400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен басшы болсам..." атты эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Басшылыққа ұмтылған адамдарға пайдасы тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен басшы болсам...»

Адамның басшысы - ақыл, шолушысы –ой, жетекшісі –талап, қорғаушысы –сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы –ар сақтау, бәрінен ардақтысы –өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі –сыйластық.

(Төле би)

Бүгін, міне, қолыма қалам алып, «Басшы болсам, қандай басшы болады екенмін?» деген ой келді. Ең алдымен, жоғарыда айтылған Төле би бабамыздың сөзіне толығымен келісемін. Адамның басшысы –ақыл. Ақылмен басқарылған басшылық игі нәтижесін береді деген ойдамын. Алдымен, осы басшылық деген сөздің түп мағынасын білейікші. Басшы болу үшін көш бастау керек. Олай болса, көшбасшылық пен басшылық сөздеріне мән берейік. Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы. Басшы –бұл  жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Басшы – ұжымға өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам және жаңашыл педагог мамандарды тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы.

Өзгенің бақытын аялап, өз уақытын аямайтын жанның бірі - мен. Есімім Эльмира Бақытқызы. Көпбалалы отбасынан шыққанмын. Отбасымыздан мемлекеттік қызметкер, дәрігер, журналист, мұғалім де шыққан. Бұл үшін ата-анама мың алғыс айтамын! Сол мұғалімдік қызметте жүріп, талай шәкірттерді өмір жолына қанаттандырып, директордың орынбасары қызметтерін де атқарып жүрген жайым бар. Ендігі мақсатым – басшылыққа ұмтылу. Басшы болу - оңай іс емес. Осы мәселеде «Мен қандай басшы боламын?» Осы сұраққа көп ойландым. Себебі артында тұрған үлкен көш бар. Бұл көш – білімді мұғалімдер мен болашағымыздың жарқын болашағы, оқушыларымыз. Осы орайда, бірнеше ғұламалардың сөзін қағида етіп ұстанамын. Конфуцийден: "Егер сіз бір елге басшы болсаңыз, ең әуелі не істер едіңіз?" деп сұрапты. Конфуций: "Егер мен бір елге басшы болсам еш әрі-сәрі болмастан, ұлттың тілін тәртіпке салар едім" депті. Осы Конфуцийдің сөзін негізге алып, ең алдымен болашақ мектебімде қандай тілді мектеп болмасын, ең бірінші ана тілінде еркін сөйлеп, ойын еркін жеткізе алатын, ана тілін сүйіп, мақтан тұтатын оқушылар тәрбиелейтін едім. Себебі, Әл Фараби атамыз айтып кеткендей: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі тиіс, тәрбиесіз берген білім –адамзаттың қас жауы» деген екен. Екіншіден, болашақ мектебіме білімді, еңбекқор, адал, ізденімпаз, заман ағымына ілесе алатын, заманауи технологияларды игере алатын, елін сүйетін патриот мұғалімдерді қабылдайтын едім. Ең бастысы, балаларды жақсы көретін болуы тиіс. Себебі, Абай атамыз айтқандай: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан да болады».
Ахмет Байтұрсынов былай деген екен: «Мұғалім қандай болса, мектеп hәм сондай-ақ болмақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика – методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Осы орайда мұғалімге қойылатын талаптар да өте зор. Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет; мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс; мұғалім – білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны баулуға міндетті; мұғалім педагогикалық қарым –қатынаста қызмет ететін тұлға болу керек; педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті немесе француз педагогі  Жубер айтқандай «Оқыту деген екі есе оқу», — деп терең ой тастап отыр.

Біраз жылдар өткен соң, Қазақстанның мектептері электронды оқыту жүйесіне көшетіні туралы хабардармыз. Дегенмен, мұның да екі жағы бар секілді. Тиімді және тиімсіз тұстары. Тиімсіз тұстары – оқушыларымыз техниканы жақсы меңгеріп, рухани жағынан әлсірейді. Өйткені, әдеби шығармаларды, түрлі кітаптарды оқымай, тілдері де шұбартылып кетпесіне кім кепіл? Рухани жағынан даму үшін көркем әдебиетті көбірек оқуымыз керек. Сол мақсатта қазіргі мектептердің басым көпшілігенде «100 кітап оқу» секілді жобалар бар. Осы тұста елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі есіме түседі: «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман». Ұл қыздарымыздың да тәрбиесі толғандырады. Қазіргі қыздардың бойындағы асыл қасиеттердің азайып бара жатқаны, ерте жүктілік - әрбір ата-ана, ұстазы үшін де алаңдататын жайт. Ұл балаларымыздың қылмысқа баруы, бойларында қатыгездіктің басым болуы да – қоғамымыздың басты мәселесі. Осы тұста, тек ата –ана, мұғалімдер емес, сонымен бірге психологтар, социологтар, күзет, заң, дін қызметкерлері де бірлесе жұмыс істеуі керек деп ойлаймын. «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл» демекші, бірліктің арқасында көздеген мақсатымызға жетіп,талай оқушыларды теріс жолдан құтқарамыз деген ойдамын.

Қорыта келе, әрбір ұрпақ өз тілін, дінін, мәдениетін, тарихын толық білуге тиісті. Себебі, қоғам осындай құндылықтармен өмір сүруді, білімді, білікті болуды талап етеді. Ұлтты, мемлекетті құрайтын, ол - адамдар. Сол адамдардың немесе халықтың білімді, сауатты болуы сол мемлекеттің дамуына, бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді. Әрбір жастың бойындағы білімі, сауаты оның «Адами капиталының» құрамына кіреді. «Адами капитал» деген – әрбір адамның бойындағы таланты, дарыны немесе білімділігі және сауаттылығы. Мемлекеттің негізгі құрам бөлігі, ол – жастар. Жастардың денінің саулығы, білімнің көптігі, бәсекеге қабілетті болуы – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі деп білемін. Мен басшы болсам, болашақ мектебім қандай болмақ? Болашақ мектебіме қатысты жоспарларым қандай? Осы сұраққа жауап беріп кетсем... Сол мектептің дамуына байланысты алға қойған жоспарларым көп.  Менің мектебімнің ерекшелігінде «Төрттік» әдісті қолданғым келеді, яғни мектебімнің ғимараты заманауи тұрғыда салынған тік төртбұрышты болса деймін. Ең алдымен ҚР Конституциясы мен мемлекетіміздің барлық заңдарын басшылыққа ала отырып , демократиялық ережелерді сақтай отырып, «Үштік одақ: Ата-ана - оқушы - мұғалім» жұмыс жасайды және басты назарда болады. Мектеп ережесі, қағидасы, тәртібі болады. Барлық оқушыны қамтитын түрлі ұйымдар, жобалар, үйірмелер жұмыс жасайды. Мысалы, «Әл Фараби» үйірмесі, Абай үйірмесі, Робототехника, Дизайн, би, өнер, спорттық үйірмелері т.б. Мектебіміздің сынып бөлмелері заманауи тұрғыда жабдықталса, оқушылар мен мұғалімдердің де заман ағымына қарай білім нәрімен сусындауына септігін тигізетіне сенемін. Мектептің асханасының ас мәзірінде оқушыларға керек бай дәрумендердің болғанын қадағалаймын. Мұғалімдерге арналған бірнеше бөлмелер болса, мұғалімдер шығармашылық жұмыстарымен айналыса алады. Мектеп кітапханасының мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық дамуына әсерін тигізетіндей базасы болуы тиіс. Мектеп ауласын көгалдандыру мәселесі де басты назарда болады. Айта берсем, көп... Белгілі педагог Ян Коменскийдің насихаттауында: «Мектеп - балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін «адамгершілік шеберханасы» болуға тиіс» деген көзқарасты насихаттады. Сол сияқты менің мектебім де адамгершілік шеберханасы болуы үшін, бар жігерімді, білімімді салып, қолымнан келгенін аянбаймын. Ойымды ұлы жазушы, академик Мұхтар Әуезовтің сөзімен аяқтағым келеді: «Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін – білім» деген сөзінің өшпес қағида болып қалатындығын бүгінгі қоғам айғақтап отыр.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
27 маусым
6112
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі