Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен елімнің
патриотымын!
Мақсаты:
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік
тәрбие бере отырып,
Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін,
тегін тарихын білуде таным
белсенділіктерін,
қызығушылықтарын дамыту арқылы
өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды
тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының
көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан
Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә
Назарбаевтың суреті, слайд.
Музыкалық
көркемдеу: «Менің Қазақстаным»
бейнефильмі
Техникалық құрал
–жабдықтар: компьютер,теледидар.
Үлестірмелі
материалдар:Патриот,Отан туралы нақыл
сөздер,мақал-мәтелдер,өлеңдер.
Эпиграфтар: «Өз Отанының патриоты
болу-бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!» Н.Ә
Назарбаев.
Барысы: 1.
Ұйымдастыру.(шеңберге тұру)
Аспаны ашық
еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
Оқушыларды үш қатарға бөлу
үшін қағаздарға аттары жазылып
жасырылады.
1 -
Отаншыл
2
-Намысшыл
3 -
Білімді
Мұғалімнің кіріспе
сөзі:
- Құрметті үшінші сынып
оқушылары! Бүгінгі білім күні құтты
болсын!
. «Оқу – инемен құдық
қазғандай». Сендер алтын ұя мектептеріңнен білім алып, биік – биік
асуларға жетулеріңе тілектеспін!
Ой
қозғау: Балалар, сендерге «Отан» деген
сөзді естігенде не ойларыңа келеді?
Отан
ол
не?
-
Бүгін балалар, Отан туралы, халқымыз туралы, ел туралы айтамыз.
Олай болса
бүгінгі сабақтың тақырыбы «Мен елімнің
патриотымын» деп аталады.
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті
сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған
туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін
жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі,
Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз
Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның
патриотымыз!
І
қатар: «Патриот деген ол ….»
(қатесін сыз)
-
Әскери міндетті
өтеу
-
Тәртіпсіз
болу
-
Туған жерге деген ыстық
сезім;
-
Ата- баба өсиетіне адал
болу;
-
Өз Отанын күшті, айбынды ету,
гүлдендіруге ұмтылу;
-
Сабакты
оқымау
-
Ана тіліне деген
құрмет;
-
Елдің тарихын
құрметтеу;
-
Қазақстанда мекен ететін
халықтарға деген құрмет сезім;
-
Өз халқының әлеуметтік, мәдени
жеңістері үшін мақтану;
-
Мемлекеттік рәміздерге
құрметпен қарау;
-
Заңға
бағынбау
-
Үкіметті
сыйлау;
-
Басты байлығымыз – табиғат пен
қоршаған ортаны гүлдендіру
ІІ
Қатар:«Ізін жалғастыр» ( мақал
–мәтелдердің ізін жалғастыру)
1.Отан неден басталады... (
от басынан басталады)
2. . Отан үшін отқа түс —
күймейсің
3. Туған жердей жер
болмас,.. (Туған елдей ел
болмас.)
4. Еңбек қылсаң
ерінбей,..(Тояды қарның
тіленбей.)
5. Еңбек түбі –
береке,...(Көптің түбі –
мереке.)
-ІІІ қатар:(әріптен басталатын ой
табу)
Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін
Бәрі: Мен боламын
еңбекқор,
“ Туған жеріңе не бересің?
”ойыны
– Сендер тұрып жатқан жер,яғни
Петропавл қаласы қандай ағашпен бай?
Оқушылардың жауабы
Ағаш – адамның
күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат
нысаны. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!
Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны
арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.
– Міне, сендерге қарағай ағашын
дайындадым.
– Ағашқа не жетіспейді?
жапырақтары
– Сендердің парталарыңда
жапырақтар жатыр. Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не
бересің?» сұрағының жауабын жазып, оқып, қарағай ағашына
ілеміз. Мысалы: әдемі үй
салу…).
( Жұмыс аяқталған соң,
жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын
іледі.)
-
Жақсылық
–рефлексия
(Балаларды ортаға шақырып,
шеңбер құрастыру)
– Менің қолымда бір шүйке жіп.
Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа
орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер.
(Жіп мұғалімге келеді.)
– Бізбен жіп не
істеді?
– Қалай ойлайсыңдар, бұл
жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың
пікірі)
– Дұрыс, жіп бізді біріктірді.
Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек.
Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте
болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді
қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп,
еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз
де көркейіп, гүлденеді.
Тәрбие сағатын
Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп
тұр: “ Өз Отанының патриоты
болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату
”.