Материалдар / "Мен болашақта кім боламын?" тақырыбында эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мен болашақта кім боламын?" тақырыбында эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
мамандық туралы эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2021
5223
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

«Мен болашақта кім болам?»

Мен болашақ мамандығым жайлы көп ойландым. Адамдардың елу пайызы бала кезінде мамандығын таңдап, сол өзі ойлаған мамандық иесі болып жұмыс жасауда екен. Мен де өзімнің ойлаған мамандық иесі болғым келеді. Ең алдымен мамандықты ойлап, таңдау керек, өйткені бұл ең ең маңызды шешімдердің бірі. Білесіз бе, алмандай білу де бір мамандықтың түріне жатады. Адамдардың жетпіс пайызы өз арманына жеткен. Мамандық таңдау бұл ең күрделі шешім. Мамандық таңдау дегеніміз өзің ұнатқан саланы, жұмысты таңдау ғана емес, сонымен қатар, өзің араласқың келетін орта болып табылады. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай – ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады.

Өз – өзіне «Мен кіммін?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоя отырып, жауап таба білу керек. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Біздің ата-бабаларымыз айтқандай: «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек, біріншісі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» - деп бекер айтпаған. Біздің өмірізмізде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. 

Мен ойлана келе заңгер боламын деп шештім. Заңгер сөзі – латын тілінің құқықтану, заң орнында жұмыс атқарушы шыншыл, әділ адам деген мағынаны білдіреді. Білікті заңгер болып қоғамдағы әлсіз адамдармен балаларды қорғағым келеді. Қазіргі таңда ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады. Бұл мамандықтың қыр сыры өте мол мамандық, себебі еліміздің заңдарын білу, әрбір жеке тұлғаның адам ретінде құқығын шектемеу. Өзіңді және өзгені қоғамдық орындарда ренжітпеуге, өзгенің құқығын таматамауга жол бермеу керек. Ол үшін адам бірінші өзін тәрбиелеуден бастау керек. Тәрбие болмаған жерде білім алу мүмкін емес, жастардың болашағы зор болмайды. Сондықтан да бірінші отбасында дұрыс тәрбие алған адам ғана болашаққа қадам басады.

Мен қәзір төртінші сынып оқушысымын, ал мектептерде тоғызыншы сыныптан бастап адам, қоғам, құқық пәндері оқытылады. Мен қазірден бастап, еліміздің тұңғыш атазаңы мен оның баптарын жаттап біліп жүруді жөн деп санадым. Бұл заңды білу әрбір азаматтың борышы деп білемін. Адам баласы өмірге келгеннен кейін қоғамның бір мүшесі болып табылады. Адам табиғатпен тығыз байланыста болады, қоғамсыз адам жеке тұлға болып қалыптаспайды. Әрбір жеке тұлға қоғамның бір мүшесі ретінде қалыптасады. Сол қоғамның негізі болып қабылданғандықтан қоғамдағы әрбір азамат заңға бағынып мемлекет алдындағы өз міндеттерін атқару керек заңгер мамандығына тән жантану мен әдепті осы мектеп табалдырығыннан бастау алады деп айта аламыз. Күнделікті жаңалықтар тыңдау арқылы да қоғамдағы жалпы әлемде болып жатқан жаңалықтармен танысып отыру арқылы әлеммен қоғаммен үнемі байланыста болады. Адамзат үнемі рухани жаңғырып өсіп отыруда. Сол сияқты заңгер мамандығы да үнемі жаңартуды, көп ізденуді, білуді талап етеді. Өз мамандығыңның білгір, шебері болу үшін сол маманықта жұмыс жасайтын адамдармен жұмыс жасап өз біліктілігін арттырып отыру қажет.

Ж. Аймауытов айтқандай: Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да, ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

Еңбек етсем, ертеңгі – бақытыма сенемін
Мақсатыма жеткізер – уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да – жеңеріме сенемін.
Ақыл, сана білім мен – өнеріме сенемін.
Абыройлы, ақ ниет – адамдыққа сенемін!

Егеменді еліміздің ертеңі – болашақ маман иелері болу өз қолымызда екені даусыз. Мен міндетті түрде арманыма қол жеткізу үшін аянбай білім алып, білікті, шебер заңгер болып Қазақстан Республикасына адал қызмет етемін! Мен бұл саланы – өмірлік мамандығым деп білемін

.WhatsApp Image 2021-05-06 at 10.39.36.jpeg WhatsApp Image 2021-05-06 at 10.42.47.jpeg

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!