жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Мен чемпионмын!"
Күні:
Топтың аты: «Балауса»
Білім беру саласы:Шығармашылық
Оқу қызметі: Аппликация
Тақырыбы: «Шалғындағы саңырауқұлақтар»
Мақсаты:
1. балалардың геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, сопақша ) қию әдістерін меңгеру дәрежесін арттыру;
2. кеңістікте орналастыра білуге үйрету; баланың ой-қиялын дамыту; қол, саусақ қимылдарын жетілдіру;
3. табиғат әсемдігін көре білуге тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: саңырауқұлақтар-грибы- mushrooms, себет-корзина - basket.
Сөздік жұмысы: қозықұйрық, ақ саңырауқұлақ, жерқұлақ, қалпақшалы саңырауқұлақ.
Технологиялық қамтамасыз ету: «Саңырауқұлақ саясында» шағын ертегісін 4 баланы қатыстырып дайындау; желім, қайшы, үлестірмелі материалдар, ТОҚ (№1,2,3 слайд) екі себет, муляждар
Тәрбиешінің басқару әрекеті:
Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін құрып тұрады.
Арайлы таң атты!
Алдын сәуле таратты!
Жарқырайды күніміз!
Жарқырайды даламыз!
Қайырлы таң,балалар!
Қайырлы таң,достарым!-деп бір бірімен амандасады.
Тәрбиеші іс-әрекетін В.Сутеевтің «Саңырауқұлақ саясында» шағын ертегісін рөлдік еске түсіру бойынша бастайды
-Балалар, ертегіден білгеніміздей, саңырауқұлақтар жаңбырдан соң қаулап шығады екен.
Балалар ертегіні естеріне түсіріп, ойнайды
Ұйымдастырушылық ізденушілік:
№1,2 слайд арқылы саңырауқұлақ түрлерімен таныстыру, атаулары бойынша сөздік жұмысын жүргізу (қозықұйрық, ақ саңырауқұлақ, жерқұлақ, қалпақшалы саңырауқұлақ). Сондай-ақ саңырауқұлақтардың әдемі болғанымен улылары да болатындығын естеріне түсіру.
Балалар саңырауқұлақ-тардың атауын бірнеше рет қайталайды:-қозықұйрық,
-ақ саңырауқұлақ,жерқұлақ,қалпақшалы саңырауқұлақ.
Тәрбиеші жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектеседі.
Тәрбиеші балалардың назарын сюжетті суретке аударып, сюжетті немен толықтыруға болатынын сұрайды.
-Онда саңырауқұлатар жасауға кірісейік.
-Балалар,сюжетті суретке қиып алған саңырауқұлақтардың екі бөлшегін үлгіге қарап, бір-біріне қосып, әдемілеп жапсырамыз.
Тәрбиеші балалардың желімді дұрыс пайдалануын қадағалайды Саңырауқұлақтардың қалпақтары мен сабақтарын қиюды тапсырады.
Сергіту сәті:
«Саңырауқұлақ» саусақ ойыны
-Міне, балалар, бүгінгі іс-әрекетімізде көлемі әртүрлі саңырауқұлақтарды жапсырғаны-мызды санап көрейік.
2-3 баланың жапсырған жұмысын тақтаға ілгізіп санату.
2 себет пен саңырауқұлақтардың муляжын пайдалана отырып, «Кім себетке көп саңырауқұлақ жинайды?» дидактикалық ойынын ойнатып санату, «көп», «аз» ұғымын бекіту.Бір, екі, үш деп, балалар саңырауқұлақтарды санайды.Ойнағанда 1-ден 10-ға дейін санайды, «көп», «аз» ұғымын түсініп, үйренеді.
Рефлексифтік –түзетушілік: Тәрбиеші балалардың жұмысын мадақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Балалар көтеріңкі көңілмен ойындарын жалғастырады.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Нені білуі керек: кеңістікте заттарды дұрыс орналастыруды;
Нені игереді: саңырауқұлақтардың улы түрі де болатынын;
Нені білді: түрлі пішіндерден саңырауқұлақ құрастыруды.
Күні: _
Топтың аты: «Балауса»
Білім беру саласы: Коммуникация.
Оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: "Кел, балалар, оқылық!".
Мақсаты:
а) Өлеңді жатқа айтуға үйрету;
ә) Қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин өмірі және оның шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру;
б) Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, Ы.Алтынсариннің портреті, суреттер, жұмыс дәптері. Билингвальды компонент: Тілек- пожелать, ықылас- интерес
Оқу іс-әрекеттерінің кезеңдері:
Шаттық шеңбері:
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз.
Ұйымдастырушылық- ізденістік:
Кіріспе бөлім: -Балалар, бүгінгі оқу іс-әркетімізде қазақтың тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсариннің "Кел, балалар, оқылық!" өлеңімен танысамыз.
-Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Өлең шумақтарын алдымен балаларға мәнерлеп оқып беру, мазмұнын ашу.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар.
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Сұрақ-жауап арқылы өлеңнің мазмұнын сұрап білу.
-Өлеңде не жайында айтылған?
Өлеңде балаларды неге шақырады?
Сергіту сәті
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
Рефлексиялық- түзетушілік:
Дәптермен жұмыс:
1. Өлеңді жаттау.
2. Өнер-білім туралы мақал-мәтелдер айту:
*Оқу инемен құдық қазғандай.
*Оқусыз білім жоқ.
*Оқу - білім бұлағы, білім-өмір шырағы
Тәрбиешімен бірге өлең жолдарын жаттап, мақал-мәтелдерді қайталаймыз.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өлеңді мәнерлеп жатқа айта біледі.
Игереді: ақынның шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастырады.
Меңгереді: сұрақ-жауап арқылы білімге деген қызығушылығын арттыруды.
Күні:
Топтың аты: «Балауса»
Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметі: Құрастыру.
Тақырыбы: Көп қабатты үйлер.
Мақсаты: көп қабатты үйлер мен ғимараттар туралы балалардың білімдерін кеңейтіп, педагогтің ұсынған шарты бойынша құрастыруға, құрылыс материалдарын таңдай отырып көп қабатты үй құрастыра білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: құрылыс материалдарының жиынтығы, ойыншықтар: Қолтырауын Гена және Қалқанқұлақ, ұсақ ойыншықтар - аңдар, олардың достары.
Сөздік жұмысы: пластиналар, үйдің іргетасы, Қолтырауын, Қалқанқұлақ.
Тәрбиешінің іс-әрекеті:
Жылулық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Ұйымдастырушылық- ізденістік:
Балалардың қызығушылығын ояту.
Таңдандыру сәті.
-Балалар, бізге қонаққа қолтырауын Гена және қалқанқұлақ келді. Олар сендер еңбекқор екендеріңді бұрынана біледі екен. Бізге олардың үлкен өтініші бар. Сендердің қос қабатты үй салып бергендеріңді қалайды. Өздерің сияқты олардың да көптеген достары бар. Барлығы бірге сол көп қабатты үйде тұрмақшы. Кәне, біз оларға көмектесейік.
-Балалар үй құрылысын бастамас бұрын, үй құрылысы қандай бөліктен тұратынын еске түсірейікші: іргетасы, қабырғасы, төбесі, терезесі, есігі, баспалдағы т.б. Көп қабатты үйдің үлгісін қарау. Іргетасы кірпіштен, едені - пластинадан, қабырғасы - кірпіштер мен текшелер болып алмасып отырады; бөлмелер пластиналар көмегімен бөлінеді; екінші қабатта - балкон; ең жоғарғы жағында - шатыры.
Бой сергіту жаттығуы:
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Балалардың өз бетіндік құрастыру іс-әрекеті. Әр бала өздеріне тиісті жұмыстарын үстел үстінде немесе жердегі төсеніш үстінде орындайды. "Тұрғындарды үйге орналастырамыз" дидактикалық ойыны. Балалар үйлердің әрбір бөлмесіне аңдарды және олардың достарын орналастырады. Гена мен Қалқанқұлақ балаларға өз ризашылықтарын білідіріп, өлеңдер оқып, жаңылтпаштар айтады:
Қабат-қабат үй салдық,
Үйлер толы күй сандық.
Күйсандықтан үй салдық
Күй сандыққа күй сандық.
Үйдің айналасын талдармен, ұсақ ойыншықтармен безендіру.
Рефлексиялық- түзетушілік:
Балалар жұмысын талдау. Балалардың жасаған жұмыстары мадақталады.
Өздері жасаған құрылыстары жайында әңгімелейді
Күтілетін нәтиже:
біледі: көп қабатты үйдің іргетасын, қабырғасын, төбесін, терезесін құрастыруды;
игереді: көп қабатты үйдің үлгісін қарастыра отырып, оның бөлшектерінің неден жасалатынын және жасалу әдіс-тәсілдерін;
меңгереді: қарастырған үлгі бойынша кеңістікте құрылыс материалдарын дұрыс орналастыруды.
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Гүлдене бер менің Қазақстаным!»
Мақсаты:Қазақстанның кең- байтақ, бай мемлекет екенін түсіндіру. Мемлекет астанасы туралы түсінік беру.Балалардың қызығушылығын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Отанды сүйе білуге тәрбиелеу.
Қоланылытын көрнекі құралдар:карта, Астана, Алматы қалаларының суреттері.
Сөздік жұмыс: Отан.
Билингвальды компонент: Отан- Родина, астана- столица.
Мотиватциялық қозғаушылық:
Тәрбиешінің іс-әрекеті:
-Сәлеметсің бе, Күн шуағы! Сенің шуағың ертемен бізді оятты. Күн шуағы бізге әрдайым нұрын шашады. Рақмет аған! Біз өстік, саған қарай қол созамыз, қонақтарға жылы лебіздерімізді білдіреміз! Бір- бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық. Күн шуағы, сен бүгін бізбен бол!
-Өте жақсы, балалар! Саяхатқа шыққыларың келе ме?
- Мен сендерге сиқырлы кілемшемен саяхаттауды ұсынамын.
Ұйымдастырушылық ізденістік:
-Сонымен, біз кілемшемен туған өлкеміздің үстінен ұшып бара жатырмыз. Біздің Отанымыз қалай аталады? Картадан еліміздің аумағын көрсетіп, Отанымыз туралы әңгімелесу.
Билингвальды компонент: Отан- Родина, астана- столица. Отан(Родина)- туған ел, өскен жер.
-Картада біздің Отанымыздың аумағы әртүрлі түспен боялған. Сары, жасыл, қоңыр, көк түс те бар.
Бұл еліміздің табиғатының алуан түрлі екенін көрсетеді. Осы түстер нені білдіреді?
-Балалар, біз қазір елді мекендір үтінен ұшып барамыз: кішкентай үйлер, кйіз үйлер, жайлауда мал жайылып жүр, ешқандай көлік түрлері, түтіндеп жатұан фабрикалар мен зауыттар көрінбейді.
Табиғаты әсем, ауасы таза, суы мөлдір.
-Бұл не екен? (Ауыл)
-Бұл еліміздің ең басты қаласы- Астана.
Астананың үстінен ұшып барамыз. (Астана қаласындағы жаңа ғимыраттардың суреттерін көрсету).
Сергіту сәті:
«Жақсы ма?»
-Күн шыққаны жақсы ма?
-Жел соққаны жақсы ма?
- Достарыңмен бірге жүрген жақсы ма?
-Анаңды құшақтаған жақсы ма?
-Отаныңда өмір сүрген жақсы ма?
-Үйде болған жақсы ма?
-Би билеген жақсы ма?
-Отанымның азаматы болған жақсы ма?
- Қараңдар, біз қарлы шыңы бар таудың үстінен ұшып барамыз. Бұл таулар Тянь- Шань деп аталады. Осы таудың солтүстік жағындағы тау сілімдері Алатау деп аталады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне ұарай мұздықтар мен көпжылдық қар тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Мұндай таулар биік болып келеді. Тау етектерінде орман- тоғай бар. Осы Іле Алатауының баурайында Алматы қаласы орналасқан. Біз осы қалаға ұшып барамыз. Тянт-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша –қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.
Рефлекциялық түзетушілік:
Бірнеше баладан «Апорт алмасы қандай?» деген сұраққа жауап алады.
-Міне, саяхат та аяқталды.
-Сендерге саяхат ұнады ма?
-Біз қай жерлерде болдық?
Балалар әсерлерімен бөлісіп, сабақты қортындылайды. Отанымыздың кең байтақ екенін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды : біздің Отанымыз туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, саяхат-оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін әңгімелеуге берілген тапсырмаларды.
Түінеді : Қазақстан Республикасының кең- байтақ және бай мемлекет екенін.
Қолданылады: Қазақстан Республикасы туралы мәліметтерді оқу і-әрекеттерінде қолдана білу дағдыларын.
Топтың аты: «Балауса»
Білім беру саласы: Денсаулық
Тақырыбы: Аттап жүру.
Мақсаты:
1.Шашырап жұптасып жүру мен жүгіруге жаттықтыру
2.Жылдамдық және ептіліктерін дамыту
3.Көлбеу қойылған баспалдаққа міну арқылы білте таяқшаны дұрыс ұстауға үйрету; кесек ағаштан аттап жүруге үйрету (ауыспалы қадам)
Тәрбиешінің іс- әрекеті :
1.Жұптасып жүру, жан-жаққа шашырап жүгіру.
2.Бір қатар сапқа тұрғызып, тапсырманы түсіндіру.
-Балалар тәрбиешінің көмегімен жұптасып тұруға ыңғайланады және шамамен бір шеңбер жұптасып жүреді, одан кейін тәрбиеші жан-жаққа шашырап жүруге және жүгіруге белгі береді.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік:
1.ЖДЖ (жалаушамен орындау):
Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойып, жалаушаларды төмен түсіріп тұру. Жалаушаларды жоғары көтеру, оларды айқастырып, бір-бірінесоғып тықылдату, төмен түсіру.
Б.қ.аяқтарын сәл алшақ қойып, жалаушаларды иыққа қойып ұстап тұру. Отыру, жалаушаларды алға созу, тұру, бастапқы қалыпқа оралу.
Б.қ.: тізерлеп отыру, жалаушаларды төмен түсіріп тұру. Жалаушаларды жоғары көтеру, оларды оңға, солға бұлғау, бастапқы қалыпқа оралу.
Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды сәл төмен түсіріп тұру.Жүрумен алмастыра отырып, бір орында қос аяқпен секіру. Балалар өз орындарында отырына отырады.Көлбеу қойылған баспалдақпен жүру.Педагог тапсырманы түсіндіреді.
2.Кесек ағаштан аттап жүру
Кесек ағаштарды екі қатарға қояды, олардың арақашықтығы 20-25см. Екі баладан бір уақытта орындайды.
3. «Реттілік және ретсіздік» қимыл қозғалыс ойыны.
Қолдарын белге қойып жүру түрлерін орындайды.әрбиеші жүру кезінде дене тұлғаларын дұрыс ұстап жүрулерін қадағалайды.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: шашырап жұптасып жүру мен жүгіруді;
Түсінеді: ойынның шарттарын;
Қолданады: көлбеу қойылған баспалдаққа міну арқылы білте таяқшаны дұрыс ұстауды; кесек ағаштан аттап жүруді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген