400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен елімнің ертеңімін

Материал туралы қысқаша түсінік
Туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтеу Еліміздің рәміздерін қастерлеу Отан - отбасынан, туған жерден басталады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мен елімнің ертеңімін!

Мақсаты: 1. Оқушыларға тәуелсіз елімізді өркендету үшінОтанымызға білімді, саналыазаматтар керек екенін түсіндіру.

2. Сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отырып, қиялын шарықтату, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

3. Қазіргі өмір талабына сай білімді, мәдениетті, салауатты өмір салтын дәріптейтін, адамгершілігі мол азаматтар болуға үйрете отырып, патриоттық тәрбие беру.

Әдісі: Ой шақыру, телеойын.

Барысы: Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Көрнекілігі: Түрлі- түсті қима қағаздар, Әнұран, Қазақстан жалауы, Елтаңба, Мақал- мәтел бүктемесі, теледидар макеті.

Кіріспе:

Мұғалім оқушыларды тәрбие сағатының тақырыбы мен мазмұнын атап өтіп, өту барысымен таныстырады.

Негізгі бөлім:

  1. Қызығушылықты ояту.

Оқушыларды топқа бөліп алу үшін мұғалім оларға сұрақ қояды: «менің елім» дегенде ойыңа қандай сөздер келеді? Бұл сұраққа оқушылар әртүрлі жауап береді. Мысалы: Қазақстан, Әнұран, Жалау, Елтаңба, Астана, Туған жер, Алматы, т.с.с.

Оқушылар ретіне қарай осы бес сөзді қайталап айтып шығады. Кім қай сөзді айтса, сол топқа кіреді.

  1. Ой шақыру.

Мұғалім оқушылардың назарын тәрбие сағатының тақырыбына аударады. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен елімнің Ертеңімін». Еліміздің ертеңі өздері екенін айта отырып, «еліміздің ертеңі болар ұрпақтар қандай болу керек?»- деген сұрақ қойылады. Бұл сұраққа әр топ ақылдаса отырып, өз ойларын үшбұрышталған қима қағаздарға жазады.Барлық топтар тыңдалып, ортақ қорытынды тақтаға ілінеді.


ақылды

Тілін құрметтейтін.

білімді



DrawObject2 DrawObject1

DrawObject3

намысты

Дені сау




DrawObject5 DrawObject4


Адамгершілігі мол

DrawObject7 DrawObject6




Отанын сүйетін

DrawObject8

  1. Мағынаны тану

Тәуелсіз еліміздің ұрпағы қандай болу керек?- Деген сұраққа берген жауаптарына сай, ойларын одан әрі өрбіту үшін сұрақ қойылады: «Осы өздерің айтып отырған қасиеттерге жету үшін не істеу керек? Не істеп жүрміз?» Мұғалім сұрақтың мәнін ашуға келетін бес оқушының жауаптарын таңдап алып, бес топқа бөліп береді. Мысалы:

1- топқа Тәуелсіз еліміздің ұрпағы білімді;

2- топқа отаншыл;

3- топқа дені сау;

4- топқа әдепті;

5 -топқа өнерлі болу керек,- деп оқушылардың үшбұрышталған қима қағазға жазылған жауаптары беріледі. Әр топ ақылдаса отырып, осы қасиетке жету үшін не істеу керектігін жазады. Топ жетекшілері шығып жазғандарын оқиды. Үшбұрышты қима қағаздарға жазған жауаптарын әрқайсысының тұсына іледі. Мысалы:

Отаншыл- әскерден қашпау керек, адал, ержүрек болу керек.

Дені сау- таза ауада көп жүру, өсімдікті қорғау, денені шынықтыру, күнге күю, суға шомылу, дәрумендер жеу, тазалық сақтау керек т.с.с.

  1. «21 ғасырдың тарланы» телеойынын ойнау.

Әр топта бес баладан болса, 1- ден 5- ке дейінгі цифр жазылған қағаздар балаларға таратылады. Текшеге алдын ала 5-ке дейінгі нөмірлер жазылып қойылады. Мұғалім әр топтың жанына келіп, текшені айналдырады. Текше айналған кезде қай нөмір жоғары қарап тұрса, сол нөмірлі бала ойынға қатысады. Қалған оқушылар жанкүйерлер болады. Теледидар макеті сұрақ нөмірлері жазылған шаршыларға бөлінген. Шаршы қағаздың келесі бетінде сұрақтар жазылған. Ойыншы сұрақты өзі таңдайды.

  1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген?

  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды?

  3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?

  5. Әнұранның авторларын ата?

Әрбір дұрыс жауап үшін бес ұпай алады. Жауап бере алмаса, тобындағы жанкүйерлері көмектесуге болады. Жанкүйерлердің жауаптары бір ұпайдан ойыншыға қосылады. Жауап бере алмаған немесе ұпай саны аз оқушы ойыннан шығарылады. Ең көп ұпай жинаған оқушы «21 ғасырдың тарланы» атағын жеңіп алады.

5.Ойтолғаныс.

1.Тапсырма. Мен елімнің ертеңімін. Мен бүгіннен бастап ....( Оқушы өзіне өзі міндеттер жүктейді.) Мысалы: мен бүгіннен бастап тәртібімді жөндеймін, дәлізде жүгірмеймін, жаман сөз айтпаймын т.с.с.

2. Автор орындығы. Жазған тапсырмаларын орындыққа отырып оқиды.

Қорытынды:

Оқушылар: Бүгін баламыз, ертең біз -Қазақстанның болашағымыз. Сондықтан біліммен қаруланып, еліміз қажет ететін азамат болып, өз жеріне кірпіш болып қалануға дайын тұруымыз қажет. Сонымен қатар, Отанымызға адал қызмет етуіміз керек.

Оқушы:

Туған жерді сүю- парыз,

Сүю үшін білу- парыз.

Қасиетін ұғу- парыз,

Күзетінде тұру- парыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
400
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі