Материалдар / Мен де сарбаз боламын!

Мен де сарбаз боламын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ел қорғаны болуға шақыру. Сарбаз болуға қызығушылықтарын ояту. Елордамыз Астананың 20 жылдығына үлес қосуға, Сарбаз болып Отанын қорғай білуге шақыру; Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу. Оқушылардың патриоттық сауаттылығын шыңдай отырып, әр оқушының жетістігін көре білу, өнерлі, ақылды, білімді, ұйымшыл болуға баулу.
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мен де сарбаз боламын!-атты ақпараттық-сазды бағдарлама


Мақсаты: Елордамыз Астананың 20 жылдығына үлес қосуға, Сарбаз болып Отанын қорғай білуге шақыру; Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу. Әр оқушының жетістігін көре білу, өнерлі, ақылды, білімді, ұйымшыл болуға баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақтадан слайдтар, сынып бөлмесін мерекеге сай безендіру.

Көрнекіліктер: мақал – мәтелдер жазылған қима қағаздар, нақыл сөздер, түрлі әріптер, үнтаспа, асық, сыйлықтар, қоржын сұрақтары, шарлармен безендіру.


Барысы: Әнұран орындалады.


Жүргізуші: 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. 1992-1998 жылдар аралығында Қарулы Күштер қайта құрылып, 1999 жылы түбегейлі тұрақтандырылды. Бүгінгі таңда бас қолбасшысы – Президентіміз Н.Ә.Назарбаев.

1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді, 1998 жылы «Астана» деген ат берілді.


Жүргізуші: Ұлдар елімізде «Бүркіт» және «Арлан» әскери жасақтары бар екенін білесіңдер.Әр ұл бала өскенде сарбаз болсам деп армандайды. Екі атаудың қайсысы жандарыңа жақын. Өз қалауларыңмен «Бүркіт» және «Арлан» болып екіге бөлініп отырыңдар.


Жүргізуші: Жігіттің сұлтаны, нағыз азамат деген кім? Ассоциаия құру.

Өнерлі, Білімді, Жігерлі, Қайратты, Әдепті, Ақылды, Намысшыл, Әнші, Батыл, Кішіпейіл


Жүргізуші:

Алға бас, қарышта, жас ұлан,
Қанаты талмайтын, жас қыран.

Жастықтың жігері бойында,
Өзендей күші бар тасыған.


Күміс көмей аруларға, кімдер басын имеген-дегендей келесі кезекте Ахмет Жұбановтың әні «Ақ көгершін». Копжасарова Диананың орындауында қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында «2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз», деп атап көрсетті.


Жібек. «Сарбаздар жыры»

Жас ұланбыз жаны жарқын, Қайрат-күші құрыш мығым, Тамылжыған жаны алтын, Қорғаймыз ел тыныштығын.

Сарбаздармыз саптағы біз, Қатарымыз сөгілмеген.

Туған елдің мақтанымыз, Адымдаймыз сенімменен.

Желбіреген жалауымыз, Ұлы Отанның ұланымыз. Бейбітшілік қалауымыз, Асқақтаған жыр-әніміз.


Жүргізуші: Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі

Олар жайлы ағайын-жұрт не білесің сен осы

Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден

Өйткені олар ақиқат пен шындық сөздің жебесі.


Жүргізуші: Мың бұралып билеген, Аруды кім сүймеген-дей отырып қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

ІІ. Жүргізуші: XV ғасырдың ІІ жартысында Жәнібек, Керей хандарымыз қазақ елін құрып, біздің ата-бабаларымызды бір тудың астына біріктіріп, ел шекарасын белгіледі. Қазақ елі құрылды. Кейіннен бірнеше хандар елімізді басқарды.


Білекті – бірді, білімді- мыңды жығады демекші күш-білімде... . «Қоржын сұрақтары».  Асыл қоржын сұрағын, дайындап ек біразын. Көрсетсін енді талапкерлер, бойындағы талабын-деп ұлдарымыздың білімін сынап көрсек.


«Бүркіт» тобына қойылатын сұрақтар:


1. Қазақ халқының тарихында қандай хандар өткен? 2. Атақты билерді ата. 3. Жігіттің жұрты нешеу? Ата. 4. Тыйым сөздерді айтып көр. 5.Ұлттық ойындарды ата. 6. Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айт. 7. Отан туралы оқып бер. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздікті қашан алды? 8. Отанымыздың рәміздерін ата 7 мамыр қандай мереке? 9. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? 10. Шығыстың қос шынары атанған кімдер?


«Арлан» тобына қойылатын сұрақтар:


11. Ұлы Отан соғысының батырларын ата.

12.Егемен елдің ерекшелігі неде? (Шекарасы, Елбасы, ұлттық рәміздері, Ата заңы, өзіндік экономикасы, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүрі болады)

13. Ұл бала қандай болу керек? (намысшыл, ер жүрек, адал, әдепті, батыр, әділ, мерген, өнерлі, сегіз қырлы, бір сырлы, кішіпейіл)

14. Үш арсызды ата. (ұйқы, тамақ, күлкі)

15. Төрт түлік малға нелер жатады? (жылқы, қой, ешкі, түйе)

16. Қазақ халқының жаңа жылы қашан? (22 – наурыз)

17. Жыл мезгілдерін ата? (қыс, көктем, жаз, күз)

18. Ғарышкерлерді ата? (Ю. Гагарин, Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев)

19. Ай аттарын ретімен атап шық. (қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек,  қазан, қараша, желтоқсан)

20. Ғарышкерлер күні қашан? (12-сәуір)


Жүргізуші: Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр, Бір жымисаң кетеді жайнап өңір. Ризамыз пейіліңе қорғаушылар, Айырмасын шаттықтан қайран өмір – деп, әзіл көріністі қабыл алыңыздар.

ІІІ. Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер... «Өнер менен білімде, Әркімнің өз жолы бар» -дегендей, әр болашақ ұлан өзінің өнерін көрсетеді. 1. Асық ату. 2. Білек күшін сынау.


ІV. Жүргізуші: Ой толғау. «Мен елімнің ұланымын» еліміздің болашақ ұланы ретінде еліміздің гүлденуіне қандай үлес қосар едің?


V «Мақал – мәтелдер сайысы»

Жүргізуші: Мақал сөздің – мәнері, білсе бала өнері Қане тыңдап көрелік, кім мақалдың шебері?- дегендей ұлдар, Отанға, елге, жерге байланысты мақал – мәтелдер айтып жарысады.


Аяна Сабырова:

Көз тойғысыз қазағымның жері бар, Ну орман, тауы, өзені, көлі бар. Қазағымның жерін, елін қорғайтын Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар. Міне, осындай егеменді еліміз, Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз. Туған елін, туған жерін сүйетін Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.


Даяна:

Ұлым! Сен жігіт болсаң кең тұлғалы, Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы. Сан шыңға шыдай біл, Тек төзе көрме Жала сөз айтса біреу ел туралы! Тасқынның қабаттаса толқындары Мүмкін ғой жартасында солқылдауы. Сен ерсің! Ерлерше сүй Отаныңды, Жаман сөз естімейін сен туралы...


Жүргізуші: Бойымызды сергітіп, ойынға кезек берейік. Екі шумақ өлең беріледі.

Осы өлең жолдарын мына қағаздағы тапсырмалар ретінде орындауларыңыз қажет: жылап, күліп, тісі ауырған адамша, билеп, әндетіп, ауызында кәмпиті бар адамша, секіріп, ренжіп, мәнерлеп осы өлеңдегі қимылды актерлық қабілеттерін көрсетіп оқиды.


Жүргізуші: Алпыс Аянаның орындауында « ... » әнін қабыл алыңыздар.


VІ. Сыйлық сыйлау.

Жүргізуші: Қыздарымыздың ұлдарға арнап алған  аздаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.


Қорытынды. Жүргізуші: Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын,

Туды міне, ел аңсаған азат күн!

Елдің туын биік ұстар әрқашан,

Болашағы сендерсіңдер қазақтың!- дей отырып бүгінгі 7 мамыр Ұлттық «Ұлан» әскерінің құрылған күніне арналған «Мен де сарбаз боламын!» ақпараттық-сазды бағдарламамыз аяқталды.





Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі