400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мен»-бақыт бастауымын \тренинг- сабақ\

Материал туралы қысқаша түсінік
Бақыт туралы түсінік беру. Өз ойларын ашық және нақты айта алуға үйрету. Өмірге деген позитивті көз қарас қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйғыр ауданының «Дардамты орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

педагог- психологы Нодярова Гульмира Анарбековна

Тақырыбы: «Мен»-бақыт бастауымын \тренинг- сабақ\

Мақсаты: Бақыт туралы түсінік беру. Өз ойларын ашық және нақты айта алуға үйрету. Өмірге деген позитивті көз қарас қалыптастыру.

Жаттығу: «Амандасу, танысу»

Нұсқау: Оқушылар ортаға шығады , шеңбер құрып тұрады. Оларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар таратылады. Сосын әр оқушы қандай түрде амандасқысы келсе солай амандасып, карточкадағы сөйлемді аяқтау керек.

1. Бақыт деген...

2. Мен... жақсы көремін

3. Бақытсыз адам...

4. Өмір деген...

5. Мен адамдардың... жоғары бағалаймын

6. Мені бақытты ететін үш адам...

7. Мені бақытты ететін үш нәрсе...

8. Мен өз өміріме жауаптымын, себебі...

9. Бақытты адам...

10. Менің отбасым…

11. Мен... қатты қиналам

12. Егер мен ... болсам, менің өмірім әлдеқайда бақытты болар еді

13. Ең бастысы мен өз бойымнан... өзгерткім келеді.

14. Мен ... жағдайда өте қатты қиналамын.

15. Мен өзімнің ... мінезімді жақсы көремін

16. Мен бақытты болу үшін...

17. Менің өмірім...

18. Менің өмірімде... болғанын қалар едім

19. Мен өзімді... деп ойлаймын

20. Өзгелер мені... деп санайды

21. Менің өмірлік ұстанымым...

22. Мен... болғым келеді

23. Егер менде миллион болса...

24. Мен қорқам егер...

25. Мен ашуланамын, егер...

26. Мен шыдай алмаймын...

27. Мен қатты ызаланамын, қай кезде...

Жаттығу «Менің ойымдағы бақытты адам, ол...»

Нұсқау: Оқушыларға ортасында «Менің ойымдағы бақытты адам, ол...» деген жазуы бар жұлдызша қиындылары таратылады. Оған оқушылар өздерінің 5 ойын жазады және әр оқушы өз жазғандарын оқып шығады. Артынан 4-5оқушының жазғандары талқыланады. Барлық жауаптар тақтаға ілінеді.

Психологтың сөзі:

  • Бақыт-бұл адамдар үшін өмір сүру және басқаларды бақытты қылу.

  • Бақыт-бұл жүрек қалауындағы істі тауып, ол істі бар қызығушылықпен орындау.

  • Бақыт-бұл белгілі бір жетістікке жету.

  • Бақыт-бұл әрқашан туған туысқандары мен достарының арасында жүру.

  • Бақыт-бұл ертеңгі күнді ойламай-ақ, бүгінгі күнмен өмір сүру.

  • Бақыт-бұл қызғылықты өмір сүру үшін барлық жағдайларының жасалуы.

  • Бақыт-бұл денсаулықтың жақсы болуы, өзіңнің және қоршаған адамдардың денсаулығын күте білу.


Сергіту жаттығуы «Позитивті ой»

Нұсқау: Ортаға алдын ала дайындалған әсемделген галош қойылады. Бұл галошты киген адам бақытты болатындығы түсіндіріледі. Оған өз қалауы бойынша бір оқушы шығып галошты аяғына киіп тұрады, психолог сұрақ қояды, бала бұл сұраққа тек позитивті жауап беруі қажет. Ойын солай жалғасады.

  1. Сенің анаң саған қымбат ұялы телефон алып беруге уәде берді, сен тағатсыздана күтіп отырсың, бірақ анаң саған арзан телефон алып келді,- сенің іс әрекетің?


  1. Сен мектептен 8сағат оқудан шаршап, қарның ашып үйге барып, анаңның дайындап қойған ыстық тамағын, ыстық шайын ішіп дем алсам деп ойлап келдің, сен есікті ашып кіргеннен ақ анаң саған, бол тез үйді жина, маған көмектес қонақ келейін деп жатыр деді, - сенің әрекетің?


  1. Сенің мұғаліміңнің туған күні, кластастарың бәрі сыйлыққа ақша жинап қойды, сен ғана қалдың, үйге барып ақша сұрадың, бірақ саған ақша жоқ қайдан тауып берем деді,- сенің әрекетің?


  1. Сенің жақын досыңның туған күні, сен кешке барам деп дайындалып жатырсың, бірақ әкең саған бармайсың деп айтты,- сенің әрекетің?


  1. Сен конкурсқа қатыстың, саған бәрі сенді, дайындығың керемет,орын аласың деп бәрі сенімді болды, бірақ конкурс әділетсіз болып сен орын алалмай қалдың,-сенің әрекетің?


«Қаблиса жырау» , «Бақыт қайда барасың?» және «Бақыт қайдан келесің?» тақырыптарындағы поэзиясын тыңдау

- Поэзияны естігенде қандай сезімде болдыңыздар? \Оқушылардың пікірін тыңдау\

Қорытындылау:

Ондай болса құрметті оқушылар сендерде әрқашан болсын

Ауа- дем алу үшін

От -жылыну үшін

Су -ішу үшін

Жер- онда бақытты өмір сүру үшін


Әр бір күндеріңіз бақытқа толы болсын!- деп бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтаймыз.


Кері байланыс:

Оқушыларға стикер таратылады бүгінгі тренинг туралы өз ойларын, пікірлерін жазып тақтаға іледі жазады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
1038
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі