Тақырыбы: «Мен елімді
жырлаймын»
Мақсаты:
а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Өз елін, жерін, Отанын
сүюге, қадірлеуге
тәрбиелеу.
б) Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.
Жүргізуші:Армысыздар,құрметті көрермен қауым,
ұстаздар және оқушылар!Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағының үмітін ақтар жас ұрпақ.Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасының
«Тәуелсіздік күні» мерекесіне байланысты мектебіміздің 4,5,6 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Мен елімді
жырлаймын»атты патриоттық әндер байқауын ұсынамыз.Сіздерді 16 желтоқсан «Тәуелсіздік
күні» мерекесімен
құттықтаймыз.Жанұяларыңызға қуаныш,дендеріңізге
саулық,еңбектеріңізге жеміс
тілейміз!Бүгінгі байқауға қошкелдіңіздер!
Жүргізуші: Ардақты елім, кең
елім,
Құтты болсын мерекең.
Ырыс көктеп жеріңде,
Арта берсін берекең.
Енді әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Байқау
шарттары:Байқау 4,5,6 сыныптар
аралығында өткізіледі. Байқауға әннің орындалу шеберлігі ескеріледі
және ұпайы бірден хабарланады.
Жоғарғы ұпайы -5
І, ІІ, ІІІ орын белгіленеді.
Жүргізуші:
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,
Ән шырқап, би-билеуден қашпайық біз.
Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Сонымен кешімізді бастаймыз біз.
Қазақстан-көк байрақты
нұрлы елім,
Сен дегенде лүпілдейді
жүрегім,
Өзің менің
қуынышым,бақытым
Өзің менің тынысым да
тірегім
Ел құрадық шаттық,құйып
көңілге
Жарқырайды Елтаңбаң да
төріңде
Ірге тасың жатыр берік
қаланып
Бетті бұрдың алға-жарқын
өмірге!
Сахнаға 4 «Б» сынып
оқушыларын «Қазақстан» әнімен ортаға
шақырамыз
Жүргізуші:
Отаным менің кең байтақ
Қазақстан
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін қазақтан?!
5 «А» сынып оқушыларын «
Самға» әнімен ортаға шақырамыз
Сен неткен Отан - Анам,
ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім?
Келесі кезекті 5 «Ә»
сыныбының әнші оқушыларын «Қазақ елі осындай» әнімен сахнаға
шақырамыз
Көк байрағым желбірейді
елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде
Сахнаға 5 «Б» сынып оқушыларынан
құралған «Алтын дән» тобын «Туған жер»
әнімен ортаға
шақырамыз
Халқым менің! Саған қарап
жұбанам,
Тарих беті қатар-қатар бұралаң.
Талай зардап қайғы мұңның- соңынан,
Егеменді алғаныма қуанам – дей келе
сахнаға 5 «В» сынып
оқушыларын «Қазақ елі
орсындай» әнімен
шақырамыз
Кең байтақ, көз жетпейтін
жерім менің
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің
Сахнаға 6 «А» сынып
оқушыларынан құралған «Самға» тобын «Самға» әнімен
шақырамыз.
Бақтың құсы әр адамға қонып
бір,
О Тәңірім, бізді баққа
жолықтыр!!..
Бүгін, міне, Тәуелсіздік
ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі деп
соғып тұр!..
Еліміз дебақ-береке,
ырысболсын,
Қызыл тілім қанжардай
қылышболсын.
Халқымның ахуалы дұрыс
болсын.
Отанымыз әрқашанда тыныш
болсын!
Жүргізуші:
Бүгінгі байқау өз мәресіне
де келіп жетті. Сайыстың қорытындысы шығарылғанша
------------------
Сайыскерлерді ортаға
шақырамыз.Қортынды сөз кезегін Қазылар алқасына
береміз.(қазыларалқасы бағалап,
марапаттайды)
-Адам өміріндегі ең қымбат
құндылықты қастерлеуге, құрметтеуге баулу арқылы атамекеніне деген
баланың сезімінің үлкен махаббатқа ұласуына жол ашу.
-Туған жердің табиғатын бейнелеу арқылы табиғат байлықтары туралы
түсінікті саналарына сіңіру.