400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Мен батырдың ұрпағымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мен батырдың ұрпағымын

«Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп,күйдіріп жібере алады.Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар,ол-Отанға деген сүйіспеншілік.»

Бауыржан Момышұлы.

Сұрапыл соғыстың біткеніне биыл 75 жыл.Елді қорғау ,жерді қорғау деген мәңгілік ұмытылмас ерлік.Бұл сол кездердегі халқымыздың батырлығын, төзімділігін паш ететін ,тарихта алтын әріппен жазылатын ,мәңгі есте қалатын күн.Сол күндерді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп,ерліктің сан түрлі үлгісін көрсеткен ардагерлермен бірге бүкіл халық тойлайды.Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен,туған-туысқандарына ,жақындарына,туған жеріне ,ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

Бұл жылдары еліміздің басынан ең ауыр күндер өтіп жатты.Төрт жыл,мың төрт жүз он сегіз күн мен түн бойы жері мен Отаны үшін,келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.Сол кезде біздің батыр ата-бабаларымыз Кеңес Одағының басқа да халықтарымен бірігіп ,күш жұмылдырып,жауды бірге талқандап,жеңіске жету үшін халық болып өз үлестерін қосты.Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды.Олар бірлесе отырып,Сталинград түбіндегі жертөлелерде ,Днепр өткелінде,Москва мен Ленинград үшін болған шайқастарда ерліктерін көрсете білді.Украинаны,Кавказды,Белорусияны,Қырымды,Прибалтиканы азат етті.Польша, Румыния,Венгрия ,Чехославакия ,Болгария ,Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті.Бұл соғыс жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір шайқас болмаған.

Қазақ елі басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған.Ұлы Отан соғысы кезіндегі батыр бабаларымыздың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.Айқас алаңында өшпес ерлік жасаған сондай ерлеріміздің бірі-Бауыржан Момышұлы атамыз еді.

Ұзын бойлы,қара сұр Момыштың ұлы Бауыржан сол кезде отыздар шамасындағы жас жігіт еді.«Өз халқын құрметтеп,сүймеген адам-опасыз,оңбаған адам»,-деп Бауыржан атамыз айтқандай,Отан үшін өз басын өлімге байлап,ажалмен алысып,өз ұрпақтарының ,халқының намысын қорғағаны халқын шын сүйетіндігінен шығар.

Бауыржан Момышұлының тұлғасы маған қашанда мұзарт шыңның басында,мұнартып қалықтаған ақиық ,мұзбалақ қыран болып елестейді. Ол Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандық 316-шы атқыштар дивизиясының батальон командирі ретінде қараңғыда жол тауып ,батыр қолбасшы атанды.Ол кісінің туындылары «Қанмен жазылған кітап»,«Ұшқан ұя» т,б шығармаларына тәнтімін.

Ұлы Жеңіске қаруымен де,қаламымен де үлес қосқан , аты аңызға айналған қаһарман жазушыларымыздың бірі-Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтан –ұрпаққа өнеге болатынына сенімім мол.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
1094
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі