400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен енгізген жаңалық

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ- де оқушылардың есте сақтауда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

№68 жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі - Тюльтебаева Алмина Ержановна.

Тақырыбы: «ҰБТ – де дайындық барысында оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытуда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану.»

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Ал, оқушыларға сапалы білім беру үшін мектептердің материалдық техникалық базасының толық қамтылуымен қатар, ұстаздардың да біліктілігі жоғары деңгейде болуы керек. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай, келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Қай елдің болсын өсіп – өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың, болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән – мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан да, өз басым тиімді әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, дайын сабақ жүктемесімен өтпеуге тырысамын. Тиімді әдіс – тәсілдер – сапалы сабақ кепілі. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызықты да тартымды өткізу мұғалімнің өз шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім. «Биология» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой – пікірлерін білдіріп, оны талдай және бағамдай білуді талап етеді. Әдістердің тиімділігі мұғалімнің оларды әдістемелік тәсілдермен байыта білуіне байланысты. Оқу оқушылардың ойлауын дамытуға септігін тигізуі үшін оларды біліммен қатар, талдау, жинақтау, салыстыру, сәйкестендіру, ортақ, жеке және ерекше белгілерін анықтау, жалпылау, қорытындылар жасай білуді қалыптастыру қажет. Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді. Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан – жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс – тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез – келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Мен жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып – білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын. Сонымен қатар, ар оқушының жеке сабақ қатысымын қадағалап, жеке тапсырмалар беруге тырысамын. Олар:

- Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.

- Блок – схема, графиктер, диаграмма, т.б.

- Тірек – схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары.

- Ойын арқылы оқыту.

- Сөзжұмбақ, ребустар.

- Тестілеу.

Ал енді, 11 – ші сынып оқушыларын ҰБТ – ге дайындауда түзілеген жоспарымның «Тірі ағзалардағы заттардың тасымалдануы» бөлімі бойынша, жүйелі түрде әдіс – тәсілдерді, сабақ басынан бастап құрастырдым. Тақырыпты ашу үшін, логикалық тапсырмаларды ілдім. Ол әртүрлі транспорт суреттерін тақтаға ілемін.

  1. Ой қозғау.

  2. Логикалық тапсырмалар беру арқылы.

  3. Тесттік тапсырмалар.



I. Ой қозғау.


II. Логикалық тапсырмалар беру арқылы.

  1. Өсімдіктер мен жануарлардың ағзаларындағы заттардың тасымалдануы қалай жүреді?

(өсімдіктерде арнайы зат тасымалдайтын органоидтары болмайды, ұлпа ұғымымен сипатталады. Ал, жануарларда заттардың тасымалдануы арнайы оргоноидтары арқылы сипатталады.)

  1. Оргоноидтар не тасымалдайды? Ол қайда барады? Не үшін тасымалданады?

  2. Оргоноидтар неге жауап береді?


Осы ретте төменгі сатыдан бастап, рет – ретімен сипатталуын жазамыз. Тірек – сызба (кластер әдісін тереңнен қолданамын.)

Ағзаның ішкі ортасы

Picture 9 Picture 8

Қан Лимфа Ұлпа сұйықтығы(14-20л.)

Плазма Қан Қызметтері 1. Лимфаға айналады. 2.Қылтамырлармен жылжып ,

жасуша қор заттарына сіңіріледі.

(55пайыз) (45пайыз) 1. Ұлпа аралықта болады

2. Өлшем бірлігі біркелкі

3. Сүзіледі

1. Эритроциттер (қызыл қан жасушалары)

  1. Лейкоциттер (ақ қан түйіршіктер)

  2. Тромбоциттер.


Тірі ағзалардың жіктелуі суреттермен салыстырмалы түрде жіктеу арқылы беремін.

Тірі ағзалар

  1. Жасушасыздар (анциттер)

  2. Ядросыздар (прокариоттар)

А) біржасушалылар дүние тармағы

1. талшықтылар

2. кірпікшелілер

  1. Ядролылар (эукариоттар)

А) ішекқуыстылар (тұщы су гидрасы)

Б) жалпақ, жұмыр, буылтыққұрттар, таспақұрттар, сорғышқұрттар паразитті болып келеді, себебі дайын заттармен шаншып – сору арқылы қоректенеді.

С) Буылтыққұрттарда қанайналымы сипаттала бастайды. Шұбалшаңның қанайналымы: Тұйық қан айналу жүйесі бар, (құрамында гемоглобины бар қанының түсі қызыл).Шұбалшаң түсінің қызғылт болуы, оның денесін қан жабдықтайтынын білдіреді. Құрттың негізгі екі қантамырлары ішектің үстіңгі және астыңғы жағынан өтеді. Дененің арқа бөлігін жабдықтайтын тамырлар арқа қантамыры, ал құрсақ жағын жабдықтайтын тамырлар құрсақ қантамыры деп аталады. Қантамырлардағы қанды арқа және құрсақ тамырларымен сақина тәрізденіп жалғасқан "жүрекше" бүкіл денеге айдайды. Қан дененің алдыңғы бөлігінен артқа қарай және артқы бөлігінен алға қарай жай жылдамдықпен жылжиды, қылтамырлар арқылы барлық мүшелерге таралады. Қанның дене қуысына таралмай, қантамыр арқылы үнемі айналуы тұйық қанайналым жүйесі деп аталады. Шұбалшаңды қазақ емшілері дәрі есебінде қолданған. Оны жаңа күйінде, кейбір жағдайда дұрыстап кептіріп алып пайдаланады. Адамның кеңірдек өңеші қабынғанда, я болмаса алқынғанда, деміккенде талқандалған 1,2 грамм шұбалшаң үгіндісін  1 грамм өрік дәнінің ұнтағына араластырып, оны 0,6 грамнан екіге бөледі. Дайындалған дәріні күніне екі реттен қайнаған суға қосып ішеді. Шұбалшаңды қан қысымы көтерілгенде жиі қолданылады. Шұбалшаңды отқа қақтап кептіреді де, жақсылап талқандайды. 0,5 грамнан күн сайын екі-үш реттен қайнатылған суға араластырып ішу керек. 

Д) Ұлулар типі: Бауыраяқтылар класы, өкілі үлкен тоспа ұлу. Қанайналым жүйесі - ашық, яғни қан тамырларынан шығып, ішкі мүшелерге таралады да, қайтадан қан тамырларының ішімен ағады. Жүрегі 3 бөлімнен тұрады. 1 бөлімі қанды бүкіл денесіне, ал қалған 2 - уі қанды желбезектерге таратады.

Е) Буынаяқтылар типі:

1. Шаянтәрізділер класы – өзен шаяны. Қан айналу жүйесі тұйық емес, жүрегі арқа жағында орналасқан. Шаянтәрізділер 1772 жылы зерттелген жануарлар.

2. Өрмекшітәрізділер класы – Кресті өрмекшінің қан жүру системасы, өздерінің меншікті қабырғалары бар, қан тамырларынан және бірнеше қуыстардан – лакундардан, яки синустардан, құралады, бұл қуыстар дененің ішкі қуыстары болып табылады. Барлық қан тамырлары артериялық қан тамырларының жүйесіне жатады: бұлардың барлығы да қанды жүректен алып шығып, дененің барлық жерлеріне тотыққан қанды таратып алып кетеді. Синустар жүйесі вена қан тамырларының орнына жүреді, ақыр аяғында келіп, барлық қан синустар жүйесінің соңғы буыны – жүрек жанындағы синусқа келіп құйылады. Бұл синус жүректі жан-жағынан қоршап тұрады. Жүректің қабырғалары түзетін сақина тәрізді мышицаның жиырылуы қанды алдыңғы жақтағы бұтақтанып жатқан қолқаға да сондай-ақ, артқы артериялардың түйдегіне де бағыттап жіберіп отырады, осылар арқылы қан дененің ішкі қуысына құйылады. Дененің барлық бөлімінен қан өкпелерді қоршап жатқан синустарға жиналады, бұл жерден тотыққан қан жүрек жанындағы синусқа қайтады. Жүрек жанындағы қуыстан қан үш жұп остиялар арқылы жүрекке құйылады. Қан айналым жүйесі ашық.

3.Бунақденелілер класы:қанайналым жүйесі – ашық тамыр жүйесі арқылы жүзеге асады. Мөлдір түтік тәрізді жүрегі арқа жағына орналасады, жүрек және одан таралатын қысқа қолқадан басқа бунақдене денесінде қанайналым тамырлары болмайды. Қаны түссіз. Түссіз қанды гемолимфа деп атайды. Өкілі тарақан, ара, маса т.б.

Д) Желілер типі:

1. кластары сүйекті және шеміршекті балықтар. Ол - балықтардың қаны дене салмағының 1,5 % нен- 7% дейінгі мөлшерін құрайды. Балдықтардың қаны негізгі 2 бөлімнен тұрады. 1) плазмадан. 2) қанның клеткаларынан қанның плазмасы – сұйық бөлімі болып саналады. Құрамына су, органикалық заттар кіреді. Қанның клеткаларына: эритроциттер (қанның қызыл клеткалары), лейкоциттер (қанның ақ клеткалары) және тромбоциттер (қанның пластинкалары). Эритроциттер – ядросы бар қызыл клеткалар. 1 мм 3-90 мың, ал кейбіреулерінде 1мм3 –2млн дейін болады. Эритроциттердің мөлшері балықтың жасына, жынысына, тіршілік жағдайына байланысты. Көпшілік балықтардың қаны қызыл, ол эритроциттердің құрамында гемоглабин белогына байланысты. Кейбір балықтарда қан түссіз, ақ болып келеді. Эритроциттер мөлшері өте аз болып келеді. Лейкоциттердің негізгі жұмысы – ағзаны зиянды заттардан қорғау, микроорганизмдерді жою. Лейкоциттер – өте көп, бірақ тұрақсыз. Ол балықтардың жасына, жынысына, ағзаның физиологиялық жағдайына байланысты. Орта есеппен алғанда 1мм3-30мың , 50 мың дейін лейкоциттер болады. Лейкоциттерден қанға түскен микроорганизмдерді жоюды – фагоцитоз деп атайды. Тромбоциттер – ядросы бар клеткалар. Қанның ұюына қатысады. Тромбоциттер құрамында фибриноген белогы бар. Бұл белок қанның ұю процессіне қатысады. Қан үнемі қозғалыста болады. Қанның қозғалуына негізгі себеп жүректің тоқтаусыз жұмысы. Балықтардың жүрегі 2- камералы.

1) Жұқа қабырғалы – жүрекше (құлақша).

2) Қалың етті – қарынша.

Кейбір балықтарда мысалы алабұғада веноз қолтығын есептеп жүрегіне үш камералы деп есептейді. Қарынша, жүрекше және веноз қолтығы – жүректің бөлімдерінің тесіктерінде клапандар болады, олар қанды кері қарай жібермей тұрады. Балықтың жүрегі кішкентай. Салмағы дене салмағының 0,1-2,5 % ғана мөлшерін алады. Дөңгелекауыздылар мен балықтардың жүрегінде тек веноздық қан болады. Балықтың жүрегі 1 мин-25 рет соғады. Судың температурасы көтерілгенде жүректің соғуы артады, ал төмендегенде азаяды. (төмендейді). Балықтардың қан айналу жүйесі тұйық. Жүрекке баратын қан тамырлары –вена тамырлары. Желбезекте қан тотығады. Жүрекше арнайы вена қаны құйылатын веноздық қуыс жалғасады. Қарыншаға артериальдық конус жалғасады. Желбезек жапырақшаларына дейін қан алып келген артериалды қан алып келуші, ал желбезектен тотыққан қанды денеге алып кетуге бағытталған қан артериаларды алып кетуші артериялар деп атайды. Артерия қаны жүрекке соқпай, денеге тікелей желбезектен таралады. Қан тамырларымен жай жүреді, тотығу процесі жай және нашар жүруіне байланысты оттегіне онша бай болмайды. Сондықтан, балықтардың дене температурасы жоғары болмайды, өзін қоршаған ортаның температурасынан сәл ғана артып түседі. Суық суда балық денесінің температурасы төмендейді, ал жылы суда – көтеріледі. Балықтарда екі қақпа жүйесі болады.

1)бүйрек қақпа жүйесі.

2) Бауыр қақпа жүйесі.

Сүйекті балықтарда басқа балықтарға қарағанда қан айналу жүйесіндегі ерекшелік мынада. Тіл асты желбезектің шала дамуының салдарынан, оған қан әкелетін артерия жойылып кеткен. Сөйтіп қан әкелуші желбезек артериаларының төрт пары ғана сақталған. Сондықтан сүйекті балықтарда қан әкететін желбезек артериаларының төрт – ақ пары болады. Олар арқа қолқасының түбіне келіп құяды. Арқа қолқасы алдынан және арт жағынан сабақталып бір – бірімен қосылуынан пайда болады. Осының нәтижесінде артериялық бас шеңбері пайда болады. Қан айналудың нәтижесінде балықтар ағзасында тіршілік процессі жүреді. Ішкі жүйелер мен мүшелердің қызметі атқарылады. Балықтардың қан құрайтын органдарына – сүйектің қызыл майы, лимфа түйіндері, көкбауыр (талақ) және тимус немесе алқым безі. Балықта қан құрайтын органдарға қан тамырларының қабырғалары да қатысады. Мысалы: бекірелерде қанның құралуы негізінен сопақша мида мен мишықтың үстіндегі шеміршекте орналасқан лимфондты органда болады. Басқа балықтарда қан құрауы – бас бүйректе, көкбауырда, тимус, желбезек аппаратында жүреді. Көкбауырда – эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттер құралады және тіршілік әрекетін жойған эритроциттер ыдырайды. Қан клеткалары белгілі мерзімде тіршілік әрекетін жасағаннан кейін жойылады, оның орнына жаңа клеткалар пайда болады. Балықтарда лимфатикалық жүйе де қалыптасқан. Қан айналу жүйесіне қарағанда, лимфатикалық жүйе ашық болып келеді. Лимфаның құрамы қанның плазмасына ұқсас. Капилярлармен қан аққанда оның плазмасының оттегі және нәрлі заттары бар бөлігі капилярлардан шығып, клеткаларды қоршайтын, ткань сұйығын құрайды. Зат алмасудың қалдығы бар лимфаның бөлігі қайтадан капилярға өтеді, ал қалған бөлігі лимфатикаклық капилярларға өтіп лифа деп аталады. Лимфа түссіз, қанның арнаулы элементтерінен тек лимфоциттер болады. Балықтардың ең ірі лимфатикалық тамырлары жұп омыртқаасты – арқа қалқасының екі жанында құйрықтан басқа дейін созылады, бүйір лимфатикалық тамырлар – тері бүйір сызығы бойымен созылған. Лимфаның ағуына кеуде етінің қызметі мен тыныс алу қозғалыстары көмектеседі.

2. Қосмекенділер класы — алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар екі ортада: суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды. Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000-нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Құрлықта атмосфералық ауамен тынысалуына байланысты қантарату жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты (2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады), екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік шеңбер деп те атайды. Денесіне аралас қан тарайды. Екі қанайналым шеңбері де қарыншадан басталады. Үлкен шеңбер - оң құлақшаға, ал кіші шеңбер сол жақ қүлақшага келіп аяқталады.

3. Жорғалаушылар класы – қан тасымалдау жүйесі де әрі қарай жетілуімен сипатталады. Жүрек үш камералы, қарынша толық емес перде арқылы венозды және артериальды жартыға бөлінген. Нағыз төрт камералы жүрек тек қолтырауындарда (крокодилдер) кездеседі, олардың оң және сол жүрекшелері толықтай жекеленген, жұқа пердемен бөлінген. Бауырымен жорғалаушыларда қан айналудың екі шеңбері болады, бірақ олар әлі де болса толықтай ажыратылмаған (тіпті, қолтырауындардың өзінде де, нәтижесінде қан әліде жартылай арқа аортасында араласады (қосмекенділердегідей сияқты).

4.Құстар класы – қан тасымалдау жүйесі омыртқалылардың ішінде алғашқы рет (крокодилдерді еске алмағанда) құстарда 4 камералы жүрек пайда болады. Жүректің оң жақ жартысы венозды, сол жағы – артериальды. Қарыншалардан крокодилдердегідей екеу емес тек бір ғана аорта доғасы шығады, бұл функциональдық жағынан өте маңызды. Аорта доғасы, оттегіне қаныққан кан бар, сол қарыншадан шығып оңға орай бұрылады. Одан жұп атсыз артерия шығады. Оң және сол атсыз артериялардан үш жұп артерия басталады. Олар – оттегіне байыған қанды тұлғаның алдыңғы бөлімі мен басқа апаратын – көкірек, бұғанаасты және жалпы ұйқы артериялар. Құстардың алдыңғы аяқтарынан басқа бүкіл организмі арқа аортасынан шығатын қан тамырларымен артериялдық қанмен байланысады, олар аортаның оң доғасына (бауыр, бүйрек және т.т.)Тұлғаның алдыңғы бөлімінен венозды қан әрқайсысы яремді (бұғалық), бұғанаасты және көкірек веналарынан қалыптасатын оң және сол жоғарғы қуыс веналары арқылы оң құлақшаға құйылады. Оң құлақшаға, сол сияқты, ең ірі венозды тамыр (артқы қуыс вена) келеді. Оған дененің артқы бөліміндегі барлық басқа веналар (өкпе веналарынан басқалары) келіп қосылады. Құстарда тек осыларға ғана тән құйымшақ – шажырқай венасы болады, ол рептилиялардағы құрсақ венасын алмастырады және бауыр қақпа венасына келеді, оған қарын және ішектен қан таситын бірнеше тамыр қосылады. Бауырда барлық омыртқалылардағыдай, қақпа жүйесі түзіледі. Бауырдан бауыр веналары шығып, артқы қуыс венасына келіп құйылады. Құстарда бүйрек қақпа жүйесі біртіндеп редукцияға ұшырайды және тек бұл органның төменгі бөлімінде ғана сақталады. Өкпе веналары өкпеден шығып сол құлақшаға барып, одан сол қарыншаға оттегіне қаныққан қан апарады. Құстарға салыстырмалы түрде үлкен жүрек тән. Тез ұшатын және белсенді тіршілік ететін түрлердің жүрегі дене массасының 2%-н құрайды. Жүректің мөлшері салыстырмалы түрде майда түрлерде үлкендеу. Құстар үшін жүректің қарқынды қызметі, әсірісе майда түрлеріне тән. Егер жүрек лүпілі тыныштық кезінде минутына 60 рет соқса, ал ұшуда ол 100-ға дейін көтеріледі. Басқа көрсеткіштер: қан мөлшері, эритроциттер саны, оттегі сиымдылығы сүтқоректілердегідей, бірақ рептилияларға қарағанда біршама жоғары.

4.Сүтқоректілер немесе аңдар класы - Омыртқалы жануарларға жатады: балық, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер. Олардың қанайналым жүйесін қарастырмастан бұрын, вена, артерия, капилляр(тамырлар түрлері), жүрек бөліктері мен салқынқанды, жылықанды не екенің түсіндіру керек. Көмірқышқыл газына байыққан қан вена қаны деп аталады, ал осы қанды өткізетін тамырды вена тамыры немесе көктамыр дейді. Оттегіне бай қанды артерия қаны деп, ал осы қанды өткізетін тамырды артерия немесе салатамыр дейді. Салатамыр мен көктамырды байланыстыратын ұсақ тамырлар капилярлар немесе қылтамырлар деп аталады. Жануарлар салқынқанды және жылықанды деп бөлінеді. Дене температурасы тұрақсыз ауа райына тәуелді болатын жануарлар салқынқанды деп аталынады. Ал дене температурасы тұрақты, қоршаған ортаның температурасына тәуелді емес жануарлар жылықанды болады.

Салқынқанды жануарлар: балық, қосмекенділер, жорғалаушылар. Жылықанды жануарлар: құстар, сүтқоректілер. Жүрек бөлімдері (қуыстар): қарынша, құлақша. Балықтар: жүрегі екі қуысты, бір қарынша және бір құлақша. Қосмекенділер: Жүрегі үш қуысты, екі құлақша бір қарынша. Жорғалаушылар: екі құлақша, бір қарынша (қарыншада жартылай перде бар). Құстар мен сүтқоректілерде: екі қарынша екі құлақша (төрт бөлімді)

Қанайналым шеңбері: үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Қанды жүректен бүкіл денеге тарататын артерия қантамырлары мен денеден жүрекке оралатын вена қан тамырын үлкен қанайналым шеңбері деп атайды. Қанның өкпе мен теріге баратын, одан жүрекке қайта келетін тармағы - кіші қан айналым шеңбері деп атайды.

1.Толықтыр.

2.Сәйкестендіру

3.«Сандар сыры»

  1. Тесттік тапсырмалар.

Оқушылар осы қамтылған бөлім бойынша тест құрастырады.

Аты – жөні:________________________________________________

Күні:_____________________________________________________

Сыныбы:__________________________________________________

Сабақ бөлімі:______________________________________________

Құрастырылған тесттері.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Глоссариймен толықтырады.

Қан — сұйық дәнекер ұлпасынан түзілген және плазма мен қан жасушалардан тұратын ағзаның ішкі ортасы.

Қанайналым — ағзаның тіршілікке маңызды қызметтерін қамтамасыз ететін, тұйық жүрек-қан тамыр жүйесі бойымен қанның үздіксіз қозғалысы.

Салатамырлар — жүректен шығатын тамырлар, олардың бойымен қан жүректен мүшелерге қарай ағады.

Көктамырлар — жүрекке баратын тамырлар, олар қанды мүшелерден жүрекке қарай тасымалдайды.

Салатамыр қаны — оттегіге қаныққан қан.

Көктамыр қаны — көмірқышқыл газына қаныққан қан.

Салатамырлық қысым — қанның салатамыр қабырғаларына түсіретін қысымы.














































Сыныбы

Оқушылар

I

II

III

IV

V













11 "Ә"

Али Бақдәулет

15

16

19

22

24














Алярбеков Асадбек

14

16

20

23

26














Есенбаева Гүлнұр

15

17

21

25

27














Уақыт Ермахан

10

12

17

21

28














Батыр Жасмин

12

13

19

23

25














Оңласын Әсем

10

11

20

16

24














Балабек Райхан

12

15

19

23

27














Бегімше Гүлназ

16

15

22

24

28














Тоқташ Перизат

17

19

22

25

29
































































































































































































































































































































































































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 шілде
739
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі