Ашық тәрбие сағатының
тақырыбы: «Мен елімнің
патриотымын»
Ашық тәрбие сағатының
мақсаты:оқушыларды еліміздің
тәуелсіздік алғалы қол жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін
одан әрі толықтыру. Отанды сүюге, болашақта Отанымыз Қазақстанды
өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту. Еліне
деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтап,
әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:Елбасы портреті, ҚР
рәміздері, картасы, сөзжұмбақ, түрлі-түсті тапсырмалар жазылған
карточкалар, тілек парақшалары.
Ашық тәрбие сағатының
барысы:1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылар
дөңгеленіп тұрады да әр оқушы аты-жөнін айтып, жақсы тілектер
тілейді. Мысалы: еліміз тыныш болсын, бақытты болайық, аспанымыз
ашық болсын, береке болсын, бірлік болсын
т.б.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік Әнұраны орындалады. Сынып оқушылары фигураларды таңдау
арқылы төрт топқа бөлінеді.
I.Кіріспе сөз.
Мұғалім:Биыл еліміздің тәуелсіз
Қазақстан Республикасы атанғанына 25 жыл уақыт болыпты. Отан
дегеніміз адамның туып-өскен жері. Туысқандарымен, жақындарымен
бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-
Қазақстан Республикасы. Адамның жақсы, бақытты өмір сүруі көп
жағдайда Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты. Отан адамның
отбасынан басталады, туып-өскен жері, ауыл қыстағы, қаласы-оның
кіші Отаны. Өйткені әрбір ауыл, қала бүкіл республикамен тығыз
байланысты. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан
түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа
болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ
біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған
жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.
Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағасы сияқты «бір халық-бір
ел- біл тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. Бірлігі берекелі, тірлігі
мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ырыс-несібесі мол
болмақ. «Қазақстан-2050»
Стратегиясы: бір халық- бір ел- бір
тағдыр» неге біз бұлай айта аламыз?
Өйткені, «бір
халық»- бұл барлығымыз үшін ортақ
ұлттық мүдделер. «Бір
ел»-бұл барлығымыз үшін ортақ
Отан. «Бір
тағдыр»- бұл біз бірге жүріп өткен
қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз-игілікті және
өсіп-өркендеген Қазақстан! Қазақстан 2050 жылы қандай ел болады?
2050 жылы Қазақстанның жұдырықтай жұмылған біртұтас халық, үлгілі
ұлттық мемлекет болатынына мен сенімдімін.
Біріншіден, қазақ халқы Қазақстандағы
барлық этностық әлеуметтік топтар үшін ұлттық мемлекеттік
қауымдастықтың қуатты тарихы діңі ретінде көрініс
табады. Екіншіден, бізге ұлттар үшін ортақ тарихи
сана-сезім қажет. Біздің тарихты тануымыз тұтас, оң сипатта болуға,
қоғамды бөлініске салмай, біріктіруге тиіс. Үшіншіден, біз бүкіл
күш-жігерімізбен қазақтардың ішкі бірлігін нығайтуымыз қажет.
Бүгінде XXI ғасыр, инновациялар уақыты, сондықтан қазақ қоғамыда
бұрынғы ғасырлардағыдай бола алмайды. Қазақстан-біздің жеріміз, біз
өз жеріміздің перзентіміз. Біз өз жеріміздегі бейбіт өмір үшін
тікелей жауаптымыз.
1-кезең «Кім
білгір?» Топтарға тапсырмалар беріледі.
1-топ: Отан туралы мақал-мәтелдер айту 2-топ: Отан туралы
жыр-шумақтарды айту 3-топ:Ауылымызда болған өзгерістерге тоқталу
4-топ: Мерекелік ақ тілек
2-кезең »Бұл кім, қандай
шығармаларын білесің?» ұлы адамдар суретіне қарап,
шығармаларын атайды.
«Ия, жоқ»
ойыны. Оқушылар берілген сұрақтарға
ия немесе жоқ деп жауап берулері керек. 1.ҚР Мемлекеттік елтаңбасы
ортасында шаңырақ бейнеленген бе? 2. Елтаңбаның авторы
Н.Ә.Назарбаев па? 3.Елтаңбаның жоғарғы жағына жұлдыз орналасқан ба?
4.Тудың ортасында шаңырақ бар ма? 5.Күн-бейбітшіліктің белгісі ме?
6. Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков елтаңбаның авторы ма?
7.ҚР Мемлекеттік елтаңбасы 1992 жылы қабылданған ба? 8. Шаңырақтың
екі жағын қанатты пырақтар көмкерген бе? 9.Біздің ұлтымыз қырғыз
ба? 10.Біз үшінші сыныптың оқушыларымыз
ба?
3-кезең «Суреттер
сөйлейді» Әр топ өз қалауы бойынша
суреттер салып, тақтаны безендіреді.
4-кезең «Сөзжұмбақтар
шешеміз» Тәуелсіздік, Қазақстан,
Астана, Отан
5-кезең «Әрқашан күн
сөнбесін!» Оқушылар тақтаға күн бейнесін
жасайды. Қолдарындағы стикерге тілектер жазып , тақтаға
жапсырады.
Қорытынды. Осылай еліміздің көк аспанында
әрқашан күн сөнбей, күн нұры елімізге тарай берсін. Ендеше
еліміздің ертеңін сөз ете отырып, еліміздің ертеңі кейінгі ұрпақ
екенін ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан елдің болашағы мен ертеңі, жас
ұрпақ, сіздердің қолдарыңызда! «Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел
сақтар» демекші, ел үмітін ақтау біздермен өлшенбек. Білімді ұрпақ
- ұлт болашағы, Біз жас ұлан. Отан-ана өркені, Үміт артқан
болашағы, ертеңі. Туған елдің даңқын көкке өрлетіп, Гүлге бөлеп
жасартамыз өлкені.
«Екі жұлдыз, бір тілек» және
ТӘУЕЛСІЗДІК сөзіндегі әріптер қатарын сақтай отырып, тілектер
тілеу.
Смайликтер арқылы
көңіл-күйлерін білдіру