|
Жұмыс
алгоритмі: Қазақстан қандай мемлекет?
Қане алдарыңда жатқан парақтарға «Қазақстан» тақырыбына 4 сөйлем
жазыңдар. Сендерге 4 минут
беріледі.
Табыс
критерийі:
-
Уақыт - 1
ұпай
-
Сөйлемдерді толық жазу – 4
ұпай
-
Басқа топқа дұрыс жазылған әр
сөз - 1 ұпай
Оқушылар төрт минут жазған
соң, сағат тілімен ауысып келесі топқа барыңдар, енді сол топтың
жазған әр сөйлеміне сын есім кірістіріп жазыңдар, тағы ауысыңдар,
енді сөйлемдерге сан есім жазыңдар, тағы ауысыңдар, енді
сөйлемдерге үстеу жазыңдар. Рахмет, енді әр топ өз жұмысын тақтаға
іліп дауыстап оқып берсін.
-
Эсселер
байқауы
-
Топтағы үйден жазып келген
ээселер ішінен біреуін таңдаңдар. Оқып
беріңдер
-
Қай топтың эссесі үздік болды
шапалақ арқылы бағалату. Бір шапалақ – 3 ұпай, екі шапалақ – 4
ұпай, үш шапалақ – 5 ұпай, бағалауға бағаланып тұрған топ
қатыспайды
-
Өлең оқу
байқауы
Жұмыс алгоритмі: топтарға өлең
жолдары беріледі, оқушылар оларды аяқтап, оқып беруі керек.
Оқушылар оқып болған соң, түпнұсқаны оқып беріп,
бағалаймын.
1 –
топ:
Сен неткен Отан - Анам, ғажап
едің, Әспеттеп көркем тілмен жазар
едім. Болашақ ұрпағының бақыты
үшін, Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ
елім!
2 –
топ:
Көк байрағым желбірейді
елімде, Қалықтасын қыран құсы
көгімде. Ашық аспан бейбітшілік
бейнесі, Әуелесін Қазақстан
жерінде
3 –
топ
Отаным менің кең байтақ
Қазақстан Аман өткен талай дүлей
азаптан. Бар әлемді өз аузына
қаратқан, Кім бар қане артық дейтін
қазақтан?!
4 –
топ:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім
менің Таулы орман , жасыл жайлау, көлім
менің Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті Тәуелсіз Қазақстан –елім
менің
-
Марапаттау
Жұмыс қорытындысын шығарып,
жеңімпаздарды марапаттау.
|
Жүргізуші:
-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің
өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан
мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Өз елің
мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек
ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер
болыңдар.
Шалқы қазақ шалқитын заман
келді.
Текке қаның төккен жоқ
бабаларын, - демекші осы күнге жеткізген еркіндік таңы мәңгі
жасасын. Ән:
« Әнұран
айтылады» Жүргізуші:
Ал құрметті, оқушылар, осындай әдемі
тілектермен, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сіздерге тағыда
мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз
гүлдене берсін!
|
|