл алдамшы сезім. Біз өсіріп тәрбиелеп отырған балаларымызға жылы-жүзді, мейірімді сөз айтып, сапалы білім алуға жағдай жасауымыз керек» -деген сөздері ізгі педагог Ш.Амонашвили айтқан сөздерін өмірлік ұстанымым ретінде жұмыс жасауға бел будым. Мен ұстаз-ана ретінде педагогикалық және өмірлік тәжірибемнен баланы жан-жақты дамыту, ең әуелі баланың жоғары рухани адамгершілік болмысын ашу қажет деп ойлаймын. Бұл үшін әрбір баланың жүрегіне жол таба білу қажет.Әр бір күнімді оқушыларды қызықтырып және шабыттандырып, ойының сөзінің және іс-әрекетінің бір жерден шығуына жағдай жасауға тырысып отырдым. Ол үшін әрбір сабақ барысында оқушылардың мінез-құлқына қарай жеке қарым-қатынас жасай отырып, олардың ішкі жан дүниесін ашуға сабақ кезінде талқыланатын мәселелер бойынша өз көзқарасын білдіруге, өз қабылетін барынша ашуға, қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік жасаймын. Рухани-адамгершілік тәрбие беруде тек қана жағымды және ізгі әдістерді қолданамын.Сонымен қатар ежелгі қытай ойшылы Конфуцийдің: «Маған айтып берсең ұмытып қаламын,көрсетсең есте сақтармын,ал өзіме жасатсаң-үйренемін!» деген сөзі оқушылардың сабақ барысында тақырыпты бірлесіп талдап,бірігіп жұмыс жасауы оқушыларға жаңа тақырыпты меңгеруге және ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді деп есептеймін. Мұғалімнің ойы мен сөзі және іс-әрекеті арасында бірауыздылық болған жағдайда ғана оқушының сенімі артып одан үлгі алады. Мұғалім сөзінің жүректен шығуы өте маңызды. Ол өзінің айтып тұрғанына шынайы көзі жеткен және сенімді болуы керек.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
728
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі