Материалдар / Мен ерекше баламын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен ерекше баламын

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге, тәрбиешіге қажет тренинг, сыныптан тыс сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2021
996
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Мен ерекше баламын

Мақсаты: Өздерін тануға, өз ерекшеліктерін білуге үйрету.

Міндеттері: - балалардың өзіндік «Менін» ұғындыру, түсіндіру;

- өздерін тануға, өз ерекшеліктерін білуге үйрету ;

- өз бастарын сыйлап, бағалай білуге тәрбиелеу.

- балалардың бойындағы өзіне деген сенімсіздік қасиеттерін түзете- дамыту



Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушы кезең


Шаттық шеңбері:

Амансың ба алтын күн,

Амансың ба жер ана.

Амансың ба достарым,

Сендерді көрсем қуанам.


Балалар шеңбер бойына жиналады, іс- әрекетпен көрсетеді


Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең





















































Негізгі кезең- ой қозғау





















































































































Қорытындылау- түйіндеу кезеңі


Қ. Ыдырысовтың «Келші, келші, балашым» өлеңін тыңдап, айту


Айым болып тудың ба? 

Күнім болып тудың ба? 

Әке жолын қудың ба? 

Ата жолын қудың ба? 

Бұл дүниеге келген соң, 

Сұрауы бар судың да..

 

Қуанышым, арай жүз 

Сөйлесерміз талай біз 

Бар ағайын жиналып, 

Мәз боп саған қараймыз 


Әңгімелесу.

Балаларға сұрақтар қою:

- Өлеңді тыңдап отырғанда қандай сезімде болдыңдар?

- Біздер бір-бірімізге ұқсаймыз ба?


Балалардың ойларын түйіндеу

- Барлығымыз да бір-бірімізге ұқсаспыз. Бірақ бізді бір –бірімізден ажыратып тұрған, ол біздің жеке ерекшеліктеріміз, бойымыздағы қасиеттер екен. Әрбір адам өзінің қызығушылығын, кім екендігін, өз орнын білуі керек. Бүгін кішкентай болсақ, ертең үлкен азамат боламыз. Ал үлкен азамат болу үшін бүгінгі күннен бастап ақылды, әдепті, алғыр, батыл, шыншыл, табанды, еңбекқор болуымыз қажет. Бұл қасиеттер сендердің әрқайсыңның бойларыңнан табылады. Осы бойымыздағы бар қасиетті шыңдай білетін болсақ, біз жақсы азамат боламыз.

Ойын: «Өзімізді мақтайық»

Ойынның шарты: Балалар орындарында отырып, қолдарына айна ұстап өздеріне ұнайтын өз бойларындағы жақсы қасиеттерін айтып, өзін мақтайды.

(тәрбиеші бірінші өзі өзін мақтап, балаларға ойын шарттарын көрсеетеді)

Ойынды қорытындылау:

- Балалар, сендердің өз бойларыңдағы қасиеттеріңді білетіндіктеріңе өте қуаныштымын. Әрбір адам қайталанбайтын дара тұлға. Әрқашан осымен ерекшеленіп тұрасыңдар. Сондықтан өз ерекшеліктеріңді біліп, өзгелердің де ерекшеліктерін сыйлап жүріңдер.

- Ал адам өз ерекшелігіне тым мақтанып, масаттанып кетсе не болады деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар, өзімшіл, менмен болмау керек. Менмендік бойын жайлаған адам тек өзіне ғана көңіл аударады. Осындай жаман қасиеттен сақ болайық.


«Сынық құмыра» әңгімесін видеодан көрсету

Бір қарт адам екі ұшына құмыра ілінген жуан таяқты мойнына асып, бұлақтан үйіне су тасиды екен. Бұл құмыралардың бірінің жанында жарықшақ бар екен. Үйге жеткенше судың жартысы тамшылаумен азайып қалады екен. Ал екінші құмыра бүтін кемшіліксіз болыпты.


Қария үйіне жеткенде бір жарым құмыра су қалады екен. Бүтін құмыра өз міндетін таза орындаған үшін қатты тәкаппарланытын көрінеді, ал жарық құмыра болса қатты ұялып өкінеді екен.Екі жыл өткен соң бір күн тесік құмыра, қарияға былай депті:


- Қатты ыңғайсызданып жүрмін. Бүйірімдегі жарықшақтың кесірінен тасыған судың жартысы үйге жеткенше босқа төгіліп жатыр. Сонда қария күлімсіреп құмыраға былай депті:


- Сен ештеңені байқамадың ба? Сен жақтағы жолдың тұсы гүлдерге толы. Ал екінші құмыраның тұсында ешқандай гүл жоқ. Мен о бастан сенің бүйіріңдегі жарықты біліп, сол тарапқа гүлдің тұқымын еккен болатынмын және күнде мен су тасығанда сен ол гүлдерді суарып өтесің. Екі жыл болды сол әдемі гүлдерді жинап үйімді сәндеп жүрмін. Егер де сенің сол тесігің болмағанда, үйімді осыншама көркейтіп, гүлдендіре  алмас едім...

- Балалар бұ видеоны көріп не түсіндік?


Иә, бұл мысалдан дені сау адамның кемтер жанға күлмеуі және кемтар жанның мен мүгедекпін деп салы суға кетпей, еңбек етсе, болашағы айқын болатыны белгілі. Сонымен қатар «Сұлулық жүректе» блатынын ешқашан ұмытпайық. Егер сен мейірімді, қамқор, жақсы адам болсаң, сен ең сұлу, әрі ерекше адамсың.



«Ғажайып сөздер» ойыны

-Балалар тақтаға назар аударыйық. Қандай сөйлемдер жазылып тұр, оқып жіберейік.

-Жарайсыңдар!

-Енді балаллар, осы сөздерге қолдарыңа берілген жапсырма қағаздарды, өздерің қалаған сөздерге жапсырып шығамыз.

- Мен жақсы баламын;

- Мен ерекше баламын;

- Мен өзімді жақсы көремін;

- Менің қолымнан бәрі келеді.

(тәрбиеші балаларды мақтап, мадақтайды)




Балалар өлеңді шеңберде тұрып айтады.












Балалар сұрақтарға өз сөздерімен жауап береді.













Балалар қолдарына айна алып, айнаға қарап өздерін мақтайды. Бір- біріне қол соғып қолдау көрсетеді.








Балалар сұраққа жауап береді.









Балалар өздерінің қолдарын жапсырма қағаздарын өздері қалаған сөйлемге жапсырады.





Балалар видео көреді













Балалардың жауаптары тыңдалады.

Рефлексивті-түзетуші кезең

Жүректен жүрекке. 

  • Балалар келіңдер шеңберге тұрайық. Бір- бірімізге жүрегімізден шыққан ең жақсы, ең жылы сөздерімізді айтайықшы.

(тәрбиеші балалардың қолдарына гүл береді, өзі жанында тұрған балаға тілек айтады)

-Балалар, қараңдаршы менің қолымда бір ғана гүл еді. Қазір өкп гүлім бар. Бұл жерден біз не түсіндік? Яғни, біреуге жақсы сөз айтсаң, жақсы іс жасасаң өзіңе еселеніп қайтады екен.

Сондықтан үнемі ерекше болып, әдепті болып, бақытты болып жүрейік.



Балалар шеңберге тұрып, қолдарына гүл алып, бір- бірлеріне тілектерін айтып, гүлдерін ұсынады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: ғажайып сөздерді естеріне жақсы сақтай білуі керек.

Болуы керек: әр бала өз бойларындағы ерекшеліктерге сай болуы керек.

Жасай білуі: шаттық шеңберін қимылмен жасай білуі керек.

Есік қаласының облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп- интернаты













Shape1

«Мен ерекше баламын»

Ашық тәрбие сағаты





Тәрбиеші: Мусақожава А



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!