"Мен дарынды тұлғамын" 10 сыныпқа бейімділік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен дарынды тұлғамын" 10 сыныпқа бейімділік

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мен дарынды тұлғамын" 10 сыныпқа бейімділік
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен – дарынды тұлғамын!!!»

10 сыныптардың бейімделуіне қолдау көрсету


Тақырыбы: Өзіңді танысаң –істің басы

Қатысушылар: Жоғары сынып оқушылары

Әдісі: тренинг

Мақсаты: Мен концепциясын қалыптастыру,Қарым-қатынас қажеттілігін тәрбиелеу; өзін және өзгені түсіну дағдысын қалыптастыру

Өткізілетін мерзімі: 9 қазан 2024 жыл

жаттығу «Танысу»

10-минут

1. Барлық қатысушылар дөңгелек болып тұрады. Кезектесіп ортаға шығып өзінің есімін атап және билеп немесе басқадай физикалық қозғалыс көрсетеді. Шеңберде тұрған барлық ойыншылар қайталау керек.

2. Креативті қабілеттерін ынталандыру. Қатысушылар есімдері басталатын

әріптен өздеріне тән үш қасиет атайды: Серік – сенімді, серіктес, салмақты.


жаттығу «Менің негізгі жетістіктерім»

15-минут

1-3 өмірде шынайы болған әрекеттерін немесе хоббиімен айтып бөліседі. Егерде қатысушылардың хоббиларымен сәйкес келсе ойнаушылар қошеметті шапалақтауменен көрсетеді. Айтылған хобби басқа ешкімде болмаса онда барлық топ шапалақпен қошемет көрсетеді.

Күрделендіру: кіші топтарды хобби сәйкестігі бойынша біріктіріп дамыту бағытымен іс-әрекеттерін жоспарлау.

Түйін.

Педагог оқушының қабілеттілігін, қызығушылығын, бағыттылығын болашақ шығармашылық әрекеттенулерін ұйымдастыру мақсатымен қолданады.


жаттығу «Сенімді сүйеу»

5 минут

Топтағы 6-7 қатысушы шеңбер құрып(Д-1,3м.) қолдарын созып тұрады. Ортаға бір оқушы шығады. Аяқтарын қозғамай ақырындап созылып тұрған қолдарға құлайды. (1 минут аралығында). Ортадағы ойыншы өзінің сезімдерімен бөліседі.

Түйін.

1-2 жаттығудан кейін қорқатын оқушылардың үрейлену және сенімсіз себептерін анықталу қажет.


жаттығу «Менің жақсы көретін кемшіліктерім»

10 минут

Топ шеңберде орналасып отырады. Әр ойынға қатысушы алдымен өзінің кемшілігі туралы сонан сон оң жағындағы көршісі туралы кемшілікті айтады. Ол көрші алдымен өзінің, артынан оң жағындағы көршісінің кемшілігін айтады. Осылай соңғы ойыншыға дейін жалғаса береді.

Түйін.

Бұл жаттығу өзін төмен бағалайтын оқушыларды анықтап береді.

жаттығу «Біз әртүрліміз»


Әр қатысушыда А-4 қағаздан. Қағазды екіге бұктеп, оңжақ бұрышын жыртып тастайды. Осылайша 4-рет қайталайды. Қағаздарын жазып – еденге шеңберге орналастырады. Қатысушыларға ойша келесі сурақтар бойынша ойлануға уақыт беріледі: осы қағаздарды адамдармен үйлестіріп елестетіп көріңіздер (достар, болашақ курстастар, әріптестер) – Қағаздарға қарағанда қандай сезімдер мен ойлар келеді?

Барлық қатысушылар көздерін жұмып – оңға қарай жүреді де, көздерін ашпай алдындағы қағаздарын алады. Көздерін ашып қағазды метафориялық «адамды» елестетіп, ұнайтын, ұнамайтынын айтып беруге тырысу керек, егерде өзінің қағазы келсе – нені өзгерткісі келетінін айтада?

Түйін.

Қатысушылар болашақ өмірлік таңдау ситуациясын моделін құрастыру жолында және белгісіздікті қабылдау дайындыққа үйренеді.. Алдын ала жаңа жағдайды қабылдап және таңдау қабілеттілігі дами түседі.










Педагог-психолог: К.Алдабергенова

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.02.2025
97
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі