Мен бақытты баламын

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен бақытты баламын

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен бақытты баламын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Құрметті ата - аналар, кішкене бүлдіршіндер және балабақша ұжымы! Баршаңызды 25 қазан Республика күні мерекесімен «Шаңырақ» мектеп алды тобы атынан шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілеймін.

Хор:Әнұран.
Тәрбиеші: Балалар арайлаған таңды сүйетін кім?
-
Мен
Алтын сәулені сүйетін кім?
-
Мен
Жарқын даланы сүйетін кім?
-
Мен
Ата-ананы сүйетін кім?
-
Мен
Досын сүйетін кім?
-
Мен
Болашағы елімнің кім?
-
Мен
Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен екен.
Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
-
Біздің отанымыз Қазақстан.


Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер.
Иә балалар дұрыс айтасыңдар әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады екенбіз.

Балалар кәнекей әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын киіз үй құрып көрсетейік.
Кәне, кәне тұрайық,
Киіз үй біз құрайық.
Оң қолымды көтердім,

Киіз үйді тұрғыздық,
,
Сол қолымды көтердім
Уықты мен көтердім
Жұмысты біз тындырдық..
Елші :Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?!

Тәрбиеші:

- Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан келгенсіз - ау деймін.

Елші:

- Мен ел аралап жүрген елшімін. Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп келдім.

Тәрбиеші:

- Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағат өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз.

Елші:

- Сәлем, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің ұлттық құндылықтарың,салт дәстүрлерің туралы не білесіңдер мен қазір додекадр ойыны арқылы біліп аламын.

«Кім біледі» (Сұрақ жауап)

Ойын « Кім ол ,не ол ?»

Тәрбиеші:

Ақжайық, Алтай арасы

Қазақтың шалқар даласы

Республикама қарашы!

Жерімнің дәні маржандай

Қырманы асқар таулардай

Республикама қарашы!

Шолсаң да биік аспаннан

Қарқырар кені тастардан

Республикама қарашы!

Шырқаған сайын тірегі

Республикама қарашы!

- Қазақстан Республикасы.

Балалар бүгін қандай күн екен.

Балалар :25-қазан Республика күні екен.

Тақпақтар:

Абылай

Республика күнінде

Ән айтамыз билейміз

Қайғы жұтып алаңдар

Мұңайудыбілмейміз

Балалармыз бақытты

Мерекені тойлайтын

Республика күнінде

Бар жақсыны ойлайтын

Еркебұлан

Мен бақытты баламын

Айтқан тілды аламын

Республика күнінде

Жұлдызболып жанамын.

Дүйсебек Димаш.

Республикам ғажабым

Артын даңқың ажарын

Қазақ елі жанданып

Таусылмасын базарың

Бекнұр

Құтты болсын қазағым

Республика күні бұл

Мерейлі де тәуелсіз

Қазағымның бұл үні.

Ақниет

Республика күні бұл

Құтты болсын гүл елім

Көңілімнің нұрысың

Сен деп соғады жүрегім





Суретпен жұмыс.

Даяна: Қазақстан Республикасың мемлектттік елтаңбасының негізі шаңырақ.

Ол елтаңба жүрегі .Шаңырақотбасының бейнесі.Түндік таза көк аспанды бейнелейді.

Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.Қос тұлпар желдей ескен жүйрік ат,тәуелсіздыкке,бостандыққа ұмтылған

Құлшыныстың бейнесі.Елтаңба авторы

Жандарбек Мәлібеков атамыз.


Асқар: Мемлектттік тудың ортасында

32 сәуле тараған күн бейнеленген,күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір

Түсті төртбұрышты кездеме.Ағаш сабына

Бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген.Күн,арай,қыран ,ою өренктералтын түсті.Тудың түсі көгілдір түсті.Мемлекеттік тудың авторы Шакен Ниязбеков атамыз.

Алихан:

Елтаңбасы елымның

Елтаңбасы елымның

Неткен айбат әдемі

Тұнығындай көңілді

Ортада аспан әлемі.

Құт береке шаңырақ

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

Тәуелсіздік жолында

Талай талай тер тамған

Билігім өз қолымда

Еркіндігім елтаңбам.

Сүндет

Көк тудың желбірегені,

Жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жанмен тең,

Жан емес маған керегі.

Көк тудың желбірегені.


Сергіту сәтті: Тақия тастамақ»

Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер. Онда Отан дегеніміз не?

Балалар:

- Отан дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.

Ойын: «Кім Жүйрік»

Асылхан Димаш.

Отан сенің ата - анаң,

Отан досың, бауырың

Отан - өлкең, астанаң

Отан аудан, ауылың.

Каусар

Отан атам, Отан - әкем

Осы сөзім қате ме екен?

Қате болса неге біздер

Дейміз оны атамекен.

- Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.

Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек.

- Сендердің еңбектерің сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың.

Ойын: «Ол кім,Бұл не

Топперлер.

1 Тәуелсіздіктің туын биік ұстайық.(Нұрдаулет)

2 Еліміздің күші бірлікте.(Дастан)

3Егемен еліміз мәңгі жасасын( Алинұр)

4 Елімізді көркейтетін халқымыздың еңбегі мен күш жігері мол болсын.(Бақберген)

5 Қазақстан біздің мақтанышымыз,біздің болашағымыз (Асылжан)

6 Тәуелсіздіктің ғасырлар бойы аңсаған арманымыздың ақиқатқа айналуы (Нүрай)

7 Туған еліміздің гүлденуыне әрқайсысымыз үлес қосайық.(Айсұлу)

8Тәуелсіздік батыр бабаларымыздың сыйы.(Адина)

Ән: Қазақстаным отаным.

Елші:

- Құрметті ата - аналар, балабақша ұжымы бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, бүгінгі бақытты балаларға өзімнің кішкене ғана сыйлығымды тапсыруға рұқсат етіңіздер. Қазақстанның болашағы гүлдей жайнай берсін!

Тәрбиеші:

Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін.

Қайта тудым өмірге қайта келдім

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Жаса жаса мәңгіге туған елім.

Осыменен «Шаңырақ» мектеп алды тобының оқу іс әрекетін аяқтаймыз. Көңіл қойып келгендеріңізге, ынта қойып тыңдағандарыңызға көпте - көп рахмет!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі