400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен елімнің ертеңімін!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жалпы өскелең ұрпаққа бағыт бағдар беру үшін аса қажет деп есептеймін.Сондай-ақ патриотизимге және ел болашағы үшін еңбек етуге тәрбиелейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы:

10 «а»

Күні: 11.12.2018ж.

Тақырыбы:

«Мен елімнің ертеңімін»

Мақсаты:

Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.

Құндылықтар ға баулу

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Көрнекіліктер

слайдтар, бейне баян, түрлі-түсті шарлар.

















Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар,оқушылар,қонақтар ! Бүгінгі «Мен елімнің ертеңімін» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі. Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де біздер. Біз жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңіміз. Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан сендердің алдарыңда үлкен жауапкершілік тұр. Көрініс : Қаһарман болу үшін... 
Әжесі жүн түтіп отырғанда немересі келіп
 Апа,Отан дегеніміз не? Осы сөздің мағынасын түсіндіріп беріңізші . Апасы: Отан-әр адамның туып –өскен жері, ата-анасы, туған-туысқандары мен жолдастары тұратын атамекені. Біздің отанамыз- Қазақстан. Біз Қазақстан деген алып мемелекетте, тұрамыз. Немересі ертегі айтып беруін сұрайды. 
-Әже,ертегі айтып берші. 
-Ерте,ерте,ертеде қазақ елінің бір батыр,қаһарман ұлы дүниеге келіпті. 
-Әже,қаһарман деген сөздің мағынасын түсіндірші. 
-Қаһарман деген батыр,ержүрек,елі үшін жанын қиятын азамат адамды атайды. 
-Сонда ел үшін күресетін батырларды солай атаймыз ғой,ә 
-Ие,мысалы қаһарман деп Амангелді батыр,Бауыржан Момышұлын,Махамбет,Рақымжан ,Қайрат,Ләззат,Мәншүк,Әлия секілді аға-әпкелеріңді біз елдің қаһарман ұл-қыздарын айтамыз.Олар елі үшін қадірлі тұлғалар. 
-Мен де өскенде қаһарман болғым келеді.Ол үшін мен соғысу ,күресуді үйренуім керек пе? 
-Жоқ,алтыным.Соғыстың бетін аулақ қылсын. Сен өскенде қаһарман атануың үшін міндетті соғыса білу қажет емес .Біз қазір бейбіт,тату, егеменді елде өмір сүріп жатырмыз.Сондықтан елін сүйетін,елінің дамуы жолында үлкен еңбек етіп ,жерінің,тілінің,отанының дамуына үлес қосқан азаматтарды қазіргі кезде қаһарман деп атап жүрміз.Сол себепті сен ең алдымен оқу оқып білім алуың керек. 
-А,түсіндім сонда көп оқып ,білімді болып,отаным үшін еңбек етсем ,соның өзі мені қаһарман етеді екен ғой. 
-Ой,ботам ,ақылдым сол! 
Ұқтың ба, ботам? 

Иә, ұқтым, әже.

Ендеше, мына ағаларың мен апайларыңның Отан туралы айтары бар екен. Жүре ғой, тыңдайық. (Қазақстан деген жазудың әр әрпін кеудесіне ілген оқушылар шығады) Қ- Отан дейміз от жаққан жерімізді. Отан дейміз өсірген елімізді. А- Отан дейміз кең байтақ астананы, Жасыл жайлау, жаңа жол жас қаланы.  З- Алақанда әлдилеген Отаным, Көмейімді күйдіреді от-әнім! А- Қазақстан- арайстан, күншуақ, Қазақстан- ырысстан, ынтымақ. Қ- Бәрі де Отан , сен үшін! С- Отаным- Қазақстаным. Т- Отан сенің ата-анаң, Отан-досың, бауырың. А- Отан- тарих, Отан-тіл, Отан –өлең, Отан жыр. Н- Отан деп өссін жас жаным. Барлығы: Отан! Отан! Бәрінен биік екен, Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Жүргізуші :Осы көріністен біз не түйдік ?Біздің еліміздің болашағы жарқын болуына біз қалай үлес қоса алатынымызды айтайықшы. «Мен елімнің ертеңімін» ой-толғау Мирас

жүгізуші: Тәуелсіздік оңайшылдықпен келген жоқ. Ата-бабамыз білектің күшімен,найзаның ұшымен ұлтарақтай жерін қасық қаны қалғанша қорғады. Сол бабалардың аманатын іске асыратын, кең байтақ Қазақстан жерін қорғайтын еліміздің Отансүйгіш, елжанды патриот ұландары бар- дей келе әдеби монтажға кезек берейік:

БЕКЖАН:Ту тігілді халқымның бүгін бағына , 
Жас өрендер,желбіретіп,нық ұста! 
Ғасырларға жалғастырып елдікті, 
Дақ түсірме ата-баба арына! 
Үлгі бізге аталардың ерлігі, 
Ұлағаты,өнегесі,еңбегі, 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары 
Бүгінгі ұрпақ-болар елдің ертеңгі! 
АҚПЕЙІЛ-

Ата бабам ұзақ күткен теңдігім

Ұлан ғайыр далам менің теңдігім

Ұрпақтары көрді барлық бақытты

Тәуелсіздік еркіндігі елдігі.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді

Күрескерлер қаймықпады елдегі

Қаныменен жанын берген ерлердің

Есімдері мүмкін емес өлмегі.

Мирас:

Отан деген әрбір жүрек дірілі, 
Отан үшін болып келем үлгілі. 
Менің,сенің үмітіміз ертеңгі, 
Қазақстан-келешектің мекені. 
Дарқан далам-сенің ,менің қуатым, 
Ата-бабам-сақтаған жез қанатым. 
Салт-дәстүр,дініміз бен тіліміз, 
Бола бермек мәңгі менің жалауым.

Нұртас- «Үш бақытым» . 
Ең бірінші бақытым – Халқым менің, 
Соған берем ойымның алтын кенін. 
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, 
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. 
Ал екінші бақытым – Тілім менің, 
Тас жүректі тіліммен тілімдедім. 
Кей – кейде дүниеден түңілсем де, 
Қасиетті тілімнен түңілмедім. 
Бақытым бар үшінші – Отан деген, 
Құдай деген кім десе, Отан дер ем! 
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? 
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. 
Ел болдық ерік алдық астаналы 
Енді кімнен қазағым жасқанады? 
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, 
Нұрсұлтанның атымен басталады. 

Жүргізуші : Мемелекетімізді бүкіл әлемге мойындатқан осы бір парасатты қазақ баласының үлгі тұтар қасиеті әркімге де өнеге мектебі емес пе? Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар, -деп дана халқымыз тегін айтпаған ғой, Қазақстанның Президенті ел үмітін ақтап жүрген ер емес пе?

Ән «Астана» орындайтын: Муқатжанова А

жүргізуші: Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан сендердің алдарыңда үлкен жауапкершілік тұр.Қазақ деген пейілі кең, бай халық, Толды арманы егеменге айналып. Кезекті әдеби монтажға берсек. ЖАНЕРКЕ

Бойымда жігер,тұрғанда сенім, 
Жалындап өтем,жолыңда сенің. 
Өзіңсің мәңгі бақытым барым 
Аяулы отан, ардақты елім. 
Бойымда қайрат,тұрғанда сенім 
Құрбаның болам жолыңда сенің, 
Құлпырып мәңгі жасай бер,жаса 
Сүйікті отан, сүйікті елім! 

ЕРАСЫЛ

:Тәуелсіздік –қазақтығы қазақтың, 
Тәуелсіздік –жойылыу азаптың. 
Биіктей бер,асқақтап жомарт халқым, 
Өркендей түс,аяқталды тозақ күн. 
Жерімнің жаңарды да бас қаласы, 
Көркейді кербез сұлу Астанасы. 
Өркендеп,өрлей түсті мәдениет, 
Жаңғырып,асқақтады әдебиет. 
Қазақстан-асыл анам,алтын анам,тірегім, 
Саған деген махаббатқа толы менің жүрегім. 
Туған жерім-тәуелсіз Қазақстан бесігім, 
Өркендету-басты арман-тілегім. 
Талғат-

Отаным менің –кең-байтақ Қазақстан, 
Аман еткен талай дүлей азаптан. 
Бар әлемді өз аузына қаратқан, 
Кім бар,қане,артық қазақтан? 
О,Отаным!Құлыныңмын қойныңда , 
Өзіңменен өмірім,өзің де балаң ойым да. 
Болашағың күлімдеген ертеңгі , 
Отан-Ана,мына менің қолымда. 

АЙБЕРГЕН

:Отанымды сүйемін мен! 
Жайраңдап Отанымда күле білгем. 
Біз отанның ертеңгі тірегіміз 
Отаннан ауа жұтқан жүрегіміз. 
Егемен ,қасиетті Отан үшін, 
Арлы да ,ақылды да түлегіміз. 

АҚПЕЙІЛ

Қасиетті Қазақстаным,мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім,жерім,Отаным,бақ-дәулетім,

Болашағым,өнер-білім,өркенім.

Жүргізуші: Ұландарымыздың биін қабыл алыңыздар Қр-ның президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында «Қазақстан - 2030» Стратегиясының Қазақстан экономика мен өзінің мемлекеттігінің берік іргетасын құра отырып,дамудың жаңа кезеңіне кіруге; 
Қазақстан өмір сүру сапасының өсуін ; 
Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі- жан-жақты жаңғыртуды жеделдету; 
Бәсекеге қабілетті- Қазақстаннның әлемдік экономикасы мен қазақстанды құрудың маңызды факторларын айтқанын білесіңдер. Сендер 2030 жылы неше жаста боласыңдар? 
Оқушылар:27-28жас 
Жүргізуші :Иә,демек нағыз ақыл тоқтатқан,мектепті бітіріп,оқу орнында оқып,диплом алып,жұмысқа орналасып,әрбір мамандықтың қыр-сырын ұғатын уақыттырың.Елдің туын нық сенім,батылдықпен ұстайтын,өз еңбектеріңді елге арнар шақтарың болатын кез. Енді өз арман ,қиялдарыңа ерік беріңдер .«Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстанды » қалай елестетесіңдер ,өздерің нендей игіліктер мен жаңалықтар жасар едіңдер соны суреттердің көмегімен бейнелейсіңдер

Жүргізуші:Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын,

Туды міне, ел аңсаған азат күн!

Елдің туын биік ұстар әрқашан,

Болашағы сендерсіңдер қазақтың! -дей келе

Қыздар биі: Рухты ару
Жүргізуші:Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің  күші  мен найзаның  ұшы  керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант  пен талап керек. Қазақ елінің
абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді  сезінейік.

Мұқатжанова Ақпейілдің орындауында ән «Қазақ елі»
Жүргізуші:“Сен де бір кірпіш  дүниеге ,
Кетігін тап та бар қалан!”-  деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Қорытынды сөз мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қашқынбай Бейсенұлына беріледі.















«Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі














Мен елімнің ертеңімін









Сынып жетекшісі: Тишибаева Г.С.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі