Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мен ғарышкер боламын
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алматы облысы,Талдықорған қаласы Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оралқызы Береке
Сынып сағатының тақырыбы: Мен ғарышкер боламын
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтті тақта, зымыран суреті, үн таспа.
Сабақтың
максаты: Балаларға Ғарыш және
ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту.
Сыйластыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-
тәсілдері: жұмбақ шешу,
тақпақтар, ойын,
сұрақтар.
Шаттық
шеңбер:
Күлімде,күн
күлімде,
Жер жасарып
көгерсін.
Кешегідей бүгін
де
Қанат қақсын
көгершін.
Күлімде күн,
күлімде,
Жайнай түсті күнім
де.
Жарқыраған
жұлдыздай,
Жарық-жарық еткен
түнімде.
Тәрбиеші: -Міне менің қолым, жылуыма жылу
қос!
-Балалар жүрек жылуын сезіндіңдер
ме?
-Ия
-Ендеше орындарыңа
жайғасыңдар
-Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай
бар?
-Кім маған айлардың атын атап
береді
-Қазір көктем мезгілінің қай
айы?
-Балалар, бүгін бізде айналамен таныстыру оқу
іс-әрекеті
болады.
-Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым
келіп тұр.
Жерде болса
тұрағым.
Марсқа ұшып
тұрамын.
Ғарышкер
-Дұрыс
айтасыңдар
- Балалар, он екінші сәуір ғарышкерлер
күні.
-Айға ұшып, айға сапар шеккендерді
ғарышкерлер деп
айтамыз.
Зымыранмен ғарышкерлер ғарышқа ұшады. Олар
ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Зымырандар ұшатын
орынды ғарыш айлағы деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарышқа ұшатын
Байқоңыр ғарыш айлағы бар. Байқоңыр өзіміздің Қызылорда обылысында
орналасқан. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады. Ең алғаш
1961 жылы 12 сәуірде ғарышқа ұшқан Ресей азаматы Ю.А.Гагарин болды.
Ю.А.Гагарин бұрын ең бірінші ит Белка Стрелка
ұшырылған.
-Ал, Қазақстаннан ең алғашқы ғарышқа ұшқан
кімдерді білесіңдер?
-Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер
–Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мусабаев.
Олар ғарышқа
ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл кісілер біздің
еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы
кісілер сияқты батыл, ер жүрек болу үшін білімді, тәртіпті үлкен
азамат болуымыз керек.
Ғарышкерлер
ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім
алады. Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жақта қатты суық,
күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады. сондықтан осылардың сақтану
үшін ғарышкерлер «скафандр» деп аталатын арнайы киім киеді.
Скафандрдың арқасында ауа толтырылған балоны, жермен және өзара
байланысқа арналған байланыс құралдары
болады.
Сергіту сәті:
Табиғат неткен
көрікті,
Жапырақтай
жайқалып
Гулдей жайнап
өсеміз.
Бір отырып,бір тұрып
,
Билеп –билеп
аламыз.
Слайд: «Ғарыш
әлемі»
Д/о: «Ғарышқа
ұшу»
1-оқушы: Қанат берді
еліміз,
Ұлы Отанның ері
біз,
Марсқа
дабарамыз
Ұшамыз біз айға
да
Біз ғарышкер
боламыз.
2-оқушы:
Апта түгіл ай
өтті,
Ол ғарышқа
ұшқалы.
Сонша неткен
сай,епті,
Сонша неткен
күшті әрі.
Еш адамға
жолықпас,
Гүлге толмас
қушағы.
Сонда да бір
жалықпас,
Күні- түні
ұшады.
Тәрбиеші:
-Олай болса
балалар ғарышқа ұшатын адамды кім
дейміз?
-Балалар ғарышқа не
үшін
ұшады?
-Иә, аспан әлемін планетаны, жұлдыздарды
зерттеу үшін ұшады.
-Аспанда нелер
болады , балалар?
-Күн, ай ,
жұлдыз, бұлттар болады?
-Дұрыс
айтасыңдар, қалай ойлайсыңдар, ғарышқа қандай
көлікпен ұщады?
-Ғарышқа зымыранмен
ұшады.
-Ал зымыран бізге не үшін
қажет?
- Зымыранмен кімдер
ұшады?
- Зымырандар ұшатын орынды
не деп
атаймыз?
-Кейіннен ғарышқа кім ұшты?
-Айдын Айымбетов біздің жерлесіміз.
Мұғалім:
Тоқтар ұшты
ғарышқа,
Талғат болды
ғарышта.
Таңғалдырып
қазағым,
Тағы ұшса ғой Марсқа. – дегендей ғарышқа
ұшқанның соңғысы Юрий Гагарин емес, одан кейін 30 жыл өткен соң
1991 жылы қазан айының 2 – сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар
Әубәкіров ғарыш төріне
самғады.
Ал екінші рет Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994
жылы барып қайтты. Одан кейін 1998 және 2001 жылдары 2 рет барып,
зерттеу жұмыстарымен айналысты.
Кейіннен ғарышқа Айдын Айымбетов біздің
жерлесіміз ұшқан.
Ғарыш әлемі» тақырыбына сурет
салу.
- Балалар сендер болашақта кім болуды
армандайсыңдар.
- Жалпы адам баласы армандаған
дұрыс.
- Өйткені ертеме кешпе оның орындалатына сену
керек.
- Олай болса ғарышкер ағаларымызға өз
арманымызды жазып
жіберейік.
- Барлығымыз мына қағаздарға жазып тақтадағы
құстың бейнесіне ілеміз.
Сонымен балалар армандарың орындалсың деп
бүгінгі тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.
Жас маманға көмек – заман
талабы.
Мақсаты:Жас мамандарға кәсіптік
шеберлігін,оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы
ізденістерін,әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі
білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын
жетілдіру. Жас маманға өзін – өзі тәрбиелеуге,
бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
Жаңа технологияны үйренуге, меңгеруге баулу. Жас мамандардың
мотивациясын арттыру.
Міндеті:
1.Жас маманға өз әрекетінің мәнін ашып, ойды дамытуға мүмкіндік туғызу.
2.Іскерлік қарым – қатынас ерекшеліктерімен таныстыру.
3.Жаңа технологияның оңтайлы әдістерін қолдана білуге үйрету.
4.Жас маман өз іс әрекет нәтижесін жобалай білу тәсілдерін меңгеру.
Әдісі: іскерлік ойын, миға шабуыл, топтық шешім қабылдау, тренинг, жеке кеңес беру.
Семинар соңынан жас мамандар білуге тиіс: жаңа технологиялармен танысады; қазіргі кезеңдегі жаңа технологиялармен жұмыс жасауға бағыт – бағдар алады; оқытудың мақсатын айқындай алады, оңтайлы әдістерін меңгереді; жаңа іскерлік қарым – қатынас құра біледі.
Күтілетін нәтиже: жас маманның жаңаша ойлау қабілеті қалыптасады, зерттеумен айналысады, іс – әрекет нәтижесін жобалай білуі қалыптасады.
Тренинг барысы.
І.Психологиялық дайындық.
1) «Жылылық» (бір-бірінің алақандарын алақандарына қойып, жақсы тілек тілейді).
Бір – біріңнің алақандарыңды алақандарыңа қойғанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, тренингімізді мейірім, жылылық, сәттікпен өткізейік. (Жылы лебіз тіліктер айтылады).
ІІ.Тапсырмалар:
1.Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда деген сөзді қалай түсінесің? (өз ойларын айту)
Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда.
Әркім өз білімдерін, дағдыларын,іскерліктерін өз бетімен дербес жетілдіре алады. Адамның қабілетінің дамуына еңбексүйгіштік, табандылық, өжеттілік, шыдамдылық, ынталылық, өзін – өзі билей алушылық көмектеседі. Адам қабілетінің дамуына таланттың ашылуына оның білімінің шалағайлығы, жұмыс дағдысының болмауы, жалқаулық, еріншектік кедергі келтіреді. Адамның өз бойындағы талантты ашуға ең алдымен көп ізденуі, көп оқуы, білімді болуы және уақытты нәтижелі пайдалана білуі көмектеседі. Талантты ашудың бірден – бір жолы – білімділік, ізденімпаздылық. Алайда, адамдардың өздері қолданып, іске асыра алатын бақылау әдісін алуға болады. Адам басқалардың мінез – құлқын, жұмыс нәтижелерін талдап, өз мінез – құлқын, жұмыс нәтижелерін және жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін білуге болады. Үнемі ақпараттарға шолу жасау, өзара сабақтарға қатысу да өз жемісін береді.
2.Тренинг «Жаңа технология дегеніміз не?»
(Білетін ойларымен бөліседі)
Слайд технологиялар түрлері:
-дамыта оқыту;
-СТО;
-модульдік;
-ұжымдық;
-БиС;
-үш өлшемдік технологиясы, т.б.
Технология түрлері:
1.Сатылған тәртіптелген іс – әрекет жүйесі
2.Нақтылы мақсатқа негізделген болашақ үрдісінің жобасы
3.Мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы
4.Білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы
5.Көзделген нәтиженің орындалу кепілі
6.Жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс – әрекеттер жиынтығы
Өткізу әдісі: бірыңғай топтық жұмыс
1.Сызба бойынша (бір тақырып аясында) талдау, түсіндіріңіз.
Дамыта оқытуды жүзеге асыру бағыттары:
1)Деңгейлік тапсырмалар
-міндеті
-алгоритмдік
-эвристикалық
-шығармашылық
2)Ойын арқылы
-санамалықтар
-қаламақтар
-айтыс ойындары
3)Топтық жұмыстар
-бірыңғай
-сараланған
ІІІ.Дидактикалық дайындық – жалпы педагогикалық даярлықтың ең маңызды саласы. Ең алдымен мектеп мұғалімінің дидактикалық даярлық деген ұғым туралы таным түсінігін қалыптастыру керек. Мұғалімнің дидактикалық даярлығына оқытудың мотивтері мен оқытуға бағытталған мүмкіндіктер жатады. Нақты айтқанда, оқытуды ұйымдастыру қолданылатын әдіс – тәсілдерді жете біліп, оны қолданудың жолдарын меңгеруді дидактикалық даярлықтың белгілері деуге болады.
Мұғалімнің педагогикалық қызметі атқаруға қажет мынандай қабілеттері мен дағдылары болуы керек:
-оқыту үрдісін жоспарлай білуі;
-оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы;
-жүйелі түрде бақылау мен бағалау үрдісін жүргізіп отыруы.
Оқыту мынандай дидактикалық кезеңдерден тұрады:
-білімнің мақсаты мен қажеті түсіндіріледі, әрекетке бағыттайтын мотивтері қалыптастырылады;
-жаңа оқу материалдарын қабылдауға мүмкіншілік жасалады;
-білімді толық қабылдауы мен ғылыми ұғымдарды қалыптастыру басшылыққа алынады;
-білімді тәжірибе қолдануға қалыптасады;
-алған білімі бойынша таным түсінігін есепке алу, тексеру және бағалау үрдісін іске асырылады.
І.Әлемдік білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – білім саласындағы басты мақсаттардың бірі.
Сұрақ. Осы мақсатты орындауда пән мұғалімдеріне қаншалықты дәрежеде көмек береміз? Тәлімгерлер жас мамандардың сұранысын қанағаттандыра ма? Біз неден қиналамыз, нені меңгере алмай жүрміз? Енді осы сауалдарға жауап іздесек.
Сабаққа жақсы дайындалғанымен кейде қандай мұғалім болсын, тіпті тәжірибелі болса да, өтетін сабағында қандай жағдаяттар кез келерін алдын – ала біле бермейді. Сабақты жақсы көңіл – күймен, шабытпен шығармашылық ізденіспен мақсат қоя отырып жоспарланғанда ғана сабақ нәтижелі шығады.
Сұрақ. Қандай сабақтың құрылымдарын білесіздер?
Сабақ құрылымы:
1.Сабақтың тақырыбы
2.Сабақтың мақсаты (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік)
3.Сабақтың түрі
4.Сабақтың әдісі
5.Сабақтың көрнекілігі
6.Сабақтың типі
7.Сабақтың барысы
8.Сабақтың формасы
Сұрақ. Сабақтың сәттері, ондағы мұғалімнің атқаратын жұмысы, оқушының міндеті жайлы талқылаңыздар? (сұрақ төңірегіндегі ойлар)
№ |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
ІІ.Мұғалім оқыту үрдісін ұйымдастыруда оқытудың мотивін, мақсатын, мазмұнын, құралдарын, әдіс – тәсілдерін және қорытындысын жақсы меңгеруі және қолдануы керек. Қазіргі уақытты мұғалімге керекті нәрсе сабақтың түрін ажырата білу.
Сұрақ. Сабақтың түрлерін атаңыздар? (Пікір алмасу)
Сабақ түрлері:
1.Дәстүрлі. Дәстүрлі әдістегі мақсат – мұғалім түсіндіреді, сөйлейді, белсенді болады, ал оқушылар тыңдап, тапсырма орындайды.
Дәстүрлі сабақ кезеңдері:
-үй тапсырмасы;
-жаңа сабақ;
-оқушыны бағалау;
-үй тапсырмасы;
2.Дәстүрлі емес сабақ дегеніміз- қалыптан тыс сабақ. Түрлері: пікірсайыс, саяхат, ойын, концерт, сот, конференция, сахналық сабақ, баспасөз, дәріс, дебат, т.б. Оқытудың дәстүрлі емес әдісіне қойылатын мақсат- оқушының дағды мен білімге қолын жеткізу. Сабақтың бұл түрінде оқушының өзара белсенділігі артады. Бұнда мұғалім тек бағыттаушы.
Мұғалімнің ескеретін жағдайлары:
1.Сабақта берілетін тапсырманы оқушылардың қабілетіне қарай таңдау.
2.Тапсырманы орындауға қажетті материалдық ресурстардың қаншалықты жетімділігін ескеру.
3.Егер топқа бөлу керек болса оның құрамын анықтау.
4.Берілген тапсырманы орындау кезінде оқушыға қиындық келтіретін мәселелерді анықтау.
5.Бағалау әдісін таңдау.
ІІІ.Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе – сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар. Сол әдісті технологиядан ажырата білуіміз керек.
Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс – әрекеті, тәсілі. Технология дегеніміз- көптеген әдістердің жиынтығы. Мысалы, көз алдымызға үлкен бір құрылысты елестетіп көрейік. Сол құрылысты салу үшін көптеген кірпіш керек. Кірпіштерді дұрыс қаламаса, ол құлап қалуы мүмкін. Ол үшін білгір басқаруы керек. Міне, біздің технологиямыз да осы іспеттес. Мұғалім – басқарушы ретінде әдістерді тиімді пайдалана білмесе, оның технологияны түсінбегені. Ондай мұғалім мақсатына жетпейді.
Сұрақ. Сабақтың қандай әдістерін білесіздер, қандай түрлерін қолданып жүрсіздер?
Сабақтың формалары: -
-Зертханалық сабақ
-Сарамандық сабақ
Ал, сабақ барысында жоғарыда көрсетілген сабақтың сәттерін негізге алуға болады. «Тамызығын тапса, қар да жанады» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Қысқасы, мұғалім әр түрлі жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып, сабақтың өн бойында негізгі мақсатты, оның түйінін естен шығармай әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда ғана өз мақсатына жетеді.
Сұрақ. Жаңа технология қажет пе?
Жаңаша оқыту технологиясы негізінде өз бетімен ойлап алатын, білім мен қабілетін қолдана білетін адамды табу қажет. Жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашып, әрбір оқушының бейімділігіне, қабілетіне қарай саралап, деңгейлеп отыруды өз тәжірибемізге қолданып, оқушыны өзіне – өзі сенімді етіп тәрбилеу мұғалімнің қолында дегім келеді.
Семинар соңында кері байланыс парағын ұсыну.
Жалпы қорытынды: Әрбір жас мұғалімнің жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі күннің талабы болса мектептегі басты тұлға – мұғалім. Ы.Алтынсарин сөзімен айтсақ, «Мұғалім- мектептің жүрегі».
Семинар соңында кері байланыс парығын ұсыну.
Кері байланыс парағы
Аты – жөнің__________________________________________________________________________
Семинар тақырыбы____________________________________________________________________
Семинар өзектілігі_____________________________________________________________________
Не үйрендің__________________________________________________________________________
Пікірің______________________________________________________________________________
Ұсынысың ____________________