Материалдар / Мен еліммен мақтанам

Мен еліммен мақтанам

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мен еліммен мақтанам" ашық сабағында балалар ҚР қазіргі жеткен жетістіктері туралы батыр бабасына баяндайды. сабақта батыр бабалар мен қазіргі таңдағы батырлар турплы айтылады. сабақ тәуелсіздік мерекесіне орай құрылған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

«Жұлдызша» мектепалды даярлық тобы

Тақырыбы: Мен еліммен мақтанам

Білім бөлімі: Таным, қатынас, шығармашылық

Білім саласы: Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу, хореография.

Мақсаты: 1.Балалардың тәуелсіз Қазақстан Республикасы туралы білімдерін толықтырып, пысықтау. Рәміздерді танып, оның негізгі белгілерінің мағынасын түсінуге, қазақ батырларын танып ажырата алуға, әртүрлі ұлттардың биін музукаға сәйкес билей алуға үйрету.

2. Сөздің мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуді дамыту.

3.Туған жерге мақтаныш сезімін, патриотизмді тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырыптық суреттер, Нұрсұлтан қаласы туралы слайд

Сөздік жұмысы:Тауелсіздік, саятшылық, конституция.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ -жауап, баяндау, ойын, бейнеролик қарау.

Барысы:

Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері Арайланып таң атты, Алтын сәуле таратты. Қайырлы күн Алтын күн. Қайырлы күн қонақтар!



Әнұран айту.

Батыр кіреді: Балалар сендердің мына әндерің мені ұйқымнан оятып жіберді. Өзі жүректі тебірентеді екен.

Иә, батыр баба, келіңіз, бұл біздің әнұранымыз ғой.

Батыр:Біздің кезімізде мұндай емес еді.

Батыр қазір заман басқа, соған орай әнұранда өзгерген. Бұл қәзіргі тәуелсіз, көпұлтты Қазақстанның әнұраны.

Батыр: Тәуелсіз дейсің бе, ол менің өмір бойғы арманым ғой. Сендер тәуелсіз болу деген не екенін білесіңдер ма?

Тәуелсіз болу‑ ешкімге бағынбау, өз еркі өзінде болу деген сөз.

Батыр баба, білесіз бе, біз қазір сол бабалар армандаған тәуелсіздікті алдық. Бүгін біз сол «Мен еліммен мақтанам» деген тақырыпта әңгімелесетін боламыз сіз отырып тыңдаңыз. Батыр: Жарайды отырайын.

Ұйымдастыру -ізденушілік

Балалар, биыл біздің тәуелсіздігімізге неше жыл толады?

-31 жыл толады.

Батырға сол тәуелсіздік туралы тақпақ айтып берейік.

Б абамның да арманы Осы еді ғой аңсаған. Тәуелсіздік таңдары Бақ береді баршаға. Көк туымды қолыма Бүтін берік ұстадым. Түсті бақыт жолына Менің Қазақстаным



















Балалар, әр елдің өз рәміздері болады. Біздің рәиіздеріміз не?

ту, елтаңба, әнұран.

Балалар, біз әнұранды қалай айтатынымызды айтыңдаршы. Оның авторлары кімдер?

Оң қолды жүреке қойып, орнымыздан тұрып айтамыз.

Авторлары: Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов

Батыр: Жарайсыңдар балалар. Мынау шимайлар не өзі? Ішінде менің бүркітім мен тұлпарымның сұлбасына ұқсас бірнәрсе бар екен. Мен қолым бос кезде саятшылықпен айналысушы едім. Сендер саятшылық не екенін білесіңдер ма?

Ия, батыр баба. Балалар саятшылық не екенін айтып берейік.

  • Саятшылық деген құс пен итті аң аулауға үйрету.

Туда не бейнеленген. Түсі қандай? Көк түс нені білдіреді? Күн, қыран құс нені білдіреді? Тудың көлемі қандай болу керек? Авторы кім?

Тудың түсі аспан түстес көк. Ол ашық аспанды, бейбітшілікті білдіреді.

Күн‑күш қуатты білдіреді.

Қыран құс‑ биікке ұмтылысты, еркіндікті білдіреді.

  • Авторы Шәкен Ниязбеков.

Елтаібада не бейнеленген? Пішіні қандай? Дөңгелек нені білдіреді? Бесжұлдыз, Шаңырақ, қылыш, пырақ нені білдіреді? Алтын сары түс ненің белгісі? Авторлары кімдер?

Дөңгелек‑­ мәігілік ел дегенді білдіреді.

Шаңырақ‑ Қазақстандағы барлық ұлттар бір шаңырақ астында тату‑тәтті өмір сүреді дегенді білдіреді.

Пырақ‑ Үнемі жетілуді, дамуды білдіреді.

Бесжұлдыз‑ біз әлемнің барлық елімен тату тәтті өмір сүреміз дегенді білдіреді.

Қылыш‑ біз соғысты қаламаймыз дегенді білдіреді.

Алтын сары түс‑байлықты, әділдікті, кеңпейілдікті білдіреді.

Авторлары Шот‑Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков.

Батырға ту мен елтаңба туралы тақпақ оқып берейік.

1.Елтаңбасы елімнің, неткен әйбат, әдемі. Тұнығындай көңілдің, ортада аспан әлемі. Құт береке шаңырақ, орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ, екі жақтан көмкерген. Тәуелсіздік жолында, талай‑талай тер тамған. Билігім өз қолымда, еркіндігім‑ Елтаңбам.

2. Көк аспандай көкпеңбек, Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен тек‑ елдің ашық қабағы. Ақ ниеті‑ алтын күн, асқақ арман‑ қыраны. Жалауы бұл‑ халқымның, мәртебесі, мақтаны.

Біз көп ұлтты елміз дедік жаңа, енді сол ұлт өкілдерінің биін билеуге қалай қарайсыз, батыр?

Сергіту сәті. Би.

Батыр: Ух, шаршап кеттім ғой. Бұларың дұрыс екен. Бастысы тату болсаңдар бопты. Өздері қазақша сөйлей ме?

Сөйлегенде қандай. Біз жеке мемлекет болғандықтан өз мемлекеттік тіліміз, ата заңымыз, төл теңгеміз бар.

Ә‑ә жеті жарғы ма?

Балалар, заң жазылған кітапты не деп атаймыз? Мемлекеттік тіліміз қай тіл?

Мемлекеттік тіл‑ қазақ тілі. Заң жазылған кітап конституция деп аталады.

Батыр баба, сізден кейінде еліміздің басына талай қауіп қатер төнген сол кездері отанын қорғау үшін талай батырлар жауға қарсы шыққан. Қазір сол батырлармен танысыңыз. Балалар, сол батырлар туралы айтып берейік.

Қандай батырларды білесіңдер?

Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр, Бауыржан Момышұлы, Әлия, Мәншүк, Талғат, Қайрат Ләззат.

Батыр: Сендер бәрін біледі екенсіңдер. Бірақ мына батырлар басқаша киінген ғой. Сосын мен қатты ұйықтап қалғанда найзамды жоғалтып аппын соны тауып бересіңдер ма?

Балалар, батырға себебін түсіндіріп берейік.

Жоңғар шапқыншылығынан кейін еліміз ресейдің қарамағына өткен, одан кейін кеңес дәуіріне өтті. Әр заманда түрлі дұшпандар шығып елімізді жауламақ болған, бұл батырлар сол кезеңдердің батырлары.

Батырдың найзасын тауып берейік енді.

Ойын: «Дұрысын тап» Шарты: Әр заманғы батырлардың киімін бөліп жинау. Мақсаты: Киім, қару, көліктерін заманына қарай ажырата білу.

Ойын: « Мақалды аяқта» Шарты: бір топ мақалдың басын айтады, екінші топ аяқтайды. Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

1.Отансыз адам‑ ормансыз бұлбұл. 2.Отан отбасынан басталады. 3.Отан үшін отқа түс‑күймейсің. 4.Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар. 5.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. 6.Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. 7.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Батыр: мен ұйықтап жатып кереметтей үлкен бір қаланы көрдім, Өзі тез өсіп жатыр. Ол қандай қала?

Нұрсұлтан қаласы туралы слайд.

Ол біздің бас қаламыз‑ Нұрсұлтан қаласы. Қазақстанның тұңғыш президентінің құрметіне осылай атадық. Батыр кетеді.

Рефлексивті түзетушілік Қорытындылау

Балалар, бүгінгі оқу‑қатынасымызда не туралы айттық? ‑Қазақстан республикасы туралы айттық.

Бізге қонаққа кім келді?‑ ‑Ерте замандағы батыр келді.

Біздің негізгі мақтанышымыз, байлығыныз не екен? ‑тәуелсіздігіміз, тыныштығымыз.

Тәуелсіз елдің негізгі белгілері не екен? ‑Мемлекеттің рәміздері, тілі, ата заңы, төл теңгесі және өз президенті. ‑Кімге не ұнады?









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ