400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен де спортшы боламын

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: Әдебиеттік оқу

Мектеп:№44

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Дені саудың – жаны сау

Мұғалімнің аты-жөні: Исмайл Айгүл Нұрбергенқызы

Күні:

Қатысушылар саны: 16

Қатыспағандар:

Сынып: 2 «Д»


Сабақ тақырыбы

Мен де спортшы боламын.

Мәтін: Қыдырбек Рысбекұлы Бекзат

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу

Сабақ мақсаттары

Оқушыларға олимпиада чемпионы-Бекзат Саттарханов жайында мәлімет беру, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.

Мәтін бойынша сұрақтар дайындау, жауабын мәтіннен табу.

Басқа да спорт жеңімпаздары туралы айту, мысалдар келтіру.

Бағалау критерийлері

Мәтін бойынша нақтылау сұрақтарын дайындайды.

Мәтіннен сұрақтардың жауабын табады.

Мәтіннің бөліктерін анықтайды.

Бокстан еліміздің намысын қорғап жүрген чемпиондар туралы біледі.

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика және терминология:

Олимпиада, Сидней, баһадүр,құлжаның асығы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қандай спорт түрлерін ұнатасың?

Қандай спорт жеңімпаздарын білесің?

Жазылым:

Өзіңе ұнайтын спорт түрлерінің тізімін жаса.

Құндылықтарға баулу



Өзін-өзі жетілдіру мен дамыту қажеттілігі.

Жан, тән саулығы және рух тазалығы.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Б.Саттарханов туралы бейнежазба

Бастапқы білім


Спорт түрлері

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақ басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Қызығушылықты ояту:

-Көңіл-күйлерің қалай?

-Керемет! (қолдарын көтереді)

-Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)

-Ынталарыңыз қалай?

-Ғажап! (қолдарын көтереді)

-Ендеше сабағымызды бастайық!

Суреттер бойынша топқа бөлу. Сурет бойынша болжап өз тобын анықтайды, маңыздылығын айтып көреді.

1. Бокс

2. Күрес

3. Футбол

4. Хоккей

Бағалауды түсіндіру (тақтаға суретімен іліп қояды)

Сабағымыз спорт түрлеріне байланысты болғандықтан, спорттық жарыста берілетін басты жүлде медаль түрлеріне байланысты болады. Сабақтың әр кезеңінде белсенді болып, үздік қатысқан оқушы сабақ соңында марапатталады.

- Өте белсенді, үздік жауаптар

- Жақсы жауаптар

- Толықтыруды қажет ететін жауаптар

Өткенді пысықтау. (тақтада ілініп тұрған өлеңді оқу. Өлең мазмұны бойынша өткен сабақты пысықтау)

Еріншектен – салақтық

Салақтықтан – надандық.

Бірінен-бірі туады,

Жоғалар сөйтіп адамдық, деп айтқан кім еді?

  1. «Кір қоймас өлеңнде не туралы айтылған?

  2. Заттардың баладан қашу себебі неде?

  3. Заттардың балаға қайта оралу. Неліктен?

  4. Өлеңнің ұнаған бөлігін жатұа айтып көр.

  5. Денсаулықты үнемі нығайтып, шынықтырып отыру үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?(жаңа сабаққа кіріспе ретінде байланыс жасау)

Дескриптор

  1. Өлеңнің авторынтабады.

  2. Сұрақтарға себебін анықтай отырып жауап береді.

  3. Өлеңнің екі бөлігінің ара-жігін ажыратып, ұнаған бөлігін жатқа айтады.

ҚБ: «Медаль түрлері»

Ауызша кері байланыс жүргізу







Әр спорттың түріне байланысты суреттер беру.

Сабақ ортасы













Сергіту сәті

Мағынаны ажырату. Ой қозғау

Бейнеролик. «Бекзат» (Бекзат Саттарханов туралы көрсету)

Сабақтың мақсатын айту.

1. Мәтінде кім? Не? туралы айтылғанын анықтаймыз.

2. Шығарманың мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қоюды үйренеміз. Жауабын шығармадан таба білуге жаттығамыз.

МТ: Бекзат Саттарханов – қазақ боксшысы. Ол 20 жасында бокстан Олимпиада чемпионы атанды. т.с.с.

  1. Балалар сендер бокс ойынын білесіңдер ме?

  2. Бокстан қандай чемпиондарды білесіңдер?

  3. Өзіңе ұнайтын спорт түрлерінің тізімін жаса.

«Байқампаз» сергіту сәтін жасау.

Мәтінмен жұмыс. «Болжау» әдісі

Мәтінді оқып отырған кезде «Түртіп ал» әдісі бойынша жай қаламмен түсінбеген сөздерін белгілеп отырады.

Ө. 1.Мәтінді 2 бөлімге бөліп оқиды

Ұ. 2.Әр бөлімнен кейін мәтінге болжау жасайды

Ұ. 3.Мәтіннің соңғы бөлігінен кейін, мәтінді талдайды.Әр бөлімге ат қояды.

ЖЖ. 4.Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.

5. Жұптың дайындаған сұрақтарын топта талқылап, маңызды дегенін басқа топтарға қояды.

Топтар жауап береді.

ТЖ:

1.Бекзаттың қарсыласынан осал емес екендігі туралы мәтінде не делінген.

2.Мәтіннен Бекзаттың қимылы суреттелген жолдарды тауып оқы.

3.Мәтіннен соңғы азат жолын дауыстапоқы. Не түсінгеніңді өз сөзіңмен айт.

4.Бекзаттың жеңіске жету себебі неде деп ойлайсың?

Дискриптор:

1.Мәтінді оқиды, алдыңғы бөлімін болжайды.

2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.

3. Берілген сұрақтарға жауап береді.

ҚБ: «Медал түрлері»

Ауызша кері байланыс жүргізу

Шығармашылық кезең (Қабілетті оқушымен жұмыс, ізденіс жұмысы бойынша)

«Мен де спортшы боламын» тақырыбы бойынша өзі үлгі тұтатын чемпион туралы таныстырады, үлгі тұтуының себептерін айтады.

ҚБ «Медаль түрлері»





Б.Саттархановтың, Р.Хуарестің суреттері





Бокс чемпиондарының суреттері

Сабақ соңы


Қорытынды.

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Үйге тапсырма

«Бекзат» мәтінін түсініп оқу. «Мен де спортшы боламын» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

Рефлекция

«Бағалау терезесі» әдісі

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады. «Бағалау терезесіне» апарып іледі.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Уәжі төмен оқушыларға сұрақтар дайындау кезінде бағыт беру. Басқаларға да көмектесу, қолдау көрсету.

Бағалау –оқушылардың материалды деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? (тақтаға суретімен іліп қоямын)

Топтарымыз спорт түрлеріне байланысты болғандықтан, спорттық жарыста берілетін басты жүлде медаль түрлеріне байланысты болады.

Сабақтың әр кезеңінде белсенді болып, үздік қатысқан білім алушыны марапаттап отырамын.


Shape2 - Өте белсенді үздік жауаптар

- Жақсы жауаптар

- Толықтыруды қажет ететін жауаптар


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақтаулуы


Сергіту сәті


Топ басшысы рөлін анықтау. «Болжау» әдісі, қорытындыны дәлелдеуі. Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Өзі үлгі тұтатын спортшы туралы ізденіс жасау, мәліметтер жинау, оны сыныптастарына үлгі ету, таныстыру.


Сабақтың соңындағы «Бағалау терезесі» өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткіземін. Сол арқылы жекелеген оқушыларға көмек беруді жоспарлаймын.



Сабақбойынша рефлексия


Сабақмақсаттары /оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар ОМ-на жетті мен?

Егер жетпесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай шегінулер болды және неліктен?


Жалпы бағалау


Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:


Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:


Сабақ кезінде мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі