400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен еліктейтін кейіпкердің сүйікті ісі

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып қазақ тілі Мен еліктейтін кейіпкердің сүйікті ісі тақырбына арналған қмж. Құрылымын сақтай отырып, эссе жазу мақсаты бойынша құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: ___Қазақ әдебиеті___________

Бөлім: «Бос уақыт және хобби »

Мектеп: «№ 16 Т.Аманов атындағы ЖОББМ»

Күні: 23.12.2021

Машықкердің аты-жөні: Құнанбайқызы Аида

Сынып: 5 «А»

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен еліктейтін кейіпкердің сүйікті ісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Бауыржан өмірімен танысып, кластерге түсіреді. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді. Берілген тақырып негізінде эссе жаза алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты анықтайды. Тақырып бойынша құрылымын сақтай отырып эссе жаза алады;

Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырып бойынша құрылымын сақтап, көркем әрі жүйелі түрде ойың жеткізіп, берілген талаптарға сәйкес эссе жаза алады;

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты анықтайды;

  • «Жаңа қырынан танылған Бауыржан» тақырыбында құрылымын сақтап эссе жазады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5 минут

Ұйымдастыру сәті

Оқушылармен сәлемдеседі.

Үй тапсырмасы

Жағымды психологиялық ахуал (барлығы бірге оқиды)


Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап алайық.


«Бауыржан Момышұлы» туралы бейнематериалды көреді.

Сұрақтар:

  • Бейнематериалда кім туралы айтады?

  • Б.Момышұлы туралы қандай деректер алдыңыздар? Кластерге түсіріңдер.


Сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Мұғаліммен амандасады.

Берілген өлең жолдарын оқиды. «Бауыржан Момышұлы» турлы берілген бейнематериалды көреді. Сұрақтарға жауап беріп, танысқан ақпараттар негізінде кластер құрады.



Shape2 Shape3

Shape4





Жұлдызшалар арқылы бағалау







https://disk.yandex.kz/i/qxhMW4dJY6P9eA




https://youtu.be/-WmbRvK66eI бейнематериал

(00.00 - 01.55)


Негізгі бөлім


10 минут






























4 минут



















5 минут


















































15 минут

1-тапсырма

Мәтінді оқып, шығарма кейіпкері туралы ой бөлісіңдер. Сұрақтарға жауап беріп, негізгі ақпартты анықта.



Зейнеп Ахметова- Бауыржан Момышұлының келіні, Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы. Бауыржан атамыздың бастан кешкендері жайлы қалам тербеп, кітап жазады. «Шуақты күндер», «Бауыржан батыр», «Бабалар аманаты», т.б кітаптардың авторы. «Шуақты күндер» кітабы Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында қан майданда әйгілі командирлердің бірі болған, гвардия полковнигі- Бауыржан Момышұлының соғыстан кейінгі жылдарындағы өміріне арналған естелік.



2-тапсырма

«Әуенді хат» ойыны арқылы конверттегі сұрақтарға жауап береді.

Ықтимал жауап:

  • «Шуақты күндер» романы кім туралы жазылған? (Бауыржан Момышұлы туралы)

  • Бауыржан Момышұлы туралы не білесің?

  • Дара сөз дегеніміз не? Мысал келтір (Бір ғана сөзден тұратын сөз)

  • Күрделі сөз дегеніміз не? Мысал келтір (екі немесе бірнеше сөздерден тұратын сөз)

  • Алтыбақан, Айнұр, Алтынай, т.б деген сөздер күрделі сөздің қай түріне жатады? (Біріккен сөздер)

  • Дәптер, қалам, жүрек, кітап сөздері күрделі сөзге жата ма? Не себепті? (Жоқ, жатпайды. Себебі, олар бір ғана сөзден тұр)


Тілдік бағдар!

Эссе дегеніміз – ғылыми емес, автордың жеке көзқарасы мен ішкі ойын білдіретін прозалық мәтін. Егер шығармада автор жеке ойын барынша білдірмеуге тырысса, эсседе, керісінше автор жеке ойын білдіруге, оны дәлелдеуге тырысады.

Эссе түрлері

1. Аргументті эссе. Пікірді, көзқарасты растайтын, қолдайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіріліп, аргументтермен түйінделіп отырады.

2. Салыстырмалы эссе. Бірнеше мәселе­­ талқыланып, олардың арақатынасын ажыратып жазу көзделеді.

3. Сипаттамалық эссе. Детальдар арқылы жер, зат, адам бейнесіне сипаттама беріледі.

4. Хабарламалық эссе. Адам өз тәжірибесіне сүйене отырып, өз тұрғысынан, өзіндік көзқараспен оқиғаны сипаттап жазады. Бұл эссе өткен шақта немесе осы шақта жазылады.

5. Дискуссивті эссе. Екі жақты пікірді салыстырмалы түрде талдай отырып, қорытынды шығарып жазады.

6. Анықтамалық эссе. Нақты дәлелдер арқылы терминнің мағынасын ашу көзделеді.

Эссенің құрылымдық бөліктері
Эссе тақырыбы эссенің мақсатын, эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын, қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді.

  1. Кіріспе - берілген тақырыптың мәнін ашатын бөлім. Бұл бөлімде қандай сұрақтарға жауап іздейтіндігіміз анықталады.

  2. Неізігі бөлім - негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер жинақталған бөлім. Негізгі бөлімде дәлелдер, дәйектемелерді, түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып тақырыпты ашады, көтерілген мәселені айқындап, оның туу себептерін көрсетеді.

  3. Қорытынды - тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей, дәлелдемелер бойынша түйін шығарады, шешу жолдарын көрсетеді.

2-тапсырма

«Жаңа қырынан танылған Бауыржан» тақырыбында құрылымын сақтай отырып, эссе жаз.


Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді. Негізгі ақпаратты анықтайды.


Сұрақтар:

  1. Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» романында кім туралы естеліктер баяндалады?

  2. Бауыржанның соғыстан кейінгі өмірі жайлы қандай ақпарат алдыңыздар?

  3. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтаңыз.


Дескриптор:

  • Мәтінді оқиды;

  • Сұрақтарға жауап береді;

  • Негізгі ақпаратты анықтайды;

















«Әуенді хат» ойыны арқылы конверттегі сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

  • «Шуақты күндер» романы кім туралы жазылған?

  • Бауыржан Момышұлы туралы не білесің?

  • Дара сөз дегеніміз не? Мысал келтір

  • Күрделі сөз дегеніміз не? Мысал келтір

  • Алтыбақан, Айнұр, Алтынай, т.б деген сөздер күрделі сөздің қай түріне жатады?

  • Дәптер, қалам, жүрек, кітап сөздері күрделі сөзге жата ма? Не себепті?














Тілдік бағдармен танысады.









































«Жаңа қырынан танылған Бауыржан» тақырыбында құрылымын сақтай отырып, эссе жазады.

Дескриптор:

  • Тақырып бойынша эссе жазады;

  • Эссенің құрылымын сақтайды;

  • Кіріспе бөлімінде Бауыржанның ерліктері, қаһарман, батыр тұлға екенін ашады;

  • Негізгі бөлімінде жаңа қырынан таныған Бауыржан жайлы жазады;

  • Қорытынды бөлімінде ойын тиянақтап, ұлы тұлғадан алған үлгі – өнегесін жазады;

  • Орфографиялық нормаға сай жазады;

  • Ойың жүйелі әрі көркем жеткізеді.

Сұрақтарға жауап береді 1 балл

Негізгі ақпаратты анықтайды;

1 балл





























Сұрақтарға жауап береді 1 балл




































Тақырып бойынша эссе жазады 1 балл

Эссенің құрылымын сақтайды1 балл

Кіріспе бөлімінде Бауыржанның ерліктері, қаһарман, батыр тұлға екенін ашады 1 балл

Негізгі бөлімінде жаңа қырынан таныған Бауыржан жайлы жазады1 балл

Қорытынды бөлімінде ойын тиянақтап, ұлы тұлғадан алған үлгі – өнегесін жазады1 балл

Орфографиялық нормаға сай жазады1 балл

Ойың жүйелі әрі көркем жеткізеді 1 балл

Оқулық, 5 сынып 64 бет

file:///C:/Users/user/Download-003-001к-18%20КазЯзык%206%20каз%20УЧЕБНИК.ep.epub
























https://disk.yandex.kz/i/9yxjy2Lv5W3nBw сұрақтар















https://disk.yandex.kz/i/AJZKgBqAFUp3IQ тілдік бағдар

















Соңы

5 минут

Сабақты бекіту

Рефлексия

«Білім ағашы» әдісі арқылы балалармен кері байланыс жүргізеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1190
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі