400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен білетін жақсы сөздер. Сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну
Материалдың қысқаша нұсқасы



МАД-тобы

Топ тәрбиешісі: Мирзалиева А

Уақыты

Кабинет

Білім саласы

Коммуникация



Білім бөлімі

Сауат ашу



Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы

Мен білетін жақсы сөздер. Сөз



Ұйымдастырылған

оқу қызметінің мақсаты

Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну. Сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу

Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану

Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, тор көз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу


Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөздің графикалық белгісін таниды.

Жазуға жаттығады.

Күтілетін нәтиже

Көпшілік тəрбиеленушілер:

-Сұраққа жауап береді. Сөзді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсінеді. Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады. Жазу жолын сақтап, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын ажыратады.


Кейбір тəрбиеленушілер: - Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

  • Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Сөздердің қолдану орнын анықтайды.

Тілдік мақсат


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Тəрбиеленушілер:

  • Талқылау барысында сұрақтарға толық жауап береді.

  • Сөздің қай жерде қолданатыны тұралы айтады.

  • Заттардың атын атайды. Сөзден сөйлем құрайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Рақмет, кешіріңіз, сау бол.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

Берілген сөздердің қай кезде айтылатыны туралы анықта.

Педагог топқа кіргенде қалай амандасасың?

Алманы бөліп берген кезде Асанға неше бөлігі қалды?

Асан қандай бала?

Суреттен қандай заттарды көріп тұрсың?




Суреттер


Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады; Сөздің графикалық белгісін таниды; Жазуға жаттығып, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын ажыратады.



Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

III. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин.


ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін ттрбиеші жағымды атмосфера туғызу. Тəрбиеленушілер бір-біріне жылы сөздерін арнайды. Тағы қандай жақсы, жағымды сөздерді білетіні сұрау. Қасындағы көршісі оған арнап жақсы сөз айтқанда өзінің көңіл күйі қандай болғанын айтады. (Ұ)Балаларға қолдан жасалған 7-8 күлтеден тұратын гүлдер беріледі. Балалар əр күлтесін жұлып отырып, жақсы сөздер, тілектер айтады. Анасына, бауырларына, достарына арнаған өздері білетін жақсы сөздерді, тілектерді айтады. Адамдар бір-біріне үнемі жақсы сөздер айтып, қуантып жүруі керек деген қорытынды жасайды.



(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Суретке қарап, балалар қандай жақсы сөздер айтып тұрғанын өздері анықтайды.

– Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Суретке қарап отырып, балалардың ымишарасынан қандай сөз айтқанын біледі. –Асан үшінші суретте не айтуды ұмытты? Балалар Асанға сөзді еске түсіруге көмектеседі. 2-тапсырма. Балалар «Қайырлы таң», «Қайырлы түн!» сөздерінің қай кезде қолданылатынын біледі. Сұраққа жауап береді. Балаларға осы сөздерді күнделікті қолдануға кеңес береді. Бұл сөздердің қай суретке сəйкес келетінін өздері табады. Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Суретте бейнеленген заттардың атауын айтуды сұрайды. Мысалы: төсек, шам, орындық, ана, бала т.б. Өзінің айналасын бөлмеде қандай заттар қоршап тұрғанын айтады. Балалар барлық заттың атауы бар деген қорытындыға келеді. Заттардың атауы сөз деп аталатынын біледі. Сөздің белгісімен таныстырады. Тәрбиеші тақта алдына 2, 3, 4 сөздің белгісін қойып, осы белгіге сəйкес келетін сөйлемдер құрастыруын сұрайды. Сөйлем сөзден құралады деген қорытындыға əкелу керек.

3-тапсырма. Тәрбиеші сыныпқа кіргенде қалай амандасасың? Қимылмен көрсет.

Топқа кірген тәрбиешімен қалай амандасу керек екенін орындарынан тұрып көрсетеді. Тәрбиеші топтан шығып кетіп, қайта кіргенде балалар орындарынан тұрып амандасады. Балалар бұл жерде амандасқандарын тек қимыл арқылы ғана көрсеткендерін айтады. Басқа да нені ымишара, қимылмен көрсетуге болатынын естеріне түсіреді, өздері білетіндерін көрсетеді.

(Ұ) Сергіту сəті:

Қоңыздар

Көк шалғында қоңыздар. Би билейді айнала. Оң аяқпен топ-топ, Сол аяқпен топ-топ. Екі қолды жоғары, жоғары. Көтереді жай ғана. Кəне, кімнің қолдары Көрінеді жоғары?

4-тапсырма. Қолында бар затты достарымен тең бөлісіп жеуге жетелеу. Өзінің затын ешкімге бермейтін бала туралы рөлдік ойын ұйымдастыруға болады.

Асан достарына алманы қалай бөліп берді?

Əрқайсысына неше бөліктен тиеді?

Балалар дəптерлерінде əрқайсысына тиесілі бөлікті сызып қосады.

  • Асанның өзінде неше бөлігі қалды?

  • Асан қандай бала?

  • Өз бөлігін алған кірпі, тиін жəне қанқыз.

Асанға не деу керек?

Нақыл сөз жаттау. Нақыл сөздің мазмұны алдыңғы тапсырмамен байланыстыра отырып түсіндіріледі.

Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

5-тапсырма. Тәрбиеші əліппе-дəптердегі жазу элементерінің қалай орындалатынын ауаға сызып көрсетеді. Балалар жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын ажыратады.


IV. ҰОҚның қорытындысы.

Рефлексия.

Тәрбиеші оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

(Ө)Рефлексивті бағалау.

Смайлик арқылы өз білімдерін бағалайды.

Түрлі түсті қарындаш, əліппе-дəптер.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
28 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2511
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі