Материалдар / Мен –Елімнің қорғанымын!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен –Елімнің қорғанымын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілер үшін тиімді. Оқушыларды өз елінің тарихын білуге , бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту арқылы - елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге даярлау. • Оқушылардың патриоттық таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелей алуға, түйінді түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту. – оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1136
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен –Елімнің қорғанымын!”



Бишеева Бибігүл Көлбайқызы

Математика пәні мұғалімі

9 «а» сынып жетекшісі

82 Ж.Жабаев атындағы ж.о.м.

Мақсаты:

  • Оқушыларды өз  елінің  тарихын білуге , бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған  еліне,  жеріне   деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту арқылы - елін  сүюге, құрметтеп қастерлеуге даярлау.

  • Оқушылардың патриоттық таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелей алуға, түйінді түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап,  мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
    – оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер гүлдер.

Негізгі бөлім: 

  Cәлематсыздарма оқушылар! Тәрбие сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын  “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.
Биыл 2016 жыл айтулы күндерге толы жыл,атап айтар болсақ, Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 21 жыл, Семей палигонының жабылуына 25 жыл  және Бөкей Ордасының құрылғанына 215 жыл, Жәңгір хан мектебіне 175 жыл толғалы отыр

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.

Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.

1 топ Отаншылдар

2 топ Намысшылдар

3 топ Білімділер

4 топ Болашақ

Ой шақыру.

«Туған жерге туыңды тік» тақырыбындағы дөңгелек үстел басында өтетін тәрбие сағатымызды патриоттық сезім мен ой толғанысымызд

Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.

Мысалы: Отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.

Постер қорғау «Патриот деген ол ….»

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру

  1. Сұрақ-жауап ойыны

  1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

  3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен

  5. Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

  6. ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

  7. ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

  8. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?

  9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

  10. Конституция күні? – (30 тамыз)

  11. Облысымыздан шығатын газет? –

  12. ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?

І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ

1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. 
2. Прагматизм. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. 
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 
4. Білімнің салтанат құруы. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. 
6. Сананың ашықтығы

2. Отан деген не?

(Оқушылардың пікірлері)

Отан – бұл біз тұрып жатқан  жер. Біздің туып, өскен ауыл.   Отан- бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.

Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады.  Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар  өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.



  1. Өз Отанының патриоты болу –

Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”

1 - топ. "Қазақстан" Ән: Көк тудың желбірегені

2 - топ. "Салт дәстүр" Ән: Қазақы дәстүрлер - ай

3 - топ. "Мәдени құндылықтар және өнер" Ән: Қара жорға

4 - топ "Ұлттық ойындар мен тағамдар" Ән: Қазақы дастарханым Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.

  1. ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР


Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз. Тапсырма: 1 - Қазақстан - Еуразия жүрегінде 2 - Қазақ халқының салт - дәстүрі 3 - Қазақ халқының мәдени құндылықтары және өнері 4 - Қазақ халқының ұлттық тағамдары және ойындары 3 - топ: туралы айту; «Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі. Оқушылар қазақ халқының рухани мәдениетін шет елге таныстырады Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» бейне ролик қарап, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу. Аяқталмаған сөйлем «Рухани жаңғыру -........» «Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру» «Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу" «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» «Рухани жаңғыру – ұлттық сана - сезімнің көкжиегін кеңейту»



  1. Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

Сендер тұрып жатқан жер, яғни Орда ауылы  қандай  ағашпен бай ? Қарағайдың қандай пайдасы бар?     Оқушылардың жауабы

Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.  Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.

Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары

Сендердің парталарыңда  жапырақтар жатыр.  Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз.   Мысалы: әдемі үй салу…).

( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)

Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру





















Shape2 Shape1

Патриот деген ол



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!