21.10.19
«Бекітемін»
ТЖО-ы Ф.Ғ.
Қайбалиева
Тәрбие
сағатының тақырыбы: «Мен елімнің
ертеңімін»
Мақсаты:
Отанды сүю, Қазақстан
Республикасының рәміздерін
қастерлей
білу, туған жерге деген сүйіспеншілікке,
адамгершілікке,
парасаттылыққа, туған елінің
болашағына
үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге
үйрену.
Сбақтың
түрі: біріккен сабақ /2-3сынып/
Сабақтың
көрнекілігі:
видеороликтер,слайдтар,Рәміздер
буклеті,
көгершіндер,кеспе
әріптер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Гимні
/Әнұран тыңдау видеоролик/
ІІ.
Шаттық шеңбері
Жоғары
қарап Ай көрдім,
Төмен
қарап Жер көрдім.
Оңға-солға
бұрылып,
Егеменді
ел көрдім!
Оқушыларды
топқа бөлу: «Көгершін таңдау» түрлі
түсті көгершіндерді таңдау арқылы
топтарға бөліну.
ІІІ.
Ойашар:
-Балалар,
біз қандай мемлекетпіз?
-Еліміздің
тұңғыш президенті кім болды?
-Қазіргі
таңда елімізде бірнеше өзгерістер болып
жатыр. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев
мерзімінен бұрын өкілеттілігін
тоқтатып,ендігі елді басқару ісіне
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды.
Сондай-ақ елордамыз Астана қаласының
да атауы өзгертіліп, Нұр-Сұлтан деп
аталды.
Видеоролик,
слайдтар бойынша кең байтақ Қазақстан
туралы түсінік беру.
ІV.Топтық
жұмыс:
1-топ:
«Қазақ жері» (топтастыру
жұмысын жүргізеді)
Кең,
шексіз
Қазақ жері
Туған
жер Менің Отаным
Қазақстан
Кең
дала
Әдемі
табиғат
2-топ:
Суреттер сөйлейді: «Тәуелсіз ел»
(пазлдармен суреттер құрастырады, сурет
мазмұны бойынша өз ойларын айтады)
1-топ:
«5 жолды өлең» ОТАН
2-топ
«Жалғасын
тап»
Сөйлемнің
басы жазылған парақшаларды оқушыларға
таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді
толықтырып айтады.
V.
Поэзия минуты:
М.Мақатаевтың «Отан» өлеңін видеороликтен
тыңдайды. топ мүшелері отан, туған жер
туралы кез-келген ақынның бір өлеңін
жатқа айтып береді)
VІ
. Жеке
жұмыс: «Сұрақ-бізден, жауап-сізден»
(конверттегі
сұрақтарға жауап беру)
1.
Елтаңбаның авторлары кімдер?
/Шота
Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков/
2.
Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан
айналымға енді?
/теңге,
1993 жыл, 15 қараша/
3.
Еліміздің рәміздері қабылданған
күн? /1992
ж. 4 маусым/
4.
Қазақстан Туының авторы кім? /Шәкен
Ниязбеков/
5.
Қазақстанның
Ата Заңы қабылданған күн? /1995
ж. 30 тамыз/
6.
Мемлекеттік Гимніміздің авторлары
кімдер? /
Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан
Назарбаев Әні: Шәмші Қалдаяқов. 2006 жылы
6 қаңтарда жаңа Мемлекеттік Гимні
бекітілді/
VІІ.
«Бэкроним»
әдісі арқылы
бекіту:
оқушылар шеңбер бойымен тұрады, оларға
әріптер үлестіріліп беріледі, бір оқушы
сол әріптен келетін сабақ барысында
қолданылған сөзді айтады, екіншісі
сөйлем ойлап айтады.
Е(ЕГЕМЕН),
Қ (ҚАЗАҚСТАН),О(ОТАН), Р (РӘМІЗ),
Т(ТӘУЕЛСІЗДІК).
ҚОРЫТЫНДЫ:
«Мен елімнің ертеңімін» әні арқылы
аяқтау.