Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы:  5 «А»

Күні: 01.09.2016ж.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен елімнің патриотымын»

Мақсаты:

 Оқушыларды бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру

Күтілетін нәтижелер:

 Сұрақтарға жауапбереалады, постер жасап, талдай алады.

Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.

Керекті жабдықтар:

Интерактивті тақта, маркер, флипчарт, шарлар

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

 

1. Ұйымдастыру. Тренинг «Шаттық шеңбері» -шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіз білдіреді.

2. Топқа бөлу (қиық қағаздар арқылы)

1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі.

2.Оқушылар қиық қағаздарды таңдап, топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту 

 Мұғалімнің кіріспе сөзі

.1. Оқушылармен бірге тәрбие сағатының мақсатын анықтау, әр жұмысты талдап, әр жауапқа толық талдау жасау. 

Аспаны ашық еліміздің, 
Көркі сұлу жеріміздің, 
Біз-бақытты баламыз! 
Ақпыз,қара, сарымыз, 
Ағайынбыз бәріміз! 
(бәрі бірге)

  Отан деген не, кім қалай түсінеді?
                     Көп аузынан түспейтін,
                     Отан деген немене?
                     Оның тұлға түс-кейпін,
                     Достым
, білгің келеме?

 Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсысың қағазға жазыңдар.(2мин.). Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы сөйлейді. (Оқушылар өз ойларын айтады). 


2.-Отан – әр
адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған - туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Нұрсұлтан: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
                    Отан
дейміз өсірген елімізді.
                    Отан
дейміз туған жер, атамекен – 
                    Биік тау, орман, тоғай
-көлімізді.
Ақсұлу:    Отан дейміз кең-байтақ астананы,
                 
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
                  Отанның
шеті де жоқ, шегі де жоқ,
                  Ол
бірақ өз үйіңнен басталады.
Әсем:        Отан- тарих, Отан – тіл,
                   Жасаған
елің, өз- халқың.
                   Отан – өлең, Отан-жыр,
                   Көтерген
көкке ел даңқын.
Айназ:   Отан – сенің ата-анаң,
                 Отан – досың, бауырың,
                Отан – өлкең, астанаң,
                 Отан – аудан, ауылың.
Аманат: Отан – осы достарым,
                  Көңілге
мұны түйе біл!
                  «Отан» деп
өс, жас қауым,
                  Оны ардақтап
сүйе біл!
Хор: «
Әрқашан күн сөнбесін»
-Біздің
Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан
Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан
Республикасының президенті кім?
               Ел болдық
, ерік алдық астаналы
               Енді
кімнен қазағым жасқанады?
               Тәуелсіз
мемлекеттің шежіресі,
               Нұрсұлтанның
атымен басталады.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгіұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
Астана
Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.


Туған өлкем
 Қазақстан
- тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.




Мағынаны ашу 

«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі.

Мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды. Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.
Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің
халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Аружан:     Көк аспандай көкпеңбек,
                       Қазақстан жалауы.
                       Көк емес ол тектен-тек,
                       Елдің ашық қабағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпарбейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық,  молшылықты білдіреді.
Елнұр:            Елтаңбасы елімнің,
                         Неткен әйбәт, әдемі
                        Тұнығындай көңілдің
                         Ортада аспан әлемі.
Кез-келгенмемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Әнұран. Әнұран - мемлекеттік ән. Олхалықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Карина:         Оттай жанып жанарың
                        Одан қуат аламын
                        Әнұран ол - тынысы
                        Кең жазира даламның.



Қорытынды

Мұғалім: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
-    Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
-    Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?

«Жалғасын тап» ойынын ойнайық.
1. Өнерлі қайда жүзеді?...
2. Өнерлінің қолы алтын...
3. Білекті бірді жығар...
4. Білім таппай мақтанба...
5. Қына тасқа бітеді...
6. Оқусыз білім жоқ...
7. Ақыл азбайды...
8. Отан оттан да қандай?...
9. Туған жердің күні де ыстық...
10. Отансыз адам...
11. Туған жерге... тік.
12. Ит тойғанжеріне, Ер...
13. Туған жердей жер болмас...
14. Ел іші алтын...

15.Отан үшін отқа түс- ...

Ән «Көк тудың желбірегені».



Мәншүк Мәметова атындағы жалпы білім беретін орта мектебі











Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Мен елімнің патриотымын»



5асыныбы







Өткізген: Кабдушева А.Е.

















2016-2017 оқу жылы



Нұрсұлтан: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
                    Отан
дейміз өсірген елімізді.
                    Отан
дейміз туған жер, атамекен – 
                    Биік тау, орман, тоғай
-көлімізді.


Ақсұлу:    Отан дейміз кең-байтақ астананы,
                 
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
                  Отанның
шеті де жоқ, шегі де жоқ,
                  Ол
бірақ өз үйіңнен басталады.


Әсем:        Отан- тарих, Отан – тіл,
                   Жасаған
елің, өз- халқың.
                   Отан – өлең, Отан-жыр,
                   Көтерген
көкке ел даңқын.


Айназ:   Отан – сенің ата-анаң,
                 Отан – досың, бауырың,
                Отан – өлкең, астанаң,
                 Отан – аудан, ауылың.
Аманат: Отан – осы достарым,
                  Көңілге
мұны түйе біл!
                  «Отан» деп
өс, жас қауым,
                  Оны ардақтап
сүйе біл!


Елнұр:      Елтаңбасы елімнің,
                   Неткен әйбәт, әдемі
                   Тұнығындай көңілдің
                   Ортада аспан әлемі.
Карина:         Оттай жанып жанарың
                        Одан қуат аламын
                        Әнұран ол - тынысы
                        Кең жазира даламның.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
337
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12