400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Мен барамын мектепке

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ:

«Өзім барам мектепке» (өлең)

(Тұманбай Молдағалиев)

Мектеп/ МҰ: 1 мектеп - лицейі


Педагогтің аты-жөні: Садыбаева Улжан

Сынып/топ: «Г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтарының мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу

0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)

0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:

Шағын мәтін, тақпақ мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді. Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:

Өлең мазмұнының жүйесін сақтай отырып қайталап айтып береді.

Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:

Өлеңді саналы, эмоциялық түрде жатқа айтады.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: талқылау барысында қандай? қайсы? қалай? қайда?

не үшін? деген сұрақтарды пайдалана алады.

Әдеби жанрларды ажыратады.

Көптілділік: мектеп – школа – school, кітап – книга – book Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: уақытымды бөлемін, әрледі.

Пікір алмасу сұрақтары:

Мектепте оқу несімен жақсы?

Жақсы оқу үшін адам бойында қандай ерекшелік болуы тиіс?

Өткен ҰОҚ-де алған білім

Өткен ҰОҚ­дегі ертегі кейіпкерлерін естеріне түсіреді.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин.

(Ұ) ҰОҚ­де жұмыс жасау барысында балалардың көңіл күйін қалыптастыру үшін педагог тәрбиеленушілермен шаттық шеңберін жасайды.

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге.

(Ұ) Педагог мектеп туралы білетіндерін ортаға салуға мүмкіндік тудырады.

Көптілділік: мектеп – школа – school, кітап – книга – book

Шеңбер құру

III. Тақырып бойынша жұмыс

6–27 мин.

(Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс:

  • Қараңдаршы, балалар, суреттен не көріп отырмыз?

  • Суретте балалар не істеп отыр?

  • Үстел үстінде қандай құралдар бар?

  • Ағасы інісі екеуі не туралы әңгімелесіп отыр деп ойлайсың? Педагог Тұманбай Молдағалиевтың «Өзім барам мектепке» өлеңімен таныстырады. Педагог өлеңді оқиды.

(Т) Өлең мазмұны бойынша сұрақтар.

  • Өлең қалай аталады? Не туралы айтылған?

-Бала нені армандады?

– Қайда барғысы келді?

  • Оқып жүрген балаларда қандай заттар болады?

  • Не себепті баланың мектепке барғысы келді?

Педагог өлеңді мәнерлеп екінші қайтара оқып береді.

Өлеңді хормен 2­3 рет жоғары, орта төмен дауыспен қайталай отырып балалармен бірге жаттатады.

Сергіту сәті:

Таудан да биік талабы

Азамат өсіп келеді.

Көрсетіп көмек кішіге, Үлкенге сәлем береді. Ұқыпты барлық ісіне,

Азамат өсіп келеді.

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:

1. Педагог жұмбақ айтады. Суреттерін табу.

Арқалап асынамын,

Мектепке асығамын. (Арқақоржын)

Білімнен мол сый асы,

Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Қабат­қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама. (Кітап) 2. Мектептің суретін салу.

3. Есіңе сақта!

Мектебім – алтын бесігім.

– Неліктен біз мектепті алтын бесік деп атаймыз?

Қалай ойлайсыңдар?

Мектептен біз білім аламыз, көп нәрсені үйренеміз. Мектеп біз үшін ыстық, сондықтан да «алтын бесігім» деп айта аламыз. 2­3 рет қайталай отырып жаттап алу.

Әліппе дәптер






















Музыкалық сүйемелдеу









Әліппе дәптер

IV. ҰОҚ қорытындысы.

Рефлексия.

28–30 мин.

Педагог қорытынды жасайды.

  • Өлең қалай аталады? Кім туралы айтылады?

  • Сендердің мектепте оқығыларың келе ме?

(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.

Тәрбиеленушілер ҰОҚ­дегі өзінің жұмысына баға береді.

Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.

Әліппе– дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
446
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі