Бекітемін:
«Жұлдыз-№1» мектеп
бөбекжай-бақша» кешені
меңгерушісі Кунесова Р.К
_________________
Жазғы сауықтыру іс – шарасы
«Мен елімнің ұланымын!»
«Балдәурен» мектепалды
даярлық тобы
Тәрбиеші: Бейсебаева Г.С
Шымкент қаласы
2024-2025 оқу жылы
«Мен елімнің
Ұланымын!»
Мақсаты: Балалардың отансүйгіштік
сезімін ояту, Қазақстан туралы білімін тереңдету, сөйлеу мәдениетін
дамыту.
Сахна безендірілуі:
Қазақстан туы, елтаңбасы ілінеді.
Гүлдер, шарлармен безендірілген сахна.
Артқы фонда: «Мен елімнің Ұланымын!» жазуы.
Әуен баяу ойнап тұрады (Кенен Әзірбаевтың "Көк тудың желбірегені" әні).
Сценарий барысы:
1. Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті балалар
мен қонақтар!
Бүгінгі «Мен елімнің Ұланымын!» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер!
Біз бүгін өз еліміз – Тәуелсіз Қазақстан туралы, оның байтақ
даласы, көк туы, ел рәміздері, батырлары туралы айтып, патриоттық
әндер мен билер шырқаймыз!
2. Балалар саппен шығып тұрады. Әнұран орындалады
Барлығы: Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.
Балалар оң қолын жүрек тұсына қойып, құрмет
көрсетеді.
3. Балалар тақпақтар айтады:
Медина:
Мен
– кішкентай ұланмын,
Елімді сүйіп ұғамын.
Қазақстан – Отаным,
Байтақ дала – мекенім!
Айсултан:
Көк Туым көкте желбіреп,
Елтаңбам – айбын, мәртебе.
Әнұран – асқақ үнім мен,
Ата заң – бізге тірек те!
Үкілі:
Қазақ елі
– Тәуелсіз,
Еркін елміз, бақытты.
Болашағы жарқын ел,
Біз – сол елдің ұл-қызы!
Айкөркем:
Кең жазық Отан мекнім,
Сен де өсіп көктедім.
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.
Жансұлтан:
Елім – туған Отан,
Мен – кішкентай ботаң.
Отан менің анам,
Отан менің атам!
4. Би нөмірі: «Қара жорға» биі
(Қыздар мен ұлдар ұлттық киімде би билейді.)
5. Ойын: "Кім жылдам?"
Жүргізуші:
Балалар, қане, аздап сергіп алайық. Ойын ойнаймыз!
Сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап берген бала ұпай алады!
Сұрақтар :
Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
Астанамыз қай қала? (Астана / Нұр-Сұлтан)
Қазақстан туының түсі қандай? (Көк)
Туымызда қандай белгі бар? (Күн, қыран, өрнек)
Президентіміз кім? (Қасым-Жомарт Тоқаев)
6. Қойылым: «Туған жерді» сахналау
Балалар табиғатты, туған елін сипаттап сахнада бейнелейді. Біреуі тауды, біреуі даланы, біреуі өзенді сомдайды.)
Балалар кезекпен сөйлейді:
Шахмардан: Таулы бала:
Мен
– асқар Алатаумын,
Құзар шыңмен мақтанам!
Арсен: Даланы сомдаған бала:
Мен
– шетсіз-шексіз кең далам,
Егін, малмен жан бағам.
Ерболат: Өзен:
Мен
– мөлдір бұлақ, өзенмін,
Жерге нәр, жанға өмірмін!
7. Қорытынды сөз
Жүргізуші:
Балалар, бүгінгі мерекемізді аяқтай келе,
есімізде сақтайық:
Біз – Тәуелсіз елдің болашақ ұландарымыз!
Елімізді сүйіп, оның заңын құрметтеп, білімді
де тәрбиелі болып өсейік!
Барлығы бірге айтады:
Біз – еліміздің ұландары!
Қазақстан – біздің Отанымыз!
Отанымызды қорғап, мақтан тұтамыз!
Бекітемін:
«Жұлдыз-№1» мектеп
бөбекжай-бақша» кешені
меңгерушісі Кунесова Р.К
_____________
Жазғы сауықтыру іс – шарасы
«Табиғатты қорғайық!»
«Балдәурен» мектепалды даярлық тобы

Тәрбиеші: Бейсебаева Г.С
Шымкент қаласы
2024-2025 оқу жылы
Мақсаты:
Балаларға табиғатты қорғау, аялау керектігін түсіндіру, табиғатқа
деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен
қарауға тәрбиелеу.
Қатысушылар: МАД тобының балалары, тәрбиеші, кейіпкерлер (Қарлығаш, Ағаш, Қоқыс, Күн, Жел)
Қажетті құралдар: Табиғат туралы суреттер, жануарлардың маскалары, қоқыс (қағаз, пластик т.б.) муляждары, музыка, шарлар, жасыл жапырақтар т.б.
Іс-шара барысы:
1. Кіріспе бөлім
(Тәрбиеші балаларды қарсы алады, әуен ойналады — құстардың дауысы, табиғат әуені)
Тәрбиеші:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Қараңдаршы, жаз келді! Айналаның бәрі жайқалып, табиғат түрленіп
кетті.
Табиғат - біздің екінші үйіміз. Оны қорғау - бәріміздің
міндетіміз.
Бүгін біз «Табиғатты қорғайық!» атты сауықтыру мерекесін өткіземіз.
Қызықты ойындар, өлеңдер мен әндер болады. Қош
келдіңдер!
2. Көрініс: «Қиындыққа түскен табиғат»
(Сахнаға Ағаш пен Қарлығаш шығады)
Ағаш (қатты әлсіз дауыспен):
Ау, көмектесіңдер! Жапырағым түсіп, дем ала алмай тұрмын!
Айкөркем Қарлығаш:
Не болды саған, Ағаш? Неге сонша шаршадың?
Арсен Ағаш:
Адамдар маңайыма қоқыс тастап кетті, менің тамырларым ластанды, демалу қиындап кетті...
(Қоқыс кейіпкері шығады)
Шахмардан Қоқыс:
Ха-ха! Мен бәрін басып қаламын! Табиғаттың қажеті жоқ! Мені ешкім тоқтата алмайды!
(Осы кезде балалар шулап: «Тоқта! Табиғатты бүлдірме!» деп ұран тастайды)
3. Тәрбиеші балалармен бірге сұрақ-жауап өткізеді:
Тәрбиеші:
Балалар, қоқысты қайда тастау
керек?
Табиғатты қалай қорғауға болады?
Сендер ағаштарды сындырасыңдар ма?
Құстарға қамқорлық жасаймыз ба?
4. Би: «Гүлдер биі» немесе «Құстар биі»
(Қыздар гүлдер болып, ұлдар құстар болып би билейді)
5. Ойындар
«Қоқысты
сұрыпта»
(Балалар қоқысты - қағаз, пластик, органикалық түрлерге бөліп,
арнайы жәшіктерге салады)
«Күн мен
бұлт»
(Музыка ойналады. Күн шыққанда балалар жүгіреді, бұлт шыққанда -
тығылады)
6. Өлең және тақпақтар
Балалар кезекпен табиғат туралы өлең, тақпақтарын айтады.
Жансултан:
Табиғатты сүйеміз,
Жасыл жапырақ - досымыз.
Таза ауа - байлығымыз,
Қорғаймыз біз орманды!
Айсана:
«Аспанымыз ашық болсын,
Таза болсын көл мен ормандар!
Табиғатты бірге қорғайық, балалар!
Алихан:
Төрт, бес, алты – суымыз таза,
Жеті, сегіз – ауа да таза.
Тоғыз, он – ағаш егіп өсірем,
Табиғатты қорғауға серт берем!
Медина:
Санауды да білеміз,
Табиғатты сүйеміз!
Білім алып күнде біз,
Жасыл елге үлгі біз!»
7. Қорытынды бөлім
(Сахнаға Күн мен Жел кейіпкерлері шығады)
Күн:
Балалар, сендердің табиғатқа деген қамқорлықтарың мені қуантты! Жеріміз жарқырап кетсін!
Жел:
Мен енді таза ауамен еркін есіп жүремін! Рахмет, балалар!
Тәрбиеші:
Табиғатты қорғау – әр баланың борышы. Сендер бүгін табиғаттың нағыз қорғаушылары екендеріңді көрсеттіңдер!
Хор: Балалар «Табиғатты қорғайық» әнін орындайды.
Соңында:
Балаларға алғыс хаттар, жапырақ бейнесіндегі сыйлықтар таратылады.
Бекітемін:
«Жұлдыз-№1» мектеп
бөбекжай-бақша» кешені
меңгерушісі Кунесова Р.К
_________________
Жазғы сауықтыру іс – шарасы
«Бағдаршам күні!»
«Балдәурен» мектепалды даярлық тобы

Тәрбиеші: Бейсебаева Г.С
Шымкент қаласы
2024-2025 оқу жылы
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне
сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік
сезімдерін дамыту.
Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын сұрақ -
жауап.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол
қауіпсіздігі туралы суреттер.
Шаттық
шеңбері.
Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты, күн бүгін.
Шаттық шеңберінде балалар бір - біріне жылулық
сыйлайды.
Жұмбақ:
- Балалар кәне мен сендерге
жұмбақ жасырайыншы?
Жасыл көзі «жүр» дейді.
Қызыл көзі «тұр» дейді
Сары көзі «дайын бол» дейді.
Бұл не? (Бағдаршам)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Бүгін «Бағдаршам – біздің досымыз» атты тақырыпты өтеміз, яғни
жолда жаяу жүру ережесімен танысамыз. (балалардың назарын слайдқа
аудару)
- Суретте не көріп тұрсыңдар?
- Үш түсті кім атап береді?
- Осы үш түсті біріктірсе, не пайда болады?
Бағдаршам.
үш түсті дөңгелек бар.
- Қызыл түс.
- Сары түс.
- Жасыл түс.
Бағдаршам.
- Өте дұрыс, бұл бағдаршам
екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін.
Сендер мұқият тыңдап алыңдар. Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан
өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан
өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар
өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда
көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен
өтеді.
- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.
- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның
үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы,
адам өміріне орасан зор.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол
қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен
сырғанап ойнауға, болмайды балалар.
Ғажайып сәт. Ортаға жол сақшысы келеді.
- Сәлеметсіңдерме балалар?
- Балалар бізге қонаққа кім келді?
- Жарайсыңдар, балалар! Жол сақшысы жолда жүру ережесін
қадағалайтын маман иесі. Қанекей балалар, жол сақшысымен жолда жүру
ережесімен танысайық!
Ойын: «Жолдан өту»
Шарты:Жол сақшысының көмегімен жолдан өтуі тиіс.
- Жарайсыңдар балалар,
Жол сақшысы бізге қандай ақыл – кеңес берер
екен?
Жол
сақшысы:
- Қызыл көзі жанғанда,
Сынық сүйем бас па алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқан ба?
Сәлеметсіз бе!
Жол сақшысы.
- Жол сақшысы сізге көп рахмет! Бізге қонаққа келіп, балаларға ақыл
– кеңес бергеніңізге рахмет айтамыз.
Жол
сақшысы:
- Жарайды балалар сендерге де рахмет, ал енді, мен өз қызметіме
барайын! Жолда жүргенде «Бағдаршамға» назар аударып өтіңдер! Сау
болыңдар балалар!
Сергіту
сәті.
- Ал, балалар, кәне сәл демалып алайық.
- Олай болса балалар, «Бағдаршам» ойынын ойнаймыз.
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық
сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады,
ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.
- Жарайсыңдар балалар, ойын сендерге ұнады ма?
- Ендеше балалар,оқу қызметін ары қарай жапсырумен байланыстырайық!
«Бағдаршамды» ақ қағазға рет – ретімен орналастырайық!
- Жарайсыңдар балалар!
- Кәнекей бәріміз
«Тәртіп керек баршаға.»
өлеңін жаттап алайық
«Бұзба көше тәртібін,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа»
Балалар өлеңді қайталап, жаттайды.
- Балалар бүгінгі ұйымдастырылған әңгімеміз де не туралы
өттік?
- Бағдаршамның неше көзі
бар?
- Қандай?
- Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер?
Жол тәртібін білейік.
Аман - есен жүрейік.
- Балалар, ұйымдастырылған ойын іс – әркетіне өте жақсы
қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар.
Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе
сенімдімін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен елімнің ұланымын

шағым қалдыра аласыз