Тақырыбы: «Мен және
ата-анам» (10-16 жас аралығы
балаларға)
Мақсаты: ата-ана мен бала арасында
өзара түсіністікті тудыруға жағдай жасау.
Міндеттері:
-
Ата-ана мен бала арасындағы
кикілжіңді сұрақтарды анықтау;
-
Кикілжіңді жағдайларды
балаларға ата-ана кейпінде талқылату;
-
Кикілжіңді жағдайларда өзара
түсіністікке келуді дамыту;
-
Ортақ шешімге келуді
дағдыландыру;
Көрнекіліктері: теледидар, жұмсақ
ойыншық.
Сабақтың өту
барысы:
1. Сәлемдесу. «Ыстық картоп»
ойыны арқылы топ балаларын бір-бірімен таныстыру. Ойын барысында
қатысушылар бір-біріне жұмсақ ойыншықты беру арқылы есімдерін айтып
шеңбер бойымен танысып шығады, барлық қатысушы есімдерін айтып
болған соң жұмсақ ойыншықты естеріңде сақтап қалған ойыншыға
лақтыру арқылы ойын жалғасын табады.
2. Ситуациялық
жағдайлар.
Маған анам үнемі сен
жалқаусың,бөлме шашылып жатады,қолыннан түк келмейді деп үнемі
айтады.Ал, менің ойымша менде бәрі дұрыс, анам тек маған тисетін
қара таппай жүреді деп ойлаймын.
Әкем болса маған үнемі
компьютер алдында уақыт өткізесің деп мазамды алады.Менің спортпен
шұғылданбайтынымды үнемі бетіме басып отырады. Сенің орнында болсаң
спорт мектебіңе түсетін едім деп миымды жейді.Ал, менің ойымша
спорт мектебіне түсу уақытты зая кетіру деп
ойлаймын.
Менің ата-анама менің достарым
мүлдем ұнамайды. Олардың ойынша олардың бәрі құр жүрген қуыс
көкіректер.Олар ата-аналарына көмектеспейді деп үнемі айтып
отырады. Ал,менің ойымша олар өте жақсы балалар,жақсы
достар.
3. Ата-аналарға қатысты
ой-пікірлерін қағаз бетіне түсіру.
Жаймен жағымды әуезді әуен
қойылады.Қағаздан қиылған жапырақ формалы қима қағаздар таратылып
беріледі.Әрбір қатысушыға бір минут ішінде ойлануға уақыт беріледі,
тыныштық күйде ойлана отырып ата-аналарына деген шағымдарын қағаз
бетіне түсіру керек.Егер қағаз бетіне түсіру қиындық туғызса
,ата-аналарымен соңгы рет болған кикілжіңді жағдайды есіңе түсіру.
Қатысушылар жазып болған соң, қима қағаздарды магниттік тақтаға
магнит көмегімен бекітіп шығады.( магниттік тақтаға талдың суретін
салып қою)
4. Ата-аналар тарапынан
қойылған талаптарды талқылау.
- неге ата-ана тыйым
салады?
- ата-аналарын қойған
тыйымдарды,өз балаларына рұқсат етесіңдер ме?
Неге?
- сені ұзақ уақыт бойы
компьютер алдына отырғызбау, қараңғы түскенше далада жүруіне тыйым
салу,және т.б.б дұрыс па? Сен осы айтылған тыйымдарға қаншалықты
ренжисің?
5. Орын алған кикілжіңді
жағдайларды шешу.
Қатысушылардың біріне немесе
екеуара біріне ситуациялық оқиға беріледі.
Мен өз-өзімді жеккөремін.
Менің достарым жоқ,мүлдем. Мектептеде араласатын достарым жоқ.
Мектептің бітіруші түлегімін, жасым 17-де. Осы уақыт ішінде бірде
бір дос таппадым. Мен тұйықпын және көп қарым-қатынасқа түсе
бермеймин. Көп сөйлескенді қатты ұнатпаймын, бірақ екі құрбым бар
мен жанымнан әрдайым табылатын. Сол екеуінен басқа ешқандай артық
адамды қаламаймын. Бірақ бір өкініштісі, үшеуміз үш мектепте
оқимыз, олар жоқ кезде мен мүлдем жалғызбын. Сыныптастарыма қызығып
та,қызғана қараймын.Олар бірге қыдырады, бірге сырласады,
бір-біріне қолдау көрсетіп,әрдайым бірге жүреді.Ал, мен сол
жалғыз,жалғыз,жалғыз......... Әрине, түсінемін осы жолды өзім
таңдадым.Бірақ сондада бірдеме маған үнемі жетіспей
тұрады.