Материалдар / "Мен елімнің патриотымын" атты акция сценарийі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мен елімнің патриотымын" атты акция сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мен елімнің патриотымын" атты акция сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
940
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мен — елімнің патриотымын!» атты акцияның сценарийі



Мақсаты: Жас ұрпақтың Отанға, елге, жерге деген сезімін оятып, патриоттық сезімін арттыру.

Міндеттері:

  • - балалардың эстетикалық ұстанымдарын қалыптастыру;

  • - балалардың шығаррмашылық қабілеттерін ашуға жағдайлар жасау;

  • - балаларды Отанды сүйуге баулу.

Іс шараның барысы

Қазақ күй ойнайды, Отан туралы слайдтар кетеді, Отан туралы М.Шахановтың өлеңі оқылады:

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқада,

Ғұмырына етер мәңгі астана.

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті; төрт ана:

ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,

ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі өнеге айдыны,

ЖАН БАЙЛЫҒЫ ,САЛТ – ДӘСТҮРІ – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және ТУҒАН ТАРИХЫ.

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті бомаса да.



Құдірет жоқ төрт анаға тең келер

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Төрт анадан сенім таба алмаған

Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

«Үш жүз», қазақ биі.

Фанфар ойнайды, жүргізушілер шығады.

1 Жүргізуші: Қайырлы кеш қадірлі қонақтар мен балдәурендіктер!



2 Жүргізуші: Балалардың бақ мекені Балдәуренде өткелі отырған «Мен патриотпын!» атты

Кешке қош келдіңіздер!



1 Жүргізуші: Туған жерді сүю – парыз,

Сүю үшін білу – парыз.

Қасиетін ұғу – парыз,

Күзетінде тұру – парыз.

2 Жүргізуші: Патриоттық сезім дегеніміз Отанды сүюден басталады. Ал Отанды сүю сана сезіміне байланысты. Республикамыздың әр бір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекеттін «Туған елім, Отаным» деп тануы қажет.





1 Жүргізуші: Ал Отанды сүю отбасынан басталады . Шыр етіп дүниеге келген күнен бастап, кіндік қаның тамған туған жерге деген ұлы сезім, елге, жерге тілге деген мақтаныш адам баласын нағыз патриот етіп шыңдайды . Елімізде болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістер, ұлттық сана сезімнің өсуі, ұлт арқылы қатынастар үрдісі Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін патриоттар тәрбиелеуді ерекше талап етеді.



2 Жүргізуші: Келесі кезекте 6 және 8 отряд «Мен – Отанымның патриотымын» атты көрінісімін. Қарсы алыңыздар!



1 - 6 отряд «Мен Отанымның патриотымын».



1 Жүргізуші: Сахна төрінде 1 және 5 отряд «Мен отбасымның патриотымын» атты көріністерімен. Қошеметпен қарсы алыңыздар!



2 - 7 отряд «Мен – отбасымның патриотымын».



2 Жүргізуші: Сахна төрінде 4 және 10 отряд «Мен – ана тілімнің патриотымын» атты көріністерімен. Қошеметпен қарсы алыңыздар!



3 - 8 отряд «Мен – ана тілімнің патриотымын».



1 Жүргізуші: Сахна төрінде 2 және 9 отряд «Мен – мектебімнің патриотымын» атты көріністерімен. Қошеметпен қарсы алыңыздар!



4 - 9 отряд «Мен – мектебімнің патриотымын».



2 Жүргізуші: 3 және 7отряд «Мен – елімнің патриотымын» атты көрінісімен асығуда. Қарсы алыңыздар!



5 -10 отряд «Мен елімнің патриотымын».

1 Жүргізуші: Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала,

Шуақ болып шашылмай жылына ма?

Сүй Отанды.

Шыныңмен сүйіп өтте,

Гүл боп қадал ойына, қырына да!



2 Жүргізуші: Сенсіз маған мына дүние тар шығар,

Әркімнің ақ Туған Жері бар шығар?!

Самал желің,жусаның мен бұлағың,

Әр кез менің сағынышым боп тұрар!



1 Жүргізуші: Патриоттық сезім жан біткеннің жүрегінде «ЕЛІМНІҢ, ЖЕРІМНІҢ, ОТБАСЫМНЫҢ, МЕКТЕБІМНІҢ, ОТАНЫМНЫҢ» жанашыр Патриотымын деп соғуы керек. Сонда жігерлі ұрпақтың күші ешқашан жығылмас.

2 Жүргізуші: Осымен бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті. Балдәуренде қалыптасқан дәстүр бойынша біріншi қонақтарымызды қошеметпен шығырып салайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!