''Мен –болашақ ғалыммын ''

Тақырып бойынша 11 материал табылды

''Мен –болашақ ғалыммын ''

Материал туралы қысқаша түсінік
жаратылыстану пәні мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Фотосинтез үдерістері

Мектеп: М.Тоқжігітов атындағы жалпы орта

мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

Күні:19.10.2018.

Мұғалімнің аты-жөні: Кариева Баян

Сынып:3

Қатысқандасаны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

''Мен –болашақ ғалыммын ''


Оқу мақсаттары

3.2.1.1.өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттегіні бөлінуін түсіндіру;

3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу.

Сабақтың мақсаты

Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату

Бағалау критерийі:

Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін aжыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар:

Лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын тілдік мақсаттар:

Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым)

Табиғатты зерттеудің мәні неде?

Табиғатты зерттеуге қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады?

Жазылым бойынша ұсыныстар:оқушылар терминмен жұмыс істейді, тапсырмаларды дәптерге түсіреді

Құндылықтарға

баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

топтық жұмыс, диалогты қарым қатынас орнату,өз бетімен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін арттыру

Пәнаралық

байланыс

Дүниетану, математика

Алдыңғы білім


Жаратылыстану ғылымымен танысып, оның нені зерттейтінін біледі, өмірмен байланыстырып мысалдар келтіре алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут

І. Ұйымдастыру

1.1 Cәлемдесу

1.2 Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.3 Түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

  1. «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?

  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?










Сабақтың ортасы

4минут





















9 минут



























15минут

Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері жайлы мағлұматты білу. Оқушылар қауіпсіздік техникасы қағидаларының тізімін зерттейді:

  • Тәжірибелер жүргізу уақытында бет пен көзді қолмен ұстауға болмайды;

  • Заттардың дәмін татып көруге тыйым салынады;

  • Заттардың иісімен танысқанда сақ болу;

  • Тек таза ыдысты қолдану және оның тұтастығын тексеру;

  • Қолданылатын заттардың саны жөніндегі ұсынымдарды сақтау;

  • Заттарды қыздыру және зертханалық ыдыс сынықтарын жинау кезінде жұмыс ережелерін сақтау.

«Жеміс бағы» жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру (жеміс ағашының суретін және оған түрлі түсті стикерлер (алма) жапсыру, сабақ басталғанда оқушыларға өзіне ұнаған алманы алуды тапсырыңыз. Сол арқылы оқушының сол сәттегі көңіл күйін білуге болады, сонымен қатар топқа бөлінеді)

1 топ ‘Тапқырлар’

2 топ ‘Білімділер’

3 топ ‘Алғырлар’

Балалар, алдарыңызда сумен толтырылған екі стақан берілген. Біреуіне - қабығы ашылмаған, ал екіншісіне - қабығы ашылған лимонды салсақ не болады, қалай ойлайсыздар? (Оқушылар әр түрлі болжамдар ұсынады және тәжірибені жасап көру арқылы болжам расталады немесе расталмайды)

Рисунок 1

Осы қарапайым тәжірибе негізінде оқушыларда зерттеу сұрағын тұжырымдау және осы зерттеу сұрағы негізінде болжам жасау және тәжірибені жасап көру арқылы болжамның расталатын немесе расталмайтындығын тексеруге болатындығы туралы түсінік қалыптастыруға болады

Оқушылар сабақтың басында жеміс ағашынан алған стикерлері бойынша 3 топқа бөлінеді:

1-топ ’’Тапқырлар’’ Бояудың таралу жылдамдығын зерттейді.

2-топ ’’Білімділер’’ Орамжапырақтың бояу сіңіргіш қасиетін зерттейді.

3-топ ’’Алғырлар’’ Ыдыстағы жапырақтардың түсінің өзгеруін зерттейді.

Топтық жұмысқа қойылатын критерий:

  • Тәжірибені жүзеге асыру алдында зерттеу сұрағын қою

  • Тәжірибеге байланысты болжамдар (гипотеза) тұжырымдау

  • Нұсқаулыққа сәйкес тәжірибені жасау

  • Тәжірибе нәтижесі бойынша қорытынды жасау

‘’Тапқырлар’’ тобы ыстық және суық суы бар екі стақан беріледі. Екі стақанға қара шай қалташасын салып, олар судың қоңыр түске боялу уақытын анықтайды.

‘’Білімділер’’тобы бірдей үш ыдысқа орамжапырақтарды салып әртүрлі бояу салады өзгерісті дәптерлеріне жазады.

’’Алғырлар’’ тобы үш ыдысқа жапырақтарды салады бірінші ыдысқа тұз,екінші ыдысқа қант ,үшінші ыдысқа иод тамшысын тамызады,өзгерісті дәптерлеріне жазады

Оқушылар топ бойынша тақырыппен танысып, топта талдайды,сонымен қатар топта қорғауға бір оқушы тағайындап,сол оқушы басқа топқа түсіндіреді. Топтың басқа мүшелері басқа топтың ақпараттарын алып, қорытындылайды.Сөйтіп бір-бірімен ақпарат алмасады

Дискриптор:Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажыратады

Зерттеу әдістерін топтастырып, бақылау әдісіне тоқталады

Эксперименттің басқа ғылыми әдістерден ерекшелігі неде?

«Тәжірибелерге саяхат» әдісі:

Мақсаты:Табиғатты зерттеудің әдістерін ажырату;

1 тапсырма

Қажетті жабдықтар: бір стакан су, лимон, қасық, сода.

Тапсырманы орындау реті: Ыдыстағы суға аздаған лимон шырынын қосып араластырыңдар.Осыдан кейін бір шай қасық ас содасын қосыңдар.

Қандай құбылысты байқадыңыздар? Топпен талқылып, дәптерлеріңізге түйінін жазыңыз.

2 тапсырма:

Қажетті жабдықтар:түтікше, жылы суы барыдыс,сұйықмай

Тапсырманы орындау реті: Шырын ішуге арналған түтікшенің көмегімен жылы суы бар ыдыс түбіне бір тамшы сұйық майды үрлеңдер. Түтікшеден шыққан мезеттен бастап май тамшысының пішіні қалай өзгеретінін сипаттаңдар. Май тамшысы жоғары қарай көтерілгенде және су бетіне қалқып шыққанда оның пішіні қалай өзгереді? сипаттаңдар? Топпен талқылып,дәптерлеріңізге түйінін жазыңыз.

Дескриптор

Тәжірибелік жұмыстың тақырыбын белгілейді


Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарын анықтайды


Тәжірибелік жұмыстың барысын баяндайды


Тәжірибелік жұмыстың қорытындысын жасайды


ҚБ: «Бас бармақ» әдісі

Плакаттар, фломастерлер, оқулықпен жұмыс.












































































бір стакан су, лимон, қасық, сода.








түтікше, жылы суы бар стакан, сұйық май











Сабақты

соңы

6 минут


Үй тапсырмасын беру’’Мен табиғатты сүйемін’’ эссе жазып келу

Кері байланыс

‘’Ыдысты толтыр’’








Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық оқушылар: белгілі бір мәселелер бойынша ойланып, тұжырымдар келтіреді

Көпшілік оқушылар: осы мәселелерге қатысты зерттеу сұрағын қоя алады

Кей оқушылар: осы зерттеу сұрағы негізінде болжам тұжырымдайды

  • Ауызша сұрақ-жауап

  • Топтық жұмыс

тапсырмалар

  • Өзара бағалау


Оқушыларға ыстық сумен жұмыс жасауы барысында және бояуды қолданған кезінде зақым келмеуін қадағалау;


Партада отырған кезде омыртқа жотасының қисаюын болдырмау мақсатында тік отыруын бақылау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
355
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі