Материалдар / Мен-елімнің мақтанышымын

Мен-елімнің мақтанышымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен-елімнің мақтанышымын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2021
1167
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

14 орта мектеп-гмназиясы














ТӘРБИЕ САҒАТЫ


Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу –азаматтық парыз бен міндет


Сыныбы: 2 «Г»

Сынып жетекшісі: Әміржанова М.С.














2021 жыл

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – азаматтық парыз

бен міндет.

Мақсаты

І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ.Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты


Сабақ барысы:


Кіріспе бөлім:

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық – бір ел – бір тағдыр».

Неге біз бұлай айта аламыз?

Өйткені, «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» – бұл бізге бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан дегеніміз не?

-Туып өскен жеріміз, егеменді еліміз.

– Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз,  Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.


Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:

1. Отан отбасынан (басталады)

2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)

3.  Отан- елдің анасы,  (Ел- ердің анасы)

4. Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).

5.  Отанды сүю- (отбасынан басталады)

6.  Отан оттан да (ыстық)

7.  Отансыз адам- ( ормансыз бұлбұл)

8.  Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес)

9.  Ел іші- (алтын бесік)

10. Тіл- тәуелсіздік  (тірегі)


«Отан» жайлы тақпақтар

ШұғылаОтан менің ата-анам

Отан досым бауырым

Отан өлкем Астанам

Отан аудан ауылым

Қадыр:  Отаным алтын бесігім

Тербеттің мені төсіңде

Жүреді сенің есімің

Ер жеткен кезде есімде


Жарайсыңдар балалар! Отан жайлы көп біледі екенсіңдер.

Отан –жерім,Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді..

Отан-ұран, Отан-туым

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.


«Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.

Ендеше, тәрбие сағатымызды бастаймыз.


«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек,қасиет тұтуымыз керек.Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы,біздің ең киелі құндылықтарымыз.»

Н.Ә.Назарбаев.

АлимаМен қазақпын мың өліп, мың тірілген

Мақтанамын анам туған тіліменен

Дүниеге жар саламын айқайлап

Сәби жүрек пәк періште үніммен


 Сабина : Қазақстан қасиетті мекенім

Өзіңді жырлап мәңгілікке өтермін

Елім үшін, жерім үшін жан пида

Республикам, Отаным, Атамекенім


Әмір : Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.


2-бөлім: Туымен-Тұғырлы, Елтаңбасымен- Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!

«Көк аспан» тобы тұғырлы Туымыз туралы жинаған деректерін ортаға салады.  

Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс , даму,өсіп өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатын жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек алтын түсті.


Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің ірге тасын калаушылардын бірі, Чехославакияда өткен (1961ж.) халыкаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.


Сұлтан:                                          Рустам:      

Айнымайды аспаннан                  Мереке бүгін бақ күні

Біздің тудың бояуы                       Егеменді елімнің

Оны халық қашанда                    Желбірейді көк туы

Биікке іліп қояды.                        Түсіндей боп көгімнің


Біздің  Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба.
Елтаңба негізі–Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі.Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді.

Халық қалаулылары мен Елбасы назары сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды. Көп ұзамай тәуелсіз елдің төл белгісі қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тартты.Елтаңбаның авторлары- Ж .Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.


Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы –Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным»  әні 10 қаңтарда 2006 жылы,  Елбасын  ұлықтау рәсімінде орындалды.

Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.


3- бөлім: 

1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба                                 Байрақ                           Әнұран

Ел                                           Бай                                       Ән

Таңба                                      ай                                        Ұра

Таң                                          қар                                      Ұн

Аң                                           ар                                         нан

4-бөлім. Сөзжұмбақты шеш

Группа 5


 Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!

 Бірге:

«Көздің қарашығындай сақтауға:

-Құрметтеуге:

-Мақтанышпен қорғауға:

-Тұмардай сақтауға:

-Елімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз:

Елімнің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын сыйлап қастерлейміз.»




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ