400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен бос уақытымды қалай өткіземін?

Материал туралы қысқаша түсінік
-Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну,анықтау (5О1); - оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу (5О6); -Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру (5Ж3)
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ



САБАҚ: № 38

Мектеп: №274

Күні:

Мұғалімнің есімі: Кадырбай Клара

СЫНЫП: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:-

БӨЛІМ: 5-бөлім Бос уақыт және хобби

ТАҚЫРЫБЫ:Мен бос уақытымды қалай өткіземін?

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

-Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну,анықтау (5О1);

- оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу (5О6);

-Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру (5Ж3)

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді, анықтайды

  • Жалпы мазмұнды түсіну үшін оқиды

  • Сюжетті суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Оқылым стратегияларын қолданады.

  • Нақты ақпаратты табу үшін оқиды.

  • Сюжетті суреттердің желісін түсініп баяндайды


Кейбір оқушылар:

  • Мәтіндегі ақпараттарды өмірмен байланыстырады.

  • Суреттер желісі бойынша сюжетті әңгіме құрастырады.

Оқу деңгейі



Білу және талдау



Бағалау критерийлері

  • Мәтін мазмұнындағы негізгі және қосымша ақпаратты іріктейді;

  • Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды;

  • Оқылым стратегияларын қолданады;

  • суреттер бойынша сюжетті әңгіме құрастырады.


Құндылықтар

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы: өмір сапасын тұрақты жақсарту

Алдыңғы оқу

Уақыт пен бос уақытты өткізу түрлері туралы жалпы түсініктері бар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару;

  2. Алдыңғы сабақта алынған бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларына керібайланыс беру;

  3. Суреттер арқылы топқа бөлу (қолөнер, ойыншықтар,бөлме гүлдері, спорт суреттері беріледі );


  1. Ой тастау:

- Суреттерге қарап Сіздерде қандай ой туды? (жауаптары спортпен шұғылдану, гүл өсіру, ойын ойнау және қолөнер бұйымдарын жасау туралы болуы мүмкін).

- Осы әрекеттерді қай кезде іске асырамыз? (бос уақытымызда)

Жауап алған соң, сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырамын.




Интербел

сенді тақта



суреттер

Ортасы


2 мин



4 мин







10 мин



3 мин








4 мин



5 мин





















6 мин

1.Мәтінді оқымастан бұрын кіріспе сұрақтарға жауап аламын:

1. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі деген сөз қолданысын жиі естисің бе? 2. Бос уақытты қалай өткізсем деп ойлап көрдің бе?

МҰҒАЛІМНІҢ КЕРІ БАЙЛАНЫСЫ Ауызша марапат

2. Ж .Болжау стратегиясы

Мәтінде кездесуі мүмкін 5 тірек сөзді жазыңыз.

1-абзацты оқып, 5 сөзбен қорытындылаңыз.

Бос уақытта немен айналысуға болатынын 2 сөйлеммен жеткізіңіз.

МҰҒАЛІМНІҢ КЕРІ БАЙЛАНЫСЫ Ауызша марапат

3. ТЖ ДЖИКСО стратегиясы

Қолөнер, коллекция жинау, спортпен шұғылдану, үй жануарларын асырау туралы бөлімдерді бөліп оқиды, топта талқылайды, 1 спикер келесі топқа барып баяндайды.

ҚБ «Маған ұнаған спикер»

4.Ж INSERT cтратегиясы

3-тапсырма

Бұрыннан білемін

Менің ойлағаныма кереғар

Мен үшін жаңа ақпарат

Келісе алмаймын, білгім келеді





ҚБ смайлик жапсыру


5.ЖЖ Диалогтік оқыту стратегиясы

Тапсырма. «Бос уақытты қалай өткізуге болады?» тақырыбына жұп болып диалог құрастыру

ҚБ бірін бірі бағалайды

6.ТЖ Сюжетті суреттерді ретімен орналастырып, «Досымның бос уақыты» тақырыбына әңгіме құрастыру.

С

Суреттерді ретімен орналастыру,

сюжеті бойынша әңгіме құрастыру


ҚБ «Бас бармақ»

7. Ж ПОПС – талдау стратегиясы

1-сөйлем: Менің ойымша, бос уақытты тиімді пайдалану керек.

2-сөйлем: Себебі мен оны былай түсінемін...

3-сөйлем: Оны мен мына мысал арқылы түсіндіремін...

4-сөйлем: Осыған байланысты мен мынадай шешімге келдім...

ҚБ Мұғалімнің кері байланысы





АКТ интербел-сенді тақта






Оқулық




INSERT кестесі


смайликтер





Оқулық









Сюжетті суреттер










ПОПС кестесі


Аяқталуы


6мин








  1. Рефлексия «Бес саусақ»

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта,жұпта қалай жұмыс жасадым?Кімге көмек бердім?Кімді риза қылдым?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

Бағалау критерийлері

Дескриптор


- Мәтін мазмұнындаы негізгі және қосымша ақпаратты іріктейді;

-Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды;

-Оқылым стратегияларын қолданады;

-суреттер бойынша сюжетті әңгіме құрастырады.

-Мәтіннен тірек сөздерді таба алады

- Негізгі және қосымша ойды анықтайды

- Оқыған мәтінді баяндап береді

- Мәтін бойынша пікірін білдіреді

- Суретке қарап, ой қорытып, әңгіме құрастырады

- Ой түйіндейді

-Шешім шығарады

1


1


1


1


1



1

1

  1. БағалауҚалыптастырушы баға:дескриптор арқылы кері байланыс беру

  2. Үйге тапсырма : «Ата-анамның бос уақыты» тақырыбына мәтін немесе сюжетті әңгіме құрастыру




«Бес саусақ»

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Уақытты тиімді пайдалану мақсатында ИНСЕРТ, ПОПС,Бес бармақ кестелерін дайындап апарамын.

ЕББҚ ететін оқушыларға кестелерді толтыруларына бағыт-бағдар беремін,үй жұмысына «Ата-анамның бос уақыты» тақырыбына мәтін,

қабілеті жоғары оқушыларға сюжетті әңгіме құрастыруды тапсырамын.

  • Қалыптастырушы бағалау: смайликтер, кестелер, «Маған ұнаған спикер», бірін-бірі бағалау, ауызша марапат,бас бармақәдістері

  • Кері байланыс беру: ауызша кері байланыс, дескриптор бойынша кері байланыс, «Бес саусақ» әдісімен өзін-өзі бағамдау

1.Бейнелеу өнері, технология, денешынықтыру, әдебиет

2.Интербелсенді тақта

3.Қауіпсіздік ережелері (топпен жұмыста оқу құралдарын (қалам,қайшы,сызғыш) пайдалану ережелері)

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
1483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі