15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен еңбекқор баламын
«Өзiн-өзi тану» пәні бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеумет
Тақырып:Мен еңбекқор баламын
Құндылық:Ішкі тыныштық
Қасиеттер : Шыдамдылық, төзімділік, сабырлылық
Мақсаты:Балаларға еңбекқор туралы түсіндіре отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: Балаларға шыдамдылық туралы білім беру; балалар бойында төзімділік
қасиеттерін дамыту; балаларды әрдайым шыдамды бола білуге, төзімділікке, сабырлылыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: дәйексөз, үнтаспа, суреттер, түрлі- түсті бояулар.
Балабақша №41 «Назерке» МДҰ Мерзiм 02.02.17. № 22
Тәрбиеші Исмагулова Ж.Ж. Топ _№ 2 «Айгөлек» мектепалды даярлық тобы Бала саны____
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңi Шаттық шеңбері
Жағымды күйге келу |
5 «Т». -Тәртіп -Талап -Тазалық -Тыныштық -Татулық Кіп-кішкентай болсам да, Мен тәртіпті баламын. Үлкенді мен сыйлаймын, Бәрін де жақсы көремін. Тыныштық сәті: «Тыныс алу жаттығуы» Балаларды ыңғайландырып отығызу. Қолдарын тізе үстіне немесе партаға қойғызу. |
Балалар 5Т-ны орындайды. Балалар өлең жолдарын қайталап, қосылып айтады. Денелерін түзу ұстап, көздерін жұмып, нұрға бөленеді. |
Ұйымдастырушы лық- ізденушілік Әңгiмелеу
Дәйек сөз
Тәрбиеші сыйы
Сергіту сәті Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Ойын |
А.Меңжанова «Болайықшы осындай» өлеңін айту. М.: 1.Жақсы бала қандай болады? 2.Таза бала қандай болады? 3.Ұқыпты болу үшін ше? Қ.: 1. Сендер қандай бала болғанды ұнатасыңдар? 2. Біздің ортамызда сабырлы, төзімді балалар бар ма? 3.Бір-біріңе қалай қарар едіңдер? «Сабыр түбі-сары алтын» нақыл сөз. 1. Сабырлықты неге алтынға теңейміз? Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» әңгімесін оқу. М:1.Бәтима мен Зылиқа қалаға неге келді? 2. Бәтима неге қуанды ? 3. Зылиқаға қандай шөп табуын айтады? Қ.: 1.Сол жасырылған шөпті таба аламыз ба? 2.Сабырлы болу оңай ма? 3. Сенің бойыңда сабырлылық қасиет бар? Музыка әуенімен қимыл-қозғалыс жасату. «Оригами» қағазбен жұмыс. Жеке жұмыс. Ойын: «Мен осындай баламын» Әр балаға қандай бала болғысы келеді, айтқызу. Мен шыдамды баламын. Мен сабырлы баламын Мен төзімді баламын. т.с.с. |
Әңгімені тыңдайды. Мәтін бойынша, құндылық бойынша қойылған сұрақтарға ойланып, жауап береді.
2-рет ұлдар,2-рет қыздар, бәрі айтады.
Ертегіні тыңдайды. Мәтін бойынша, құндылық бойынша қойылған сұрақтарға ойланып, жауап береді. Жеке жұмыс жасайды.
Қызыға ойнайды. Ойланып айтады. |
Рефлексивті- түзетушілік Топпен ән айту Соңғы тыныштық сәтi |
Біздің топта балалар, Тату-тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан, Тек жақсылық ойлайды. Көзімізді жұмып, еркін жайғасамыз. Бүгінгі күннен алған жақсы сөздерді ,ойларды жүрегімізге жеткізіп, көкейімізге түйіп алайық. Көзімізді ашайық. Рахмет. |
Өлең жолын қосылып бірге айтады.
Көздерін жұмады, ашады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Балалар адам бойындағы шыдамдылық қасиет туралы біледі.
Игереді: Балалар әрдайым төзімді болу түсініктерін игерді.
Меңгереді: Балалар адам бойындағы шыдымдылық,төзімділік,сабырлылық дағдыларын меңгерді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген