#Мен_батырдың_ұрпағымын
Мен-қазақ
деген ұлы елдің ұрпағымын. Кешегі
неміс-фашист басқыншыларымен болған
қырғын-сойқан соғыста жауларының
мақсаттарын қос бүктеп, бас көтертпестей
етіп Отандарына қайтарған ержүрек қазақ
батырларының ұрпағымын. Дегенмен, сол
соғыста талай ардақты азамат елі мен
жері үшін жанын қиды. Жеңіске жету
жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі
мен әскери жанқиярлығы Ұлы Отан соғысын
еске алатын тарихтың жарқын беттеріне
айналды. Сондықтан да жеңісімізді тойлау
әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
Адам
баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ.
Соғыс! Жалғыз ауыз сөз... Бірақ
жантүршігерліктей, солай ғой?! Соғыс
деген - қайғы-қасірет, қантөгіс, өлім-жітім,
күн сайын туған-туыстан, жақын жандардан,
қарулас досыңнан айырылу. Ең жаманы
ерлікпен жанын қиған адаммен қоштасуға
да, еске алуға да уақыт болмады. Себебі,
барлығы апыр-топыр болды да, бейбітшілікті
жайпап өтті.
1941
жылы маусымның 22 күні Гитлерлік Германия
Отанымызға соғыс жарияламастан
опасыздықпен шабуыл жасап кіргені
бәрімізге мәлім. Бейбіт уақытта өмір
сүріп жатып алай-дүлей соғыстың басталып
кетуі Отанымызға ауыр тиді. Жақындарының
жанында мәз-мейрам болып отқанында
неміс фашисттерінің баса көктеп кіріп
келгенде, ауызындағы жеп отқан нанын
тастап отанын қорғауға шыққан азаматтар
да қаншама... Өкінішке орай, олардың
барлығының аты аталып жатқан жоқ. Тіпті,
мыңдаған азаматтар ерлік көрсетіп, аты
аталғанымен де, азайған үстіне азайып
бара жатыр. Бірақ ешкім де, ештеңе де
ұмытылмауы тиіс! Себебі, біз тарихымызды
ұрпағымызға жеткізбесек, ертеңгі күні
мақтанар жетістігіміз қалмай барлығы
ұмыт болады.
Мен-кешегі
қанды шайқаста ұлы ерлік көрсеткен
Мәншүк пен Әлия секілді әпкелердің,
Бауыржан мен Талғаттай ағалардың
кіндік қаны тамған жерде өмір сүріп
келемін. Жеңіс үшін шыбын жандарын
құрбан еткен бірнеше миллиондаған
адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418
азапты күн мен түнді болашағы үшін ерен
еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерді
ұмытуға болмайды, ешқандай артық
күмәнсіз. Иә, Отан-Ана өзінің 27 миллион
ұлдары мен қыздарынан айырылды. Олар
байтақ даланың ерлері, ғалым не
профессорлар, қысқасы бақытты адам
болатын еді. Өмір мен өлім арасындағы
отты майдандарда өзіміздің осы Кеңес
ауылының өрімдей азаматтары қыршын
кетті.
1
апта ішінде қазақ жұртын өзімізге
бағынышты етеміз деген Гитлерліктердің
бетін қайтарып, жермен жексен еткен
қазақстандықтардың ерліктері есте
қаларлықтай болды. Сол себепті, мен -
Отан деп жастай қыршыны қиылған ержүрек
Қайрат пен батыл Ләззат әпкенің
ұрпағымын,- деп мақтанышпен айтамын.
Ұлы
Отан соғысыны дүние жүзі үшін маңызы
зор болды. 1945 жылы 2-мамырда Берлин қаласы
қайтарылғаннан кейін қазақ батыры,
лейтенант Рахымжан Қошқарбаев жауды
күйрете жеңдік деп, сүйінші айтып,
Фашизмнің ордасы Рейхстагқа Қызыл ту
тікті. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік
Германия жеңілгенін мойындап қол қойды,
9-ы күні бұрын-соңды болмаған мың
зеңбіректен 30 дүркін салют атылып,
ержүрек азаматтар жеңісін тойлады.
Осылайша дүние жүзі халқы 4 жыл дегенде
бостандыққа ие болды. Халық Отан деген
ұғымды терең сезініп, ерекше ұғынды.
Зұлым фашисттерді қаһарман ерлік пен
еңбек жеңіп шықты. Бірлікті ұстанған
қазақтардың достығы нығая түсіп,
зұлымдық, басқыншылық атаулы тізе бүкті.
Биыл Герман фашизмінің күйрей жеңілгеніне
75 жыл! Мен батырдың ұрпағымын деп
мақтануым артық етпес. Ұлы Жеңістің
туын тігуге үлес қосқан қазақ батырларына
мың алғыс!
Құрманбай
Аружан