400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен бесінші сыныптың оқушысымын

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп психологтарына, бесінші сыныптың орта буынға бейәмделуі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Автор: Касымжанова Марал Толегеновна

ШҚО. Бесқарағай ауданы «Өндіріс орта мектебі» КММ, педагог-психолог


Ашық сабақ тақырыбы: Мен бесінші сыныптың оқушысымын!


Мақсаты:5- сынып оқушыларына орта мектепте оқу жағдайларына бейімделуіне психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. топ құру, сыныпта жағымды жағдай қалыптастыру, әр түрлі жағдайлардан жағымды жақтарын көруге үйрету,балаларды сабақтың мақсаттарымен жұмыс түрімен таныстыру, сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін қабылдау; ішкі ресурсты іске асыру, құрдастарымен бірге пікірталастарға қатысу және сұрақтарға жауап беру.

Міндеті: Бастауыш мектеп оқушысымен салыстырғанда бесінші сынып оқушысының мәртебесі туралы түсінікті дамыту; әрбір баланың өзі басқаларға таныстыруына мүмкіндік беру.

Көрнекіліктер: дәптерлер, қаламдар, жазуға арналған шағын қағаздар, А4 беттері.

Ережелерді қабылдау.

  • Тыныштық сақтау.

  • Біреудің сөзін бөлмеу.

  • Оз ойын айта білу.

  • Белсенділік таныту.


Сабақ ережелерін қабылдап алдық.


«Тілек тілеу» жаттығуы арқылы оқушылар бір – бірінің қолын ұстау арқылы бүгінгі күндеріне сәттілік тілеп, тілектерін айтты.


Оқушылардан сұрау. 5 сынып, яғни орта буынға келгенде қандай қиыншылықтар болды? (Жаңа сынып жетекші, маңа мұғалімдер, жаңа пәндер, әртүрлі кабинеттер).

Енді осы уақытқа дейін сол қиыншылықтарды жоя алдыңдар ма?

(әр оқушының жауабы тыңдалып, кеңес беріледі.)

"Сөйлемді жалғастыр" ойыны

Қатысушыларға сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады: «Бастауыш мектептен менің есімде қалғаны...», «Бесінші сыныпта менің .... көргім келеді...».

Жүргізуші 5-ші сыныпқа көшуге байланысты, оқушылардың мектеп өмірінде жаңадан не пайда болғандығы туралы айтуды ұсынады.

Жаттығу. "Кімдер..."

Оқушыларға бір қатарға тұру ұсынылады. Кімдер тәттіні жақсы көреді,бір қадам алға жасасын; Кімде үйінде мысық бар, оң қолдарыңды көтеріңдер; кім футболды жақсы көреді, тізесін бугіп отырып тұрсын... Жаттығу аяқталған кезде, кім 5 сыныптың оқушысы қолдарыңнан ұстаңыздар. 5 сынып оқығанда қаншама бірдей қасиеттеріңіз бар екенін жүргізуші ерекше назар аудартады.

Рефлексия.

Сабақ соңында оқушылар бақытты адамның суретін салып суретті талқылайды.

«Мейірімді сөздер» ойыны.

Психолог: Қазір мен сендерге бір ойынды ұсынамын, бұл ойын барысында сендер бір-біріңе көптеген жақсы сөздер және мақтаулар айтасыңдар. Барлықтарың бір үлкен шеңбер құрып тұрыңдар.

Жүргізуші ойыншылардың біреуін, ортаға шығарып қара шынылы көзілдірікті «ол сиқырлы» деп түсіндіріп киюді сұрайды.

«Көзілдірік» (демек көзілдірік киіп тұрған адам) оның атынан қандай да бір жақсы сөзді оған айтсын. Көзілдірік оған қараған балаға беріледі, ал оның көршісі жаңағы сиқырлы сөзді айтады.

Керемет! Бір-бірлеріңде жиі мақтауға тырысыңдар. Осылайша өздеріңнің достарыңның көңіл-күйлерін көтересіңдер. Ал егер досыңның көңіл-күйі жақсы болса, онда сіздің де көңіл- күйіңіз жақсы болады.


Релаксациялық жаттығу.

Жақсылап жайғасып отырыңдар және көздеріңді жұмыңдар (музыка ойналып тұр). 2 - 3 рет терең демалыңдар және демдеріңді шығарыңдар. Өздеріңді өсімдік деп елестетіңдер. Жақсылап қарап алыңдар: сендер өсімдіксіңдер ме әлде ағашсыңдар ма? Соны естеріңде сақтаңдар.

Ал сіздердің айналаңызда қандай өсімдіктер бар ? Олардың қайсысы сендерді қараңғылайды, ал қайсысы жылу және сәуле береді. Өздеріңнің жапырақтарыңды және бұталарыңды күн сәулесіне қарай бұрыңдар, жылы жаңбырдың астына қойыңдар. Жайлап керіліңдер және көздеріңде ашыңдар. Сұрақтар қою.


«Өрмек» ойыны.

Психолог: Келесі ойында біз, өзара бізді байланыстырып тұратын үлкен бір өрмекті құрамыз. Осыдан басқа сендердің әрқайсыларың өздеріңнің сыныптастарыңа деген жақсы ой және сезімдеріңді білдіре аласыңдар.

Жүргізуші түрлі түсті жіптің ұшын өзінің алақанына орайды.

Сендер менің не істегінімді көрдіңдер ме? мен өрмекте келесі кім болатындығын таңдаймын, оған мынадай сөздерді айтып: «Сен маған ұнайсың, себебі ...» (мүмкін таңертең сыпайы есік ашқан шығар немесе кеше математика бойынша қиын есепті шығаруға көмектестін) жіптің шумағын беремін. Өзіңе айтылған сөзді тыңдап, ойыншы алақанына орап, осындай сөздерді айтып ойынға қатысушы басқа бір балаға айтады «Сен маған ұнайсың, себебі...». Жіптің шумағын бергенде сізге қандай сөз айтылды соны есте сақтауға тырысыңдар.

Жіптің шумағын соңында кім алса, сол оны кері бағытта қайта шеше бастайды. Мұның өзінде сіздердің әрқайсыларың өздеріңе айтылған сөзді, сол сөзді айтқан кісіге қайталап айтуларың қажет.

Сабақты аяқтау.

Барлығы шеңбер құрып тұрады «Қайта кездескенше! Жақсы күн үшін рахмет! Жақсы сағаттар үшін рахмет !» деген сөздерді айтып, бір-бірлерінің қолдарын үш рет қысады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
2132
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі