жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мен ғажаппын
Бекітемін: ____________________
№24 «Жауқазын» бөбекжай – балабақшасының
меңгерушісі: Ж.Туменбаева
«Мен ғажаппын»
Психолог: Қанатова Н
2018-2019 жыл
Мақсаты: Педагогтардың эмоцияналды және көңіл-күйлерін көтеруге,кәсіби жанудың алдын алу,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Тренинг ережесі:
-
Тыңдай білу
-
Ойымызды анық айтамыз;
-
Белсенді қатысу
-
Бір-бірімізді тыңдаймыз;
-
Күлімсіреу
-
Уақытқа бағыну
Міндеттері:
адамның өзінің ішкі жан дүниесіне үңіле білуге жағдай жасау, өзін-өзі түсінуге көмектесуі;
өзінің тұлғалық қырларымен өзгелерді таныстыруға мүмкіндік беру;
өзінің және басқалардың жеке бас сапаларының қалыптасуына ықпал ету.
-
« Бір-бірімізбен амандасайық»
Мақсаты бір –біріне жақын болуға, бір-бірін түсіне білуге, тренингке қатысушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру.
І нұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен құшақтасып амандасамыз.
ІІ нұсқа: арқаларыңызды тигізу арқылы
ІІІ нұсқа: оң және сол жақ тізелеріңізді тигізу арқылы
ІV нұсқа: мұрындарыңызды тигізу арқылы
2 – жаттығу. «Өз есіміңді айт»
Шеңбер көлемінде отырып, өз есімін және өз есімінің бас әріптен басталатын жағымды қасиетін айтуы қажет. Жаттығу аяқталғаннан соң талқылау жұмысы жүргізіледі: - өз жеке бас қасиеттерің ұнайды ма? - Қандай сезімде болдың? - - Жағымды қасиет табу қиынға соққан жоқ па?
3.«Сурет салайық» жаттығуы
Жүргізуші: «Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз. Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып салыңыз. Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?» Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол тренинг барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған
4. «Көңілді музыка» ойыны
Мақсаты: бойдағы шаршаудан, стресстен арылу.
Шарты: шеңбер бойымен тұрып, бір - бірінің иықтарына қолдарын қояды. Музыканың ырғағымен шеңберді айнала отырып билеп, иыққа ақырын саусақ қимылдарымен массаж жасайды. Ойын кері қайталанып отырады.
Жүргізуші: Рахмет, бұл біздің сергіту жаттығуымыз болатын. Тренингіміздің келесі бөліміне өтеміз.
5- жаттығу. «Комплимент»
Бұл жаттығуда топ екіге бөлінеді. Екі топ (ішкі және сыртқы шеңбер) құрып, бір-біріне қарама-қарсы тұруы тиіс. Ішкі шеңберде тұрған қатысушы: «маған сенің ... ұнайды» деп сыртқы шеңберде тұрған қарсыласына айтуы тиіс. Сыртқы топтағы қатысушы оған «иә, мен шындығында да сондаймын...» деп жауап қайтаруы тиіс. Бұдан соң қатысушылар ролдермен ауысады. Жүргізуші айтылған нәрсенің бәрі шын көңілден болғанын ескертуі тиіс. Аяқталған соң рефлексиялық жұмыстар жүргізіледі:
Қандай сезімде болдыңыздар?
Не қиындық келтірді?
Жақсы сөзге жақсы сөзбен жауап қайтарған қиын ба?
Комплимент айтқан жақсы ма, жоқ естіген жақсы ма?
Релаксация.
-Баяу музыка ойнап түрады.
- Көзімізді жұмамыз.Денемізді бос ұстаймыз.
- Кең демалыңыз. Ақырын деміңізді шығарыңыз.
-Елестетіңіз. Сіз орман ішінде келе жатырсыз.
-Әдемі әсем құстардың даусы сіздің құлағыңызға жағып барады, құстардың даусы сіздің құлағыңызға жағып барады.
-Құстардың әні, сылдыраған судың даусы естіледі.
- Шыққан судың даусына қарай бет бұрдыңыз,
-Алдыңызда биік таудан ағып жатқан мөлдір бұлақты көрдіңіз.
-Күннің нұры суға түсіп, жылтырап ағып тұр.
-Қасына барып алақандарыңызға су толтырып іше бастадыңыздар.
- Қандай тамаша! Ішкен судан рахат алдыңыз.
-Су сізге күш қуат беріп, денеңізге мейірімділікті таратты.
-Енді бұлақтың астына барып тұрдығыз.
-Су бүкіл денеңізді тазартып, сіздің бойыңыздағы өкпе ренішті жаман ойларды уайымды жуып шығарды.
- Бұлақтың таза мөлдір суы сізді өмірге деген жақсы көзқараспен бойыңызға күш қуат сыйлады.
-Сіздің көңіліңіз көңілді, қуанышты, жаңа идеяларға толы.
-Сіз осы өмірдегі ең бақытты, байсалды, білімді, құрметті адамсыз.
- Көзімізді жәймен ашамыз.
Рефлекция.
“Мен –ғажаппын!”Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн.Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс. Олай болса ХХІ ғасырдың жаңашыл, шығармашылықтарыңыз толағай табыстарға толы, шебер маман иесі болуларыңызға тілектеспін.Барлықтарыңызға үлкен рахмет.
10 – жаттығу. «Біз қандаймыз»
Топ мүшелері шеңберге отырғызылып, бір парақ қағаздан таратылып беріледі. Қатысушылар парақтың бас жағына өз есімдерін жазып, парақты тігінен екі бөлікке бөлулері тиіс. Сол жақ бөлікті «+», оң жақ бөлікті «-» таңбасымен белгілейді. «+» таңбасының астына жақсы көретін түсін, жыл мезгілін, жеміс-жидегін, кітабын яғни, өзіне ұнайтын нәрселерді тіркейді де, «-» таңбасының астына өзіне ұнамайтын нәрселерді тіркеп жазады.
Кеңес беруші басқа топ мүшелерімен бірге тапсырмаларды орындауы қажет. Тапсырма оындалып біткен соң, талқылау жұмыстары жүргізіледі.
11 – жаттығу. «Оңай жолдар тығырыққа тірейді?»
Аталмыш жаттығуды қорытындылау мақсатында жүргізуге болады. Топ мүшелерінің бір-бірін анықтау жиілігін білуге қолайлы жаттығу болып табылады.
Жұмыс барысына 10 минут беріледі. Қатысушыларға жауап бланкі таратылып беріледі. Топ мүшелері әрбір қатысушының өзі туралы айтқан ақпараттарын қайта жаңғыртып жазулары қажет.
Жауап-бланкі:
№
Қатысушының тренингтік есімі
Өзі туралы ақпараты
Менің ол туралы ақпаратым, ойым
12-жаттығу. «Күн нұрындағы менің суретім»
«Қағаздың дәл ортасына күн шеңберін сызып шығыңыз.Күннің ортасына өз есіміңізді жазыңыз немесе өз суретіңізді салыңыз. Күннің нұрларының орнына өзіңіздің бойыңыздағы жақсы қасиеттеріңізді жазып шығарыңыздар. Күн нұрларының көп болғаны өзіңізге жақсы. Бұл: неліктен мен құрметтеуге лайықпын? сұрағының дәлме-дәл жауабы.»
13-жаттығу. «Өзіме хат»
Бұл тренингтің негізгі кезеңіндегі ең соңғы жаттығу болғандықтан мақсаты барлық жасалған жұмыстардың қорытындысын жасау. Басқаша айтсақ, бұл тренингтен мен не алдым, өзім жайлы не айта аламын, қандай ой-түйіндер жасадым сияқты мәселелерге тоқталу. Жұмыс әр адамның өзіне хат жазуы формасында ұйымдастырылады. Жазылғандарды кіші топтарда оқуға да болады. Әрине ол әр адамның өз қалаулары бойынша жасалады.
5. «Ата –ана болуды үйренеміз» жағдайаттан шығу
1. Сіз кешке балабақшадан балаңызды алуға келдіңіз, балаңыздың көзі көгерген сіздің әрекетіңіз?
2. Сіздің балаңыз балабақшадан кеш қалып қойды, тәрбиешіңіз балаңызды қабылдамай қойды тастайтын жеріңіз жоқ, сіздің әрекетіңіз?
3. Балаңыз балабақшаға барудан бас тартты себебін сұрадыңыз: барғым келмейді, әдетінше қөзінен жас моншақтап аға бастады сіздің әрекетіңіз?
4. Сіз балабақшадан балаңызды алып келе жаттыңыз: алдыңызда бір дүкен тұр, балаңыз жылап дүкенге кіремін деді сіздің қалтаңызда ақшаңыз жоқ сіздің әрекетіңіз?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген